Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Екі әтеш туралы мысал

Екі әтеш туралы мысал

Екі әтеш туралы мысал

Аулада бір қора тауық, бір әтеш қыт-қыттап, өз тіршіліктерімен әбігер болып жүріпті. Түс ауа сырт жақтан бір әтеш қораға кіріп келіп, іштегі әтешке: «Мына мекиендер енді менің меншігім, сен қараңды батыр!» дейді. Екеуі бірін-бірі бас салып, таласа бастапты. Екеуі қатты таласыпты. Сырттан келкен әтеш жеңіп, жеңілген әтеш қашып отынның арасына кіріп кетіпті. Оның артынан тауықтар да отынның арасына кіріп кетіпті. Бәрі менен қорқып кетті деп ойлаған жеңімпаз әтеш, қоқиланып, отынның үстіне секіріп шығып:

«Қорықпаңдар, достарым,

Тасаланбай шығыңдар.

Нағыз ерді көріңдер,

Айтқанымды ұғыңдар.

Бұдан былай табжылмай,

Осы аулада тұрамын.

Кім ұқпаса сөзімді,

Соның басын жұламын.

Мен даңқты батырмын,

Жеңіп келе жатырмын...» деп озандата шырқай жөнеліпті.

Осы кезде аспаннан бір бүркіт келіп, жеңімпаз әтешті іле жөнеліпті. Бүркіт пен жеңімпаз әтештің қарасы үзілген соң, мекиендер де, жеңілген әтеш те отынның арасынан жайбырақат шыға келіпті. Әуелгісіндей тіршілік қарекетіне кірісіпті.

Жеңілген әтеш: «Бұл әтеш шынында мықты екен. Мен одан қашып отынға тығылдым, мекиендер бүркіттен қашып отынға тығылды. Отынға тығылу біздің қалыпты дағдымыз. Ол сырттан келгендіктен бұл дағдыны білмейді. Жеңгеніне масаттанып аспанға қараған жоқ, аспанға қараса ол сақтанар еді. Бір асқанған бір тосқан деген осы» депті.

***

Түнде қатты сырқаттанған әтеш қатты қобалжып: «Қырсық-ай, таң сәріде шақырғанға күйім келмейтін сияқты, күн қалай шығар екен» дейді.

Әтештің сөзін естіген жұлдыз: «Дүние – дүние болғалы адамдардың қаншама әтеш пен тауықты сойып жегені белгісіз. Бірақ, күн сонда да нұры мен жылуын тіршілікке төгіп келеді. Шолақ ойлы әтеш досым, сен болмасаң бұл дүние қараң қалмайды» деп жымиды.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2013, 19:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.