Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Мені кешіресің бе, анашым?!

Мені кешіресің бе, анашым?!

Мені кешіресің бе, анашым?!

Болған оқиғаның ізімен

Пойызда келемін. Жанымда отырған қырықтар шамасындағы жолаушы әйелдің көз жасы тыйылар емес. Солқ-солқ етіп шарасыз кейіпте жылай берді, жылай берді. 

Бірер уақыт өткен соң, сәл басылды. Сөйтіп, жанында отырған бір-біріне мүлде бейтаныс үшеумізге қарап былай деді:

– Бейтаныс бауырларым, жер бетіндегі өзге тірі жан білмейтін сырымды сіздерге айтпасам, ішім күйіп, өртеніп барады... 

– Әлбетте, – десіп, бас шұлғыдық. 

– Күйеуіммен жараспай, ажырасып, төркініме қайта келдім, – деп бастады ол сонда әңгімесін. – Әкем де, шешем де жанымда болды. Сөйтіп, күйеуімнен бір балам бар, төртеуіміз тұра бастадық. Жұмыстың қиындығынан ба, білмедім, әйтеуір қабағым бір ашылмайтын. Кәрі әке-шешем бар тәттіні аузыма тосып отырғанда да, әкем қақырынып қалса, жақтырмай, алдымдағы тамақты итеріп, төгіп жіберетінмін. Анам сол кезде "Қарғам-ай" дейтін де, төгілген тамақты үнсіз жинап алатын. Анам да, әкем де қартайған... Жүріс-тұрыстары қиындай бастаған шақта, тіпті "Қарттар үйіне" тапсырып тастасам ба екен деп те ойланып жүрдім. Өйткені, қатты шаршап келгенде өзіммен-өзім болып, рахаттанып демалғым келетін. Олар үйге бір кіріп, бір шығып тым тынымсызданып кетті.

Астанада жақсы қызметке орналасып, су жаңа джип алдым. Сол джипке әке-шешемді мінгізгім келмей, оларды барар жеріне автобуспен жүргізіп қоятынмын. Мына өмірге ме, қоғамға ма, білмедім, әйтеуір кеудемде бір өшпес өшпенділік болды. Бәрін жек көрдім. Бәрінен баз кештім.

Туған бауырыммен сыйыспай, ата-анамды сол бауырымның отбасымен араластырмадым. Анама да, әкеме де дауыс көтеріп, бұйыра сөйлеу күнделікті дағдыма айналды.

Кеше аяқ астынан анам жүрегі ұстап құлап қалды. Мен жұмыста едім. Тас болып қатып қалған жүрегім кезекші дәрігерлер ауруханадан қоңырау шалғанда еріп сала бергені-ай... Алқынып ауруханаға жеттім. 

Анам кереуетте жатыр екен. Көзі жұмулы. Кереуетке жетіп жығылып, өкіре жыладым.

– Тастамашы, апа! Тастамашы! Мені кешірші?! Кешірші мені! Мен қазір-ақ бауырыма қоңырау шаламын, бауырыммен татуласамын, барлық жағдайыңды жасаймын, тек көзіңді ашшы, – деп көз жасымды төге бердім.

Анамның саусағы әзер қимылдады. Бірақ дәрігер бұл анамның өміріндегі соңғы минуттары екенін айтып, "Соңғы сөздеріңді тез айтып қал" деп күбірледі.

– Апа! Мені кешірсең, қолымды қысшы! – дедім жанұшыра.

Бұл сөздерді не үшін айтқанымды білмеймін. Бәлкім өзіме кішкене жеңіл болсын деп, кейін өз-өзімді жегідей жемес үшін айтқан шығармын...  

Анам қинала қимылдап, саусағымен қолымды бір рет қысқандай болды... 

– Расымен бе? Мен бейбақты, мен сорлыны кешіресің бе, апа?! – дегенімде, бірер секундтан соң, анам саусағын тағы қимылдатты. Мен бұл жолы анамның мені естіп жатқанына сенімді болдым. 

Осыдан кейін бірер секундтан соң, анам мәңгілік сапарына аттанып кетті. Мен ебіл-себіл боп жылап, анамның бетін, саусағын сүйе бердім. Бұрын анам тірі кезінде мені бетімнен сүймекші боп ұмтылғанда, "Бетіңдегі әжімдерің бетіме тигенде жиіркенем" деп, сүйгізбейтінмін. Сенесіздер ме, анам кереуетте жатқанда, сондай тәтті болып кетті. Сондай тәтті еді... Әжімі де сондай сүйкімді болатын...

Ал жансыз саусақтары мәңгілік менен ажырамаса екен деп тіледім сол сәт. Бірақ бәрі кеш еді... Кеш еді... 

Мен ақымақты бір сәтте өзгертіп, тәубесіне келтірген қандай құдірет екенін білмеймін. Бір білерім – өмір бойы анама істеген істерім үшін өкініп өтемін...

Әйелдің ауыр әңгімесін тыңдап отырған жолаушының бірі:

– Ал әкең қайда? – деді сыбырлай...

– Әкем анам қайтыс болды деген хабарды естіген бойда жүрегі ұстап, құлап қалды. Қазір ауруханада жатыр. Жағдайы жақсарыпты, телефонмен сөйлестім. Біз анамызды өзі туған Талдықорғанға жерлеу үшін алып келеміз. Анамның мүрдесі бауырымның көлігінде, – деді әйел.  

Жүйткіген пойызға жүрдек уақыт ілесіп, әп сәтте түн түсіп, бәріміз ұйқыға жаттық. Әйел түнімен ауыр күрсініп, дөңбекшіп шықты.

Таңертең тұрғанда, әйел бір түнде бірден он жасқа қартайып, шөгіп кеткендей сезілді... 

Көрнекі сурет: aktobegazeti.kz

Автор: Мейіргүл Оңғарова

16
Рейтинг: +12

Қосылған күні: 18 қараша 2013, 17:55
Пікірлер
+0
18 қараша 2013, 18:02

Әттең-ай. Бәріміздің де жүрегімізді ерітіп, ата-ана туралы ойымызды қайта өзгертті. Осындай жазбалар тәубаға шақырады.

+0
18 қараша 2013, 18:13

:( жаңа ғана мамам звондап еді, қолым бос емес деп тез өшіре салып едім, енді міне ұялып отырмын...

+0
18 қараша 2013, 18:16

Кім минус қойды мына жазбаға а?! :x ... Керемет жазба, жүректі езді алаңсыз..... :( :( :(

+0
18 қараша 2013, 21:33

Е е е , кім ол минус етіп тастаған бәрімізді :x

+0
18 қараша 2013, 18:21

Адамдар тәубасына келген кезде тым кеш болады... Бұл қандай заңдылық өзі?! Жүрегім сыздап кетті ғой. Апама хабарласайыншы...

+0
18 қараша 2013, 18:50

Осындай ақымақтарға ақылдың кеш те болса кіргеніне шүкір! Өз анасынан жерінген тексіздерді тұқымымен құртып жіберу керек! Осындай жүрексіз адамдардың қалай өмір сүретініне таң қаламын!

+0
18 қараша 2013, 19:50

Бұл еркеліктің шарықтау шегі.

+0
18 қараша 2013, 19:59

Нарық заманы адам баласын тек өзі үшін ғана өмір сүруге тәрбиелеп жатыр, Туған ата-анасына деген бұл қарыым-қатынас миға сыймайды екен...

+0
18 қараша 2013, 20:56

Алланың құдіретне не дерсің,мына жазбаны оқып әжептеуір ойланып қалдым. :(

+0
19 қараша 2013, 00:41

Шынымен мұңды жазба екен. Әуен тыңдап отырғандықтан қатты әсерлі болды ма екен әлде. Менде марқұм әжемді көзі тірісінде сыйламап едім. Кеткен соң өкіндім. Кетер алдында, әже, мені кешірші дегенде, жәймен күлімсіреп басын изеді...(( Массагет сайты көп-көп рахмет сіздерге! Сіздерге ризамын! Өте жақсы тақырыптар тек! Әрқашан ой салады! Жасай бер МАССАГЕТ!

+0
19 қараша 2013, 02:16

:( :cry: менде онып турган жокпын анама сондай дореки болып кеттим сонгы кездери :| мына жазба ойымды жаксы жакка озгеррти

+0
19 қараша 2013, 09:25

иәә өте жақсы жазылған жазба екен!!!

+0
19 қараша 2013, 11:14

мда, кейде анама қарап ойланам, ол кісі болмаса мен қайтер ем деп...

+0
20 қараша 2013, 09:15

Осындай жазбаларды оқыған сайын ата-анама деген құрметім арта түседі. Ал ана әйелдің жүрегінде қалған өкінішті ешкімнің басына бермесін!

+0
04 желтоқсан 2013, 18:45

Өзім 60 жастан ассам да анамды әруақыт сағына еске алып отырамын.Тіршілікте пендеміз ғой кей-кейде анамызға артықтау айтқан кездеріміз болды ғой,соны неге айттым екен деп өкініп отырамын.Жалпы анамыз екеуіміз тату болдық.Осындай жазбалар қазіргі жастарға көбірек айтылуы не болмаса жазылуы керек қой деп ойланамын.

+0
02 қаңтар 2014, 16:02

пікіріңіз үшін рақмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.