Пауло Коэльоның тәмсілдері

Пауло Коэльоның тәмсілдері

Пауло Коэльоның тамаша тәмсілдерін аударудың реті келіп отыр. Назарларыңызға ұсынамыз:

* * *

Әйгілі жазушы бірде досымен кетіп бара жатып көшені кесіп өтпекке бекінген балақайды байқайды. Ал көшенің қарсы бетінде жүк көлігі балақайға құйғытып жақындап қалыпты. Жазушы соңғы секундтарда балақайды көлік доңғалағының астынан құтқарып қалады. 

Алайда, ел-жұрттың алғысын алмай тұрып және ерлік ісіне көпшілік қошемет етпестен бұрын ол балақайға сөзбен ащы шапалақ береді:

— Жалғаншылыққа елігіп кетпе, ұлым менің. Мен сені тек бір ғана жағдайда, ересек тартқан шақта алда күтіп тұрған қиындықтардан қашып құтылмасын деп құтқарып отырмын. 

* * *

Науқас өз дәрігеріне:

— Дәрігер, менің өне бойымды қорқыныш билеуде, сол қорқыныш салдарынан бүкіл қуанышымды жоғалтып алдым, - деді. 

— Мұнда менің кеңсемде кітаптарымды кеміріп жатқан бір тышқан бар, - деді дәрігер. - Егер мен тышқанды қорқытсам, бірден менен тығылып, қалған өмірім соған аңшылық етумен кетер еді. Оның орнына, мен өзімнің барлық жақсы кітаптарымды қауіпсіз жерге көшірдім, қалғандарын жей беруіне жол аштым. Бұл дегеніміз, ол құбыжық емес, тек тышқан болып қалады деген сөз. Санаулы ғана нәрседен қорқыңыз және сол санаулыға ғана бүкіл қорқынышыңыз бағытталсын. Солай ғана сіз маңызды істің алдында кезіккенде, батыл бола түсесіз. 

* * *

Бір жолы Сцетедегі монастырға поптың алдына тақуа келді. 

— Менің рухани кеңесшім маған қалай бағыт сілтерін білмейді, - деді тақуа. - Қош айтысуы қажет пе екен?

Поп әке бір ауыз сөз айтпаған соң, тақуа шөл далаға аттанып кете барды. Арада бір апта өткен соң әлгі тақуа монастырға қайта оралды.

— Менің рухани әкешім маған қалай бағыт сілтерін білмейді, - деді тақуа. - Мен сосын кетуді ұйғардым. 

— Мұның ақылдылық, - деді ақыры поп әкесі. - Адам өз жанының көңіл толмастығын сезінсе, онда ол ақыл-кеңес сұрамауы керек. Өз бетіңмен шешім қабылдау өзіңнің алдағы өміріңе жүріп-тұруға қажетті.

* * *

Ұстаз үстелді түзеп беруін өтінген еді. Жұмыс аяқталуға таяғанда - шеге ғана қағу кезегі келгенде шәкіртіне жақын барды. Балғаның дәл соққыларымен шәкірт үш шеге қадады. Төртіншісі, көп күшті қажет етті ме және үшеуінен бөлек бір ауыр соққы болды ма, шеге тым тереңге сүңгіп кетіп, ағаш жарылып сынды. 

— Сенің қолың үш соққы жасап үйреніп қалған, - деді ұстаз. - Қайсыбір іс-қимыл әдет-мінезбен орындалса, одан арғысында мағына табылмай, үлкен залал тудыруы мүмкін. Іс-қимылдың аты іс-қимыл және мұнда бір ғана құпия бар – қолыңды әдет-мінезің басқармауы жөн. 

* * *

Ұстазға шәкірттерінің бірі келіп, былай деді:

— Бауырым барлық дерлік діннің алғышарттарын дәлме-дәл, нақпа-нақ орындағысы келеді және отбасыдан да осыны талап етеді. Осы жағы дұрыс па?

Ұстазы тіл қатты:

— Бар пәрменімен майда-шүйде, ұсақ-түйек нәрселерге кінәлі болып қалмауға тырысатын адамдар тобы бар. Біз жиі өзімізге қателік жасауға ерік бермей жатамыз. Мұнымен біз неге жетеміз? Сондағысы, қауіп қорқынышы алға жылжуымызға мүмкіндік бермейді, бір сөзбен айтқанда, буындырып алады. Бұл қорқыныш біздерді саңылаусыздықтың тас терең зынданына алып барып тастамақ. Егер бізге оны жеңу мүмкін болып жатса, өз еркіндігімізге қарай ең бір маңызды қадам жасаған болар едік. 

* * *

Ұзақ сапардың алдында көпес әйелімен қоштасып жатты.

Сен еш уақытта маған, менің сұлулығыма лайық бола аларлықтай сыйлық жасаған емессің, - деді әйелі. 

— Ах сен, рақметі жоқ! - деп ашуға буылды ол. - Мынаның барлығын, сенің қолыңдағының бәрін осыншама ұзақ жылдар бойы маңдай термен тірнектеп келдім. Саған бұдан басқа не сыйлай алмақпын?

— Сұлулығыма сай келетін бір нәрсе...

Екі жыл сыйлығын күтумен болады. Көп күттірумен көпес қайта оралады. 

— Мен сенің асқан көркіңе лайықты теңдессіз бір нәрсені ұшыраттым. Мен сенің рақымсыздығыңа жылаумен болдым, бірақ, соған қарамастан тілегіңді жерге тастамауға бел будым. Осы уақыт ішінде сенің сұлулығыңа ненің сай келуі мүмкін екенін ойлаумен болдым. Ақыры таптым. 

Осы сөздерден соң, ол оған айна ұсынды. 

* * *

Бірде бір данышпан адамдар тобына Құдай туралы және өмір сынақтары жайлы әңгіме айтып жатты. Ол өз сөзін былай аяқтап жатқан болатын:

Ақыр аяғында бәрі де жақсы болады. 

Ал егер сол күйі жақсы болмаса ше?! - деп біреу қарсы сұрап қалды. 

— Ал егер әлі жақсы емес болса - демек, сен әлі ақырына дейін жетпегенсің, - деп күлді данышпан.

* * *

Егде жастағы тақуаға бірде жүз жылдықтың ең мықты патшасының алдына баруға тура келді. 

— Мен азға қанағаттанатын, азға көңіл қуантатын қасиетті жандарға қызыға қараймын, - деді патша. 

— Мен болсам менен де азға қанағаттанатын ұлы патшамызға қызығамын, - деді тақуа. 

— Бұл не дегенің? Бұл ел толығымен менің қарамағыма жатады, - деді өкпелей қалған патша. 

— Дәл солай, - деді егде тартқан тақуа. - Ал менде кеңістіктің әуені, бар әлемдегі өзен-көл мен таулар бар. Менде жанымда Құдай өмір сүргендіктен, Ай мен Күн бар. Ал ұлы патшамыз осы патшалыққа ғана иелік етеді және азға ғана қуанады.

Аударған: Фараби Арыстанбек

сурет: ykogo.net

Л. Лига