Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Махаббат пен Уақыт

Махаббат пен Уақыт

Махаббат пен Уақыт

Бүгінгінің ең үздік тәмсілі ұсынылады. Махаббат пен уақыт арасындағы тағы бір байланыс.

* * *

Ертеректе... Өте ертеректе бір аралда бүкіл Сезімдер мен адамның барлық рухани құндылықтары бірге өмір сүріп жатты: Қуаныш, Қайғы, Таным және басқалары. Махаббат та сол аралдың тұрғыны-тұғын.

Бірде Сезімдер аралдың мұхит табанында қалып, көз ұзамай батып кетерін байқады. Барлығы бірден өз кемелеріне мінді де, аралды тастап шықты. Тек Махаббат қана асықпай, асықпаған күйі соңғы минуттарға дейін бір қайран болар деп күткен еді. Сосын барып, бір уақыттарда аралды түгел су алып, өзі су астында қалып бара жатқан кезде ғана көмек шақыра бастады.

Қасынан Байлықтың сән-салтанатты кемесі өтті.

Махаббат одан кемесіне алуын өтініп көрді, бірақ, Байлық кеменің көп қымбат зат пен алтын, күміске толы екендігін айтып, Махаббатқа орын жоқтығын жеткізді. 

Сосын, Махаббат кемесі жақында тұрған Тәкаппарлыққа қарады...

Бірақ Махаббатқа берілген жауапта оның баруымен тәртіп бұзылып, Тәкаппарлық кемесіндегі мүлтіксіздікке олқылық келетіндігін естіді. 

Махаббат жалынышпен Қайғыға көңіл аударды.

"О, Махаббат, - деді Қайғы, - Өзім сондай қайғылымын, мен жалғыздықта қалуға тиіспін". 

Аралдың ту сыртынан Қуаныш жүзіп өткен болатын. Бірақ ол қуаныштан қолы тимеген күйі Махаббаттың даусын естімей кетті.

Кенет Махаббаттың құлағы бір дауысты шалды:

"Мұнда кел, Махаббат, сені өзіммен бірге алып кетемін". 

Махаббат жүзі қуарған, ап-арық аппақ шалды көрді. Шаттықтан басы айналып, қатты қуанған ол, тіпті, шалдың атын сұрауды да ұмытып кеткен-ді. Аман-есен Жерге жеткен соң, Махаббат түсіп қалып, шал ары қарай жүзіп кете берді.

Шалдың қайығы көкжиекке сіңіп жоғалған соң, Махаббат әлгі шалдың атын білмек түгілі, тіпті, алғыс айтпағанын есіне түсірді.

Танымға қараған ол:

"Таным, маған айтшы, мені құтқарған кім?" - деп сұрады.

"Бұл Уақыт болатын", - деп жауап берді Таным. 

"Уақыт?" - деп таңғалды Махаббат, - Неліктен Ол маған көмектесті?"

Сонда Таным былай деп жауап берді:

"Тек Уақыт қана бұл өмірге Махаббаттың қаншалықты керек екендігін түсінеді және біледі".

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: taiar.com.ar

9313 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 22 тамыз 2013, 09:48
Пікірлер
+0
22 тамыз 2013, 14:19

Шіркін, сол жерде мен болғанда Титаникті апарып Махаббаты өз кемеме мінгізер едім!

+0
26 тамыз 2013, 18:30

:( ал уақыт менің оған деген махаббатымның қаншалықты екенін дәлелдеп бере алар ма екен???!!!

+0
27 тамыз 2013, 10:34

бәрі уақыттың еншісінде

+0
28 тамыз 2013, 00:28

әй, мынауың тамаша енді :) бір демалып қалдым ғой! "О, Махаббат, - деді Қайғы, - Өзім сондай қайғылымын, мен жалғыздықта қалуға тиіспін". қайғы нағыз торыққан адамның сөзін айтыпты :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...