Миды қозғау

Миды қозғау

Бір ой салар деген оймен назарларыңызға ұсынып отырмыз.

* * * *

"Құрастыру нұсқауы" бойынша бұл келіншек асхана қондырғысын жинастырып шығуға тырысты. Жаңадан ғана сатып алынған зат болатын... Ақыры шыдай алмай, бәрін асхана үстелінің үстіне лақтырып жіберді де, сыртқа шығып кетті...

Бірнеше сағаттан соң үйге келіп, ішке кіргендегі алғашқы таңқалысын көрсеңіз. Үй қызметінде жүрген малайы қондырғыны тап-тұйнақтай құрастырып қойып, тиянақты жұмыс істеуге болатындай халде жарақтап тастапты. 

- Қалай бұл қолыңнан келді? - деп айқайлап жіберді ол.

- Білесіз бе, ханым, оқи алмайтын болған соң, миды іске қосуға тура келді.

сурет:blog.kp.ua 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига