Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Сатира / Жиеннің әзілі

Жиеннің әзілі

Жиеннің әзілі

Әдебиет әлемінде сатираға қалам тербеп жүрген Асқарбек Әмірбек есімді жас тарлан бар. Бүгін міне, қаламы енді шыңдалып келе жатқан жас жауынгердің тырнақалды дүниесін ұсынғалы отырмыз. 

Жиеннің әзілі

Менің нағашым – Бөрібек,

Ақыл айтар жері көп.

Айтайын оны дәлірек:

 

Үйіне барсаң түңілесің,

Тиісті сынға ілінесің.

Әйтеуір,

бір сүрінесің.

 

Жегенін ішкен шайы айдатпайды,

Біреуге ұрыспаса шай батпайды.

Әйтеуір,

жай жатпайды.

 

Ін жоқ жерден ін табады,

Бойыңа үкідейін мін тағады.

Әйтеуір,

сыннан бұрын мін табады.

 

Сөзіменен орға жығады,

Одан шыға торға тығады.

Әйтеуір,

адам зорға шығады.

 

Таза жерге күйе жағады,

Жаққанда да үйе жағады.

Әйтеуір,

осал жерге тие жағады.

 

«Жақынын жамандаған

жатқа күлкі болады»,

Туралығын айтпаған,

Елге түрпі болады.

 

Нағашеке, сын айттым арқалаған,

Бойымдағы шерімді тарқамаған.

Жиеніңнің әзілін көтерерсің,

Немесе ренішің бар ма маған?

сурет:subscribe.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

2534 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 07 желтоқсан 2012, 17:10
Пікірлер
+0
07 желтоқсан 2012, 21:07

бир турли екен

+0
08 желтоқсан 2012, 13:15

тосындау ма?

+0
08 желтоқсан 2012, 14:14

Кейбіреулерге оқытатын екен...

+0
10 желтоқсан 2012, 09:22

иа бір түрлі екен аздап

+0
17 желтоқсан 2012, 23:09

керемет! жарайсын! тағы өлеңдері болса... :D

+0
16 қаңтар 2013, 22:40

Жарайсың, ондай жақындар жетіп артылады қазақта. Біреуді мүқату арқылы өздеріне энергия жинайды, тап солай. :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...