- Негізгі бет
- Сатира
- Әйгілі адамдардың тапқырлығы...
Әйгілі адамдардың тапқырлығы #3
Голливуд кинокомпанияларының бірі атақты саясаткер Уинстон Черчилль туралы фильм түсіргісі келеді. Фильмде алпыс жастағы Черчилльдің рөлін сексен жастағы актер Чарльз Клофтон сомдайтын болады. Черчилль актердің осы рөл үшін қомақты ақша алатынын естігенде қатты ашуланып:
– Біріншіден, менің рөлімді ойтын актер өте семіз, екіншіден қартайып кеткен, үшіншіден, мұндай қомақты ақшаға өз-өзімді ойнап бере аламын, - депті.
Әйгілі адамдардың тапқырлығы #1
Адам ата мен Хауа ана ©um.plus
***
Неміс ботанигі Карл Гёбельді суретші досы шеберханасына шақырып жаңадан салған суретін көрсетеді.
Мақтау дәметіп тұрған досына ботаник:
– Досым, алманы қатені салыпсың, - дейді.
– Қате емес, кәдімгі алма емес пе? – дейді суретші таңданып.
– Сонда Гебёл:
– Сен салған суреттегі Хауа ананың Адам атаға беріп тұрған алма сортының пайда болғанына бар-жоғы 80 жыл болды,- деген екен.
Джонатан Свифт ©soyuz.ru
Әйгілі адамдардың тапқырлығы #2
***
Ағылшын жазушысы Джонатан Свифт жаяу серуендегенді ұнатады екен. Бір күні серуендеп жүріп қонақүйге тап болады. Қонақүй иесі барлық бөлмелер бос еместігін, егер келіссе бір фермермен бірге бір бөлмеде түнеуге болатындығын айтады. Жазушы келіседі.
Фермер ештеңеге көңілі толмайтын, кез келген нәрседен кемшілік тауып отыратын кірпияз адам екен. Ол шаруа қожалығындағы істерінің алға баспай жатқандығын айтып налиды. Сонда жазушы да қалыспай:
– Менің жұмысым да кері кетіп жүр. Жақында алты қылмыскерді асып өлтірдім. Тағы төр кісі өлтірушіні жазалау үшін көрші қалаға бара жатырмын, - дейді.
– Сіз кімсіз? – дейді фермердің көздері шарасынан шыға жаздап.
– Мен қылмыскерлердің жанын алатын қарапайым "әзірейілмін", - дегенде фермер бөлмеден атып шығып, қаша жөнеліпті.
Ги де Мопассан ©soyuz.ru
***
Атақты француз жазушысы Мопассан біраз уақыт министрлікте кішігірім қызмет атқарды. Жылдар өткен соң, сол министрліктің мұрағатынан оған жазылған мінездеме табылған. Мінездемеде: "Ол жұмысты жанын салып істейді, бірақ жазуы өте нашар" деп сипаттама беріліпті.
Авраам Линкольн ©vestnik.az
***
Америка президенті Линкольн өмірде өте кішіпейіл адам болған. Бір күні шетелдік дипломат президенттің бәтеңкесін тазалап жатқанын көріп:
– Президент мырза, сіз бәтеңкеңізді өзіңіз тазалайсыз ба? – депті таңданып.
Сонда Линкольн мүдірместен:
– Ия, өз бәтеңкемді өзім тазалаймын. Ал сіз кімдікін тазалайсыз? - депті.
Пабло Пикассо ©obshe.net
* * *
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Францияға шабуыл жасаған неміс фашистері атақты суретші Пикассоның шеберханасына жиі барып тұрды. Суретші оларға естелікке деп бір туындысының фотокөшірмесін ұсынады. Картинада фашистердің испан ауылдарының бірін аяусыз қиратқаны суреттелген еді. Бір күні гестапо агенті шеберханаға кіріп, ашулы түрде фотокөшірмені сөмкесінен алып, оны суретшіге көрсетеді де:
– Мынаны сен салдың ба?- дейді.
Сонда суретші жымиып:
Жоқ, мұны сендер "салдыңдар", - деген екен.
Садақшы. Горохова Еленаның картинасы ©len-sovet.ru
***
Бір күні ежелгі рим философы Диоген садақшының қайта-қайта нысананы көздеп атса да, оғы далаға кетіп жатқанын көріп, нысананың қасына барып тұрады. Сонда таңғалып неге олай еттіңіз деп сұраған көрермендерге философ:
– Ең қауіпсіз жер осы екен, - деп жауап берген екен.
Адольф фон Менцельдің "Жол жоспары" картинасы ©artchive.ru
***
ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты неміс суретшісі Менцельге бір жас суретші өзінің бір туындысын көрсетіп:
– Маэстро, бұл дүниеде әділет деген бар ма? Мына суретті көз майымды тауысып бір күн бойы салдым. Бір жыл болды әлі сата алмай жүрмін, - депті.
Сонда Менцель:
– Қымбаттым, егер, сіз бұл суретті бір жыл бойы салғаныңызда, бір күнде сатқан болар едіңіз, - депті.
Бернард Шоу ©diletant.media
***
Бір күні әйгілі Бернард Шоуға бір сұлу актриса келіп:
– Екеумізден туған балалардың келбеті маған, ақылы сізге тартса сұлу да мінсіз болады, - деп үйленуге ұсыныс білдіреді.
Бернард Шоу ойланбастан:
– Егер олардың түрі маған, ақылы сізге тартса не істейміз? – деп жауап берген екен.
Т. Раушанұлы