Әйгілі адамдардың тапқырлығы #2

Әйгілі адамдардың тапқырлығы #2

***

Белгілі дәрігер Сергей Боткин Санкт-Петербург әскери-медициналық академиясында сабақ беріп жүріп, бір студентті емтиханнан үш рет құлатады. Жалқау студенттің достары Боткинге келіп, оның жолы болмай жүргенін, пышақпен өз-өзіне қол жұмсайын деп жатқанын айтады.

Сонда профессор:

– Уайымдамаңыздар, ол адам анатомиясын жақсы білмейді. Сондықтан жүрегінің қай жерде екенін таба алмайды, - деген екен.

Әйгілі адамдардың тапқырлығы #1

Марк Твен ©bor-odin.livejournal.com

***

Атақты жазушы Марк Твеннің үйіне баратын жолы қараңғы көпір астынан өтеді екен. Бір күні ақшамда жаяулатып келе жатқан жазушының алдынан дәл көпір астынан белгісіз біреу шығады да, тапанша кезеніп:

– Сағатыңды бер, - дейді

Жазушы тонаушыға асықпай үңіліп:

– Сен сағатты өткен аптада алдың ғой, - дейді.

Бұл сөзден ыңғайсызданы қалған тонаушы:

– Кешіріңіз, осы уақыт аралығында жаңасын тапсырыс беріп алдыртқан шығарсыз деп ойлаған едім, - деген екен.

Андре Моруа ©psyfor.life

***

Француз жазушысы Андре Моруадан бір досы:

– Айтыңызшы, тарихты кім көбірек өзгертті? Цезарь ма әлде Наполеон ба?, - деп сұрайды.

Сонда Моруа:

Өркениет пайда болғалы тарихты ең көп өзгерткендер – тарихшылар, - депті миығынан күліп.

Диоген ©pinterest.ru

***

Ежелгі гректер философ Диогеннің сөздерін аса жоғары бағалаған. Бір күні тыңдаушыларының бірі:

– Қай жаста үйленеген дұрыс? - деп сұрақ қояды.

Данышпан ойланбастан:

– Жастарға үйленуге әлі ерте, ал қарттарға кеш, - деп тыңдармандарды ду күлдіртіпті.

 Виктор Гюго ©interesnyefakty.org

***

Белгілі француз жазушысы Виктор Гюго өзінің жаңа романының қалай сатылатылып жатқандығын білу үшін баспагерлерге сұрақ белгісі бар хат жібереді. Жауап хатын оқыған жазушы баспагерлердің тапқырлығы таң қалдырады. Олар бір беттік хатқа үлкен леп белгісін салып жіберіпті.

Король Элвис ©ria.ru

***

Рок-н-ролдің королі атанған әйгілі әнші Элвис Преслидің жанкүйері өте көп болған. Әсіресе, қыздар оған хатты қарша боратқан. Бір күні газет тілшісі қыздар оған не туралы жазатынын сұрайды.

– Олар көбіне меннен бір тал шашымды жіберуін сұрайды, - дейді әнші.

– Сіз барлық қыздардың тілегін орындайтын болсаңыз, шашсыз қаласыз ғой, - деп таңданыпты журналист.

– Маған ештеңе етпейді, бірақ жақын күндері итім жүнсіз қалуы мүмкін, - депті әнші.

Гёте ©eg.ru

***

Гёте Веймар қаласындағы бақта серуендеп жүргенде "ит-мысық" болып жүрген сыншыны кездестіріп қалады.

Алыстан жазушыны көрген сыншы:

– Мен дарынсыздарға жол бермеймін, - деп алдын кес-кестеп өте береді.

Жолдың шетіне шығып тұрған жазушы сыншы қасынан өте бергенде:

– Ал мен керісінше әрқашан дарынсыздарға жол беремін, - деп қулана жымиыпты. 

Альберт Эйнштейн мен Чарли Чаплин ©tr.pinterest.com

1931 жылы Альберт Эйнштейн мен Чарли Чаплин кездеседі.

– Мені сіздің өнеріңіз таңғалдырады. Сіз бір сөз айтпайсыз бірақ әлем сізді түсінеді, - дейді ғалым актерге қарап.

Сонда Чаплин:

– Әлем сізді түк түсінбесе де, талантыңызға таңдай қағады, – деген екен.