Мұхтар Шерім. "Кітап тіліндегі махаббат"

Мұхтар Шерім. "Кітап тіліндегі махаббат"
Фото: bookriot.com

Белгілі сатирик Мұхтар Шерімнің қазақ әдеби шығармаларын шебер баяндай отырып жеткізген "кітап тіліндегі махаббатын" оқып, бір күліп алыңыздар!

«Абай жолымен» келе жатқанмын. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпанын» кездес­тіріп қалдым. Бұрыннан танимын ғой, жөн сұрасам, эпостық жырдағы – «Баян сұлу» сауда орталығында Мұхтар Мағауиннің «Аласапыраны» (Менеджер дегенім ғой..) болып жұмыс істеп жатыр екен. Өзімше «движение» жасағым келіп кетті. Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббатын» басым­нан өткеріп тұрмын. Баяғыда Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Ата қонысына» бар­ғанымда, бір рет көргенмін. Бойжетіп қалыпты. 

Спандияр Көбеевтің «Қалың малын» төлеп, үйленіп алсам ба екен? Әй, бірақ, қу кедейшілік-ай, Бейімбет Майлин­нің «Сексен сомы» жетпейді ғой. Мейлі, Мағжанның «Батыр Баяны» сияқты өліп кетсем де шіреніп тұруым керек қой. Өлгені құрысын, Бердібек Соқпақбаев жазып кеткен: «Өлгендер қайтып келмейді»… 

Шынымды айтсам, Әбдіжәміл Нұрпейі­совтің «Қан мен теріндей» терлеп кеттім. Қыз да үндемейді.Тұтқабай Иман­бековтің «Тұт ағашының көлеңкесінде» әлі тұрмыз. Бұл қыз маған Мұқағали Мақа­таевтың «Арманы» сияқты ма? Жоқ әлде, Шыңғыс Айтматовтың «Жан пидасы» дегендей, алып қашсам ба? Сотталып кетемін-ау! Рымғали Нұрғалидың «Аяқ­талмаған трагедиясы» болып жүрсем ше? Не деп кеттім? Сәкен Иманасов сияқты «Айтар едім», бірақ, тілім күрмеліп… 

13–Кешіріңіз, Теодор Драйзердің «Аяулы Керриіне» ұқсайды екенсіз…– дедім мен. 
– Ағай, Халлдор Лакснесстің «Арма­нын аңсаған жандар» күйін кешкен жал­ғыз сіз емес… – деді бойжеткен назда­нып. 
–Кешіріңіз, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық, мол жылдарын» бас­тасақ қайтеді? –деп әзілдедім мен де. 
–Мұстафиннің «Миллионері» бол­саңыз, көреміз… 
–Хамит Ерғалиевше «Біздің ауылдың қызы» ғой, қарапайым қарындасты жолық­тырдым деп ойлап тұрсам… Ақшаны ғана ойлағанша, Бекхожиннің «Мәриям Жагор қызынан» үлгі алсаңыз еді! 

–Ағай деймін, әзілді көтере алмайсыз ба, жүдә Тахауи Ақтановтың «Қаһарлы күндеріне» ұқсап барасыз… 
–Ілияс Есенберлиннің «Жантала­сындай» жармасып жатқаным ғой, қарындас… 
–Немене, Сәкен Жүнісовтің «Ақан серісі» ме едіңіз? 
–Айтпақшы, қолыңыз бос па? Кафеге барып, Роллан Сейсенбаевтың «Түнгі диалогын» бастасақ? 
– Мұратбековтің «Ай туар алдында» ма? 
–Ия. Ғабит Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейнесіндей» ах ұрып қалмайын деп… 
–Жарайды… Шексипирдің «Корль Лиріндей» қоймадыңыз ғой. 

— О, «Мөлдір махаббат!» «О, Махаббат қызық мол жылдар»! Мақатаевтың «Аққу­лары ұйықтағанда» «Ұлпанның» қыпша белінен қапсыра құшақтап, Қали Сәр­сенбайдың «Тұлға – тағдырындай» бол­масам да, кеудемді кере ұстап, «Оянған Өлке» – Шымқаланың шырайлы көше­лерінде «Алмас қылыштай» жарқырап келе жаттым… О, Махаббат! 

Ж. Жұмағұлов