Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Шырақбай Жарасбек. Отаным, саған айтамын

Шырақбай Жарасбек. Отаным, саған айтамын

Шырақбай Жарасбек. Отаным, саған айтамын

Ел ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Шырақбай Жарасбектің шығармасын ұсынамыз.

Шырақбай Жарасбек Абайұлы – Жамбыл облысы Тараз қалсында 2002 жылдың 25 ақпанында дүниеге келген.

***

“Бұл дүниеде біздің бір ғана отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан!”
Нұрсұлтан Назарбаев 

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан оңаша отау тігіп, егемен ел атанды. Дәл сол күні Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтанг Назарбаев “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы” құжатқа қол қойды. Осыдан кейін әлем картасында Еділдің төменгі ағысынан шығыста Алтай тауларының етегіне дейін, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан оңтүстікте Тянь-Шань тау жоталарына дейін, екі сағат белдеуді алып жатқан “Қазақстан” атты жаңа тұрпатты, жасампаз мемлекет пайда болды. Жүздеген жылдар бойы ұлттық сана-сезімі, тілі, салт-дәстүрі қалыптасқан, “мың өліп, мың тірілген” ұлы дала елі – бүгінгі таңда етегін кеңге жайып, биік мақсаттарға нәтижелі қол жеткізуде; егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүруде; туған жердің қазынасы мен қазба байлықтарына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымен жұмсауда; өз тағдырын өзі айқындап, болашағын өз қолымен жасауда. 

Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі толғысқан сәттен бастау алған ұлтымыздың тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды.Сол тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, қауіпті сынақтар мен саяси қуғын сүргінден аз болмады. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызда қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар, техникалық жаңалықтар ойлап табылды, бұрын соңды қолданылмаған жаңа бұйымдар жасалды. Ерте заманда адамдар жаяу болды, жаяу болғасын дамуы, басқасы да баяу болды. Кейін қазақ жеріндегі көшпенділер алғаш асауды алауыздықтады. Бес жарым мың жыл бұрын Ботайда басталған революция күллі адамзаттың өмір салтын өзгертті. Ата-бабаларымыз жылқыны қолға үйрету арқылы өз заманында адам айтқысыз алапат үстемдікке ие болды, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Сонымен қатар тереңнен сыр шертетін қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдар, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару жарақтары бабаларымыздың жаңа, берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашқанын білдіреді.

Досқа адал, жауға қатал болған сақ бабаларымыз жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге қару жараққа салған, күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған, сәйгүлік атты күнмен, отпен байланыстырған. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Есік қорғанынан табылған сақ дәуіріне тән «Алтын адамның» алтынмен апталған киімдері ежелгі бабаларымыздың алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергендігін көрсетеді.

Алтай тауы өңірінде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болды. Ұлы дала жерінде жаңа кезең басталды. Тарихи сахнаға шығып, зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырды., өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Сол заманда әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби Отырар қаласында дүниеге келді, түркілердің рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратты.

Еліміздің Еуразияның кіндігінде орналасуы, географиялық тұрғыдан ұтымды болуы әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік дәліздердің пайда болуына ықпал етті. Біздің дәуірімізде ұлы дала жері Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласын байланыстырды, Ұлы Жібек жолының жүйесіне айналды. Осындай керуен жолдарын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ұлы дала халқы ежелгі және ортағасырларда сауда қатынасының басты дәнекері саналды, Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу шығыс пен славян өркениеттерін байланыстырды. Ұлы дала елі қараханидтер заманында ислам дінін қабылдап, Қыпшақтар заманында рухани бірікті, салт-дәстүрі, тілі қалыптасты, Шыңғыс хан заманында “Яса” заңдар жинағы үстемдік етіп, бірнеше хандықтар құрылды. 1464-1465 жылдар аралығында Керей мен Жәнібек хандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, «Қозыбасы» деген жерде біртұтас қазақ хандығын құрды, тілі, діні, салт-дәстүрі бір ру-тайпалар бір мемлекет болып бірікті. Кейіннен Қасым ханның заманында қазақтардың саны тұңғыш реет миллионға жетіп, атты әскері үш жүз мыңнан асты. Хақназар, Тәуке ханның тұсында «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт заман болды. Қазақ елінің басынан ащы қасіретке толы күндер, отан басына күн туған аса қайғылы кезеңдер де өтті. Жер бетінен жойылып кетпес үшін, Қазақ Хандығы ұлы Ресей мемлекетімен саяси одақ құруға мәжбүр болды. Күшпен ұжымдастыру қазақ халқының көшпелі әдет-ғұрпын бұзды. Қазақ даласын ашаршылық кезеңі қамтыды. Осы жылдары Қазақстан бір жарым миллионнан үш миллионға дейін халқын жоғалтты. Кейін Сталиндік режим Республиканы ГУЛАГқа бөлді, бұл жерге басқа хандықтың бүкіл халқы жер аударып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында фронтты қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін барлық завод-фабрикаларды Қазақстанға көшірді, ғылыми және мәдени мекемелер миллиондаған жанұяны қарамағына алды. Соның өзінде, қатыгез идеологиялық қыспақ, айдау мен қанау жылдарына қарамай, қазақ халқы этникалық ерекшелігін, бай мәдениетін сақтап, бостандық пен тәуелсіз жолында күресуге ұмтылды. 1991 жылы Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, ақиқат сәті түсе бастады. Осы сәттерден бастап ел тағдырында жаңа кезеңдер басталды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүреді. Халық саны 18 миллионнан асады. Білім беру, ғылым, медицина, мәдениеттегі жетістіктер, Қазақстанның дамыған елу елдің қатарына кіріп, дамыған отыз елдің құрамына кіреміз деп мақсат қоюы, жазық далада сәулеті бір-бірімен үйлесім тапқан, жиырма жылдың ішінде халық саны миллионнан асқан Астананың бой түзеуі – тәуелсіздің пен Елбасының арқасы. Тәуелсіздік тәңірдің бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы, бүгінгі күні қол жеткізген барлық жетістіктеріміздің себепшісі. Жас мемлекеттің тарихындағы жаңа дәуір осы тәуелсіздіктен бастау алады. Қазақстанның егемендікке ұмтылған қадамы сәтті жүзеге асты. Өткен ғасырдың соңында қазақ халқының алды тұман, болашағы күмән еді. Сондай қараңғы заманда, ұлтаралық қақтығыстар шиеленісіп тұрғанда, темірқазықтай жарық болып, болашағын дұрыс болжап, дұрыс бағыт берген Елбасымыздың тарихымыздағы алар орны ерекше. Сингапурды отыз жылда “арыстан” елге айналдырған – Ли Куан Ю, Америкада лидер – Вашингтон, Англияда – Черчиль, Түркияда – Мұстафа Кемаль болса, Қазақстанда – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ұлттық уызға тойып өскен, болащаққа сенімен қараған кемеңгер саясаткер Қазақстанды айтарлықтай жетістіктерге жеткізді. Қазақ елінің осындай басшысының болуы қазақ елінің маңдайына біткен бақ болды. Кемеңгерлігі мен білімділігінің арқасында Қазақстанды сара жолға салып, “мүмкін емес” болып көрінген идеяларын аз уақытттың нәтижелі түрде жүзеге асырды. Шығыста Қытай, Солтүстікте Ресеймен шектесіп жатқан қазақ еліне “алдымен экономика, одан кейін саясат” ұстанымымен билік етіп, арқаның төсіне Елорданы көшірді. Евраазияның жүрегінен орын алған Астанамыз – биік белестерді бағындыратын, үлкен армандарды жүзеге асырастын мегаполис.Әлемнің әдемі қалаларынан кем болмайтын елордамыз ғылым мен медицинаның, мәдениеттің үлкен ошағына айналып үлгерді. Елбасымыздың Қазақстан үшін жасаған еңбектері мен қабылдаған шешімдері тек Астанамен шектеліп қоймайды. 1997-жылы қабылдаған “Болашақ” бағдарламасы, 2003-жылы қабылдаған “Мәдени мұра” бағдарламасы қазақ халқына жаңа кадрлар әкеліп, отандық тарихты бір жаңғыртты. 2017-жылы қабылданған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, 2018-жылы жариялаған “ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласы Қазақстанның болашағына бағдар болып, тарихымызға жаңа серпін әкелуде.

Аумағы екі миллион шаршы метрден асатын Республикамыздың табиғаты алуан түрлі. Шығыстың таулы аймақтары, Батыстың жазықтығы бар, шөлді аймақтар да кездеседі. Далалы өңір елдің төрттен бір бөлігін, қалған бөлігін таулар, теңіздер, көлдер мен өзендер құрайды. Тау мұздықтарынан бастау алатын су қоры негізінен өзендер мен көлдердің ағысына тәуелді болып келеді. Үлкен өзендеріміз Ертіс, Есіл, Орал, Сырдария, Іле, Шу, Тобыл, Нұра. Кіші және үлкен көлдеріміздің саны елуге жуық. Олардың үлкендері – Балқаш, Зайсан, Алакөл. Осындай көзге көрнекті, әрі өзгеше табиғатымен қоса, минералдық қазбалардың орасан мол қорына ие. Қазақтан Республикасының өсімдік қорында алты мыңнан астам өсімдік түрлері бар. Қазақстанның хайуанаттар әлемі де сан алуан. Қызғалдақ пен алманың отаны болған Қазақстанның сұлу табиғатын көруге қазір жержерден туристтер келеді. Шетелдік туристтердің және қазақстандықтардың демалысы үшін Көкшетаудағы Бурабай, Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауы, Алматы облысындағы Шарын шатқалы мен Үлкен Алматы көлі, Қайыңды көлі мен биік тауларымыз – таптырмас орын және табиғаттың әсем көрінісі. Осындай жанға рахат сыйлар табиғат аясында қазақ елінің біртуар перзенттері Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Шәмші Қалдяқов сынды біртуар нар тұлғаларымыз дүниеге келген, балалық шағын өткізген.

Қазақ әдебиетінде, философиясында, музыкасында ойып тұрып орын алатын ұлы ақын Абай атамыздың жазған өлеңдері көңілге ой салады, әндері құлақтан кіріп бойды алады, қара сөздерінің мағынасы екі ғасыр бұрын жазылса да, қаймағын жоғалтқан жоқ, адам баласын тәртіпке салар үлкен қазына, тәрбие. Осындай біртуар тұлғамыздың өмірі баянын әдеби тілмен нақышына келтіріп жазған Мұхтар Әуезов сынды жазушыларымыздың өмірден алынған қызықты да әсерліоқиғаға толы, тәлім-тәрбиеге мол шығармаларын бүгінгі күні кез келген кітапханадан таба аламыз, әлем классикасынан аударған аудармаларын кез келген жерде оқи аламыз. Әңгіме әдебиетке келгенде Әзілхан Нұршайықовты айналып өте алмайтынымыз анық. “Махаббат қызық мол жылдар” романымен есте қалған сүйікті жазушымызды бүгін біраз азаматтарымыз танымай қоймайды. Сонымен қатар, әдебиеттегі майталмандарымыздан бөлек өнер саласында Қазақстанды біраз жетістікке жеткізген, жетістікке жеткізіп келе жатқан әртістерімізді бүгін бүкіл әлем таниды, концерттерінде орын болмайды. Қазақтың төл аспабы домбыраны қайта сөйлеткен, өткен ғасырдың нар тұлғасы Нұрғиса атамыздың күйлері бүгінгі күні домбыраның қос шегінен төгіле шертіледі.

Жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен басқаларды таңғалдыратын қазақ елі салт-дәстүрге берік, имандылық пен тәрбиелікке толы дініміз бар, және түркі дәуірінен бері қалыптасып келе жатқан сөзге бай тіліміз бар.

Төрткүл дүниені ат тұяымен дүбірлеткен бабаларымыз тегеуріні биік, тепкісі қатты түрлі тарихи кезеңдерді бастан өткерсе де, жер бетіндегі өркениетке өз үлесін қосып, өз таңбасын қалдыра алды. Қазақстан жаңа атаулы ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірдеқазіргі білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, ақылды, шет тілдерін еркін меңгерген жастарға өзінің болашағын сеніп тапсыра алады. Ширек ғасырға таман уақытта өз тарихымызға қайта серпін бердік, тіліміз бен дініміз қайта түлеп, он мыңнан аса жастарымыз шет елдердің маңдайалды университеттерінде білім алды. Қазақстан көппартиялы мемлекетке көшіп, нарықтық экономикада тұрақтады, саяси аренада өзіндік орны қалыптасты. Бейбітшілік пен келісімнің туы тігіліп, тұрақтылық пен дамудың сара жолына түстік. Ал орны бөлек Астанамыз аз ғана уақыт аясында жаңа жәуірдің жасампаз шаһары атанды. Жазық даладан әсем қалаға айналу әп-сәтте емес. Десек те Астана қаласының қарқынды құрылысы мен дамылсыз дамуы бізді осыған сендіруде. Тарих үшін жиырма жыл аса көп уақыт емес. Бірақ осы аралығында еліміздің бас қаласы биік белестерді бағындырды. Еліміздің мол табысқа жетуі, аз уақыт ішінде өз орнын таба білуі саясат пен тәуелсіздіктің емес, ең алдымен ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында. Президент аппаратурасын және министірліктерді үлкен қалаға көшіру, ештеңесі жоқ жазық далада теңдесі жоқ, сәулеті қайталанбайтын үлкен қаланы бой тұрғызу тек біздің көшбасшымыздың ғана қолынан келді. Тарихта мұндай оқиғалалар өте сирек болған. Жазық далада бой көтерген әсем қала ендеше өзінің көшбасшысының, сол идеяны тудырған адамның есімін арқалайды. Ендеше, біздің университетіміз – Назарбаев университеті, біздің астанамыз – Нұр-Сұлтан. Толағай қураған туған жеріне жаңбырлы бұлты кетпес тау әкеліп, кейін астында мерт болды. Біздің лидер туған жерінде қала тұрғызып, сол қалаға есімі берілді. Алып күшіне сенген Толағайға қарағанда, білімі мен ақылына сенген тұңғыш президентіміз бақытты шығар, сірә. Қазақстан болашаққа оптимисттік көзқараспен қарайтын, адами капиталы дамып келе жатқан, рухани жаңғырып, тарихы жаңаша серпін алған ұлы дылы жерінде төрелік еткен ұлы дала елі. Отаным, саған айтамын: Тәуелсіздік жылдары еліміз үшін ғасырлар жүгін арқалаған уақыт. Сол уақыт ішінде елін сүйген Елбасы Қазақстанды әлемдік қауымдастықтың ең алдына шығарды. Қазақстан – бүгінде іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, өз болашағын айқындаған мемлекет. Сол мемлекеттің бір бөлшегі болып, кетігін тауып қаланайық.

0
Рейтинг: +0

Фото: Шырақбай Жарасбек
Қосылған күні: 21 шілде, 16:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.