Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Енсебаева Айгерим. Отаным,саған айтамын!

Енсебаева Айгерим. Отаным,саған айтамын!

Енсебаева Айгерим. Отаным,саған айтамын!

Ел ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Енсебаева Айгеримнің шығармасын ұсынамыз.

Енсебаева Айгерим Ерлібекқызы 1991 жылы ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген. ҚазҰТУ, Экономика және бизнес институтының түлегі.

***

Шыр етіп өмірге келіп, дүние есігін ашқан әр бір жанның туған жеріне деген сүйіспеншілігі сол сәттен бастап қалыптасады-ау! Жер шарының қай бетінде болмасаң да, кіндік қаның тамған мекенің ерекше ыстық болатыны кімге болмасын мәлім емес пе?! Жас ерекшелігіне, лауазымымызға қарамастан туған жерге деген махаббат жалындап тұрады. Өсіп-өнген өңіріңе деген сағыныш ерекшке ғой...

Шуылдаған қала өміріне қазіргі таңда үйреніп кеткенбіз дегенмен ойға шалқып, туған өлкенді бір еске алсаң, демалып қаласың. Құмына аунап өсіп-өнген жерім, Шығыс Қазақстан обылысы, Аягоз ауданының елді-мекені –Таңсық. Мені аялап өсірген – анамдай гой. Сағынамын, өте қатты сағынамын. Казір көшіп кетсек те, аулым жүрегімнен ешқашан көшкен емес. Ауылға барған кездері сағынышың қойныңа сыймай, поездан түсіп, темір жол аясындағы тастардан бастап, есіп тұрған желі, көз тастасаң сонау байтақ жазық даласынан бір ләззат аласың. Ауылға кіре бастағаннан табиғаты сені күлімдеп қарсы алып тұрғандай. Жазық далада орналасқан ауылымда үнемі желдін үні бітер емес, ерекшелігі ескен желі, шайқалған теректердің жапырағы күлімдеп жан біткендей сыңайлы... Мұқағали Мақатаев атамыз айтып кеткендей:
“Жол түсіп ұрпақ Таңсыққа барсаң тегінде,
Бір соқпай кетпе молаға сонау көрінген.
Қасқайып тұрған қазақтын осынау төрінде,
Бабаларымыздың махаббаттары көмілген”.

Ауылымның төрінде кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу мазары орналасқан. Махаббаттың символы Қозы мен Баян ұрпақтары мекендеген Таңсық өңірі қонақжай, жылы лебізді, ілтипатты, кең пейілді халқына бай. Елім-жерім деп ат салысқан көптеген патриот, әнші-сазгерлер, спорт тұлғалары қалыптасқан орта. Елміздің экономикасына сәйкес ауылымның жағдайы қазір өте жақсы. Қызыл-Қия мектебінің түлектері жыл сайын ауылымыздың көркеюіне ат салысуда. Бүгінгі таңда ауылда ескерткіштер,спорт алаңы, мұз айдыны, көшелеріне шамдар қойылды, ауыл толығымен ауыз сумен қамтылды, мешіт, мәдениет үйі жаңартылды.

Әрбір азамат қайда жүрсе де өзінің туған жерін сағынып, аңсап жүреді-ау. Жас шамасына қарамастан қашан болсын ауыз толтырып,айтуға дайын. Отаным, елім, жерім деген азаматтың бойында ерекше сезім билейді. “Туған жер – алтын бесігім”, “Отан – оттан да ыстық!”, – деп шет ел асып жүрген қаншама қандас бауырларымыз бар. Биік тұлғалы патриотты батырларымыздын ұрпағымыз, бойымызда бабаларымыздын патриотты қаны бар. Қандай мақсатпен қандастарымыз шет ел асса да, журектери “қазақ” деп соғып жүргеніне кәміл сенмін! Ата-бабамыздан қалған аманат кең байтақ қазақ жеріміз – Отанымыз. Аманат ұрпақтан ұрпаққа беріліп жатыр, яғни бұл таңда аманатқа қиянат келтіріп алмауымыз үшін жастарымыздың тәрбиесіне мән бергеніміз жөн. Мен кәзіргі жастарға сенімім мол. Болашақ ұлағатты қарттардың ақылды мен өнегелі, патриотты жастардың қолында.

Отанға деген сүйіспеншілігіміз арта бергей. Тасы мен тауын, өзені мен көлін аялай білейік. Отаным – алтын бесігім!

Отан деген – әр адамның тынысы,
Отан деген – ең сүйікті жер жүзі!

0
Рейтинг: +0

Фото: fotokto.ru
Қосылған күні: 20 шілде, 13:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.