Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Акимбекова Диляра. Отаным, саған айтамын

Акимбекова Диляра. Отаным, саған айтамын

Акимбекова Диляра. Отаным, саған айтамын

Ел ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Акимбекова Диляраның шығармасын ұсынамыз.

Акимбекова Диляра Ерланқызы – 2003 жылы 26 желтоқсанда Астана ( қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген. Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысысы.

“Отанды сүю – өркениеттіліктің бірінші белгісі” деп Елбасымыз бекер айтпаған шығар сірә... Шынымен, әрбір адамзат баласы өмірге келген сәттен-ақ жер шарының қай бөлігі болса да дүниеге келеді. Мейлі ол халқы жағынан алдыңғы қатарлы Қытай, мейлі шет жақтағы қарапайым қала, тіпті шағын ауыл-аймақ болса да – ол сенің кіндік тамған жерің. Бұл жерге деген сенің сезімің де ерекше, себебі мұнда сен өсесің, өнесің, оңды солды танисың.

“Әркімнің өзіне ыстық туған жері”, – дейді атам қазақ. Сан жылдық тарихы бар, дербес, тәуелсіз кең байтақ Қазақстанымда дүниеге келдім. Ата-бабаларымыздың төккен қаны мен аққан терлерінің арқасында қалыптасқан елде туғанымды мақтан тұтам. Олар ұлан-ғайыр қазақ жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен сыртқы жаулардан қорғап қалды. Отанымыз – ұлт-азаттық көтерілісті, ашаршылықты, қуғын сүргінді бастан кешірді. Ешбір қиыншылықтарға қарамастан сан жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел атандық. Міне, қазір де осы мемлекетте мекен етіп жүрген қазақ халқы бақытты шығар сірә...

Қазақстанымыздың елордасы Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының тумасымын. Кезінде қала Целиноград атанды, кейін Ақмола болып өзгерді, ал қазірде астанамыз елбасының құрметіне орай Нұр-Сұлтан деп аталады. Нұр-Сұлтан-бүгіннің, жарқын болашақтың қаласы. Туған жерім жайлы жазу барысында қаламның жеткен ең басты жетістігіне тоқталмай кету мүмкін емес. Мәселен, 2017 жылы елордада ТМД елдерінің ішінде алғаш рет халықаралық “ЭКСПО-2017” көрмесі өтті. Көрмені көруге әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адамдар келіпті. Осындай ауқымды жобаның Қазақстанда, бастысы астанамызда өткізілгені қазақ халқы үшін қандай құрмет. Алайда, таңқаларлық дүние емес, жас та болса Нұр-Сұлтан қаласы мәдениеті қарқынды дамып, шет елден келген қонақтарды ерекше таңқалдырып, күннен күнге көз алдымызда гүлденіп келеді. Тіпті басқа елді мекендерден қоныс аударып, елордаға оңды бағаларын беріп жатқандар да аз емес. Бес-алты жасымда Нұр-Сұлтанның көрнекті ғимаратарының бірегейі – Бәйтерек монументіне қызыға қарайтынмын. Ол жылдары ғимараттың енді салынған кезі еді. Арманым Бәйтеректің ең шыңына өрмелеп шығып, алтын шарды ұстау болатын. Шардың алтын түсіне ме, не домалақ пішініне ме, немесе бұл құрылыс кешенінің нақты алтын шарына бала көзімнің түскенін түсінер емеспін.

“Дүниеде туған жерге жетер қайда,
Шет жерде елді аңсаған күнің құрсын”. Әр адамзат баласының Отанына деген сезімі әртүрлі шығар. Біреулері өмір бойы туған жеріне ыстық ілтипатын білдерсе, өзгелері еліне көңілі толмай барынша сынап жатады. Өз басым ұлы даламызда дүниеге келгенімді мақтан тұтам.

Бірақ кейде жасыратыны жоқ шет елдің тұрмыс-салтына, халқына, ерекше сәулетіне қызыға қараймыз. Бұл қалыпты жәйт, адам болғаннан кейін өмір көріп, өзге елге саяхатқа шығу – қызықтырады және бізге үлкен мүмкіндіктер ашады. Алайда, Отанына деген сағыныш сезімін бәрібір де қимайды. Мен өзге қалаларға сапарға шыққанда сол мекеннің көшелерінен, ғимараттарынан, тіпті халқынан туған жерімді іздеймін. Отаныңның ауасы, кең байтақ даласы... Өкініштісі қазіргі таңда кейбір жастар шет елге барып, қалай сол жерге бейімделіп, өмір бойы осымекенде қалатынын түсінбей қалады. Еліне оралмағандардың саны қаншама десеңізші. Өкінішті... Неге екенін қайдам, Отанына деген сүйіспеншілікті барлығы сезіне бермейтіні ащы шындық. Мүмкін көпшілігі еліне қанағаттанбайтын шығар немесе бала кезінен өзге елде немесе өзге қалада тұрып өскенен болар. Қанша дегенмен “Бөтен жердің гүлінен туған жердің тікені артық”.

Өз басым кішкентайымнан ата-анамның туып өскен жері – Қарағанды облысы Қарқаралы өңірінде балалық шағымды өткіздім. Бұл өлке маған туған жеріммдей етене жақын. Қарқаралы – Қең байтақ жеріміздің мақтан тұтар азаматтары - ұшқыш Тоқтар Әубәкіров, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов, эстрада әншісі Мақпал Жүнісова сынды қазағымыздың біртуар азаматтарының кіндік тамған жері. Қасиетті Қарқаралының табиғатын айтсаңшы... Таза ауа, мөлдір бұлақ, көк майса орманы таңқаларлық. Бұған қала маңында орналасқан Шайтанкөл, «Кент» тауы, “Үлкен көл” сияқты жерлер дәлел. Әлі есімде.Жыл сайын туыстарымызбен “Қаратөбе” тауына көтерілетінбіз. Таудың шыңына жеткенде қаланың толық көрінсін тамашалайтынбыз. Сол сәтте ғана «мен Қарқаралының иісін сезіп тұрмын» деп қуанышым қойныма сыймай кететін. Ойын қуалап жүрген төрт-бес жасар бала кішкентай жүрегімен туған жеріндей болып кеткен қалаға деген ыстық сезімін нақты “Қаратөбе” тауында сезінгенін айтсаңызшы. Туған қаламды сүйемін, алайда ата-анам дүниеге келген елді мекен-Қарқаралыға деген сезімім өзгеше. Қарқаралының әсемдігін журналист Дархан Мұқантегінің қасиетті қала жайлы жазған өлеңі айқындайды.

“Көркіңе көз сүрінер –Қарқаралы,
Бір әсем жер екенсің Арқадағы!
Қала өмірі қажытқан жүйкең жасап,
Шеріңді көңілдегі тарқатады”.

Аллаға шүкір, тарихы мәңгі өшпес Отанымыз, жеріміз барда біз бақыттымыз. Дәл осы сәтте:
“Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен”, – деген Мұқағали атамыздың “Отан” өлеңі еске түседі. Отанды сүю – әр азаматтың борышы, сондықтан ата бабаларымыздың қалдырған мұрасын ақтап, мәңгілік еліміздің мәңгілік төрінде болайық.

0
Рейтинг: +0

Фото: prodengi.kz
Қосылған күні: 20 шілде, 13:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.