Айдана Абайқызы. Отаным, саған айтамын

Айдана Абайқызы. Отаным, саған айтамын
Фото: rds.org.ru

Ел ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Айдана Абайқызының  шығармасын ұсынамыз.

Әмірәлі Айдана Абайқызы 1997 жылдың шілде айының 1-ші жұлдызында өмірге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Философия және Саясаттану факультетінің Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандығында білім алған.

***

Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және т.б. ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репрессияға ұшырады. Міне еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп көркейіп, өсіп келе жатырмыз. Енді ата-бабамыздың еңбегін біз, жастар ақтауымыз керек, міндеттіміз!

Елбасымыз осы жылды жастар жылы деп жариялады. Сонау екі миллион жер аумақты алып жатқан, он сегіз миллиондай халқы тұрып жатқан, соның ішінде екі миллион жас ұрпағы бар елімнің жиырма бір жасар қызы боламын. Бала кезімнен мені неліктен мен осы ұлттанмын, немесе неге Қазақстанда туылдым, басқа елде мен сияқты сөйлейді ме екен деген сияқты сұрақтар мазалайтын. Әрине, балалық шағымызды жаратылысын жайлы сұрақтар жиі мазалайды емес пе? Оның жауаптарын мектебімнің табылдырығын аттағалы, ұстаздарымнан, дүниетану пәндерінен, өсе келе келе кітаптардан, теледидардан көрсететін түрлі бағдарламалар, жаңалықтардан көріп білдім. Астананың қалай көркейіп жатқан, түрлі-түрлі зәулім үйлер тұрғызылып, Бәйтеректің, Қазақстанның символына айналғанын көріп, кейін өскенде Астанаға барамын, Бәйтеректе ел басымыздың қолына алақанымды қоямын, ата-анамның мақтанышы болуы үшін еліме пайдасы тиетін, сіңетін азамат боламын деген арман, мақсаттың пайда болуына осы туған жерім қатты әсер етті. Өте патриот болып өстім десем қате айтпаймын. Өзімнің тегімді, ұлтымды, байтақ жерімді мақтан етіп, оның ақысын ешкімге жегізбейтіндей болу біз үшін міндет.

Өсе келе Қазақстан жайлы ішкі-сыртқы жағдайы, әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларынан хабардар бола келіп, әлі де дамушы мемлекеттер қатарында екенін, жақын болашақта дамыған елдер қатарына қосылуына санаулы қадамдар бар екенін білдік. Көп индустрия елімізде енді-енді аяқ басып, дамып, бәсекелестікке жол ашылып келеді. Жастар жылына орай өзімнің көзқарастарыммен бөлісу осы эссені жазуға итермеледі.

Елбасымыз Жастар жылы деп бекерден айтпады. Жаңа 2019 жылы Қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз өткен жылы бесінші қазандағы жолдауында оны – "Жастар жылы" деп жариялаған болатын. Жастар жылы- жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Жастардың еліміз техникалық, индустриялды тұрғыда дамуында соңғы он жылдықта жақсы дамып, үлкен нәтиже көрсетіп жатыр. Қазіргі кезде жеке кәсіпкерлік дамудан бөлек, жастардың арасында шығармашылық өте жоғары түрде дамып, өз жемісін көрсетіп келеді. Әсіресе оны еліміздің үлкен қалаларындағы жастар арасынан көре аламыз. Бірінде барды, екіншісі қайталамайтындай, бір-бірінен асып түсетіндей жаңа идеялар жүзеге асып жатқан жағдай бар. Оның барлығын техника, әлеуметтік желілердің дамығандығының арқасында көріп, біліп, тіпті керегін өзімізге алып жатырмыз. Елімнің дамуына мен де өз үлесімді қосқым келеді. Мамандығым әлеуметтік жұмысты, Қазақстанда дамытамын деген үміт бар, мақсат бар.

Т. Раушанұлы