Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Айгерім Қуаныш. Байтақ елім

Айгерім Қуаныш. Байтақ елім

Айгерім Қуаныш. Байтақ елім

Ел ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Айгерім Қуаныштың  шығармасын ұсынамыз.
 
Айгерім Қуаныш – 1999 жылы 22 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан-Британ университетінің студенті.

***

Мен – Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасындағы ұлан-ғайыр даласы мен дәулеті тасқан алқабының қызымын. Ата-бабамның бағзы заманнан бері қорғап, ірге тепкен қонысы – Қазақстанда туып өскенмін. Еліміздің қай мекені болмасын, оны суреттеп жатқаныңда бір тамсана қоятының айдан анық. Өз басым оңтүстік астана – Алматы қаласының тумасы болсам да, Отанымның бірнеше қаласын шарлап, әсем табиғатына және адамды баурап алу қасиетіне куә болғанмын.

Негізінен, менің кішкентай кезімнен бергі бір келе жатқан арманым бар. Ол –бүкіл Қазақстанды жолаушы ретінде көлікпен бір айналып шығу. Әлі есімде, теледидардан бір қосып қалғанымда сондай тақырыпқа түсірілген бейнебаянға көзім шалынып қалған. Бес топ адам үлкен автобуске мініп алып, Қазақстанды шарлап шығады. Алматыға кірер кезде, үлкен алманың суретін көріп, кейін Қарағанды қаласына аттанады. Сөйтіп жүріп ең соңында еліміздің бас қаласы Астана (Нұр-Сұлтан) қаласына келіп тоқтайды. Ал бейнебанға жазылған ән тіптен керемет – "бұл менің үйім, мен осы жерде туылдым" деген шумақтар айтылады.
Расымен де еліміздің соншалықты керемет және баурап алар жерлері жаратқан нығметтен келіп отырған нәрсе ғой!

Батыстан бері Жайықтың сарқылдаған суы мен Каспийдің толқыған арнасы жатыр. Бұл өлке менің Отанымдағы ең бірінші сапар шеккен мекенім, өйткені әкемнің кіндік қаны тамған осы жер болып келеді. Шіркін, балығын айтсаңшы! Әлі есімде, жазда әжем мен көкеме қонаққа барған уақытымда, қымыздан түске қарай бір ұрттап, кейін кешке балықшы жездемнің аулап келген сазанынан дәм ауыз алатын едік.

Одан бері келетін болсақ, Сыр елі, Сарыарқа даласы және Жетісу аумағы кең белесті алып жатқаны анық. Негізі бекер айтпайды ғой, бізді "ұлы даланың ұлы жерінде туып өскен балаға" теңеп жатады. Бұл нәрсенің бәрі бекер емес. Әуе жолында елордаға ұшып бара жатқанымда, алып және таусылмас далаға үңіле қарадым. К.Ахметованың айтқанындай:

"Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным".

Иә, мен үшін Қазақстаннан басқа, оған жететін, Отаным деп мақтан тұтып сөз атып қалатын еш бір жер жоқ шығар, сірә. Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл секілді даламның тамырларында өсіп, Ертіс пен Сырдарияның тарауларына бөлене қойған біз бақыттымыз деп ойлаймын.

Жетісу мен Әулие Атаның қазынасын енді сипаттау діл келер сын есімін таба алмай жатқаным, өйткені оны суреттеу де «қиын». Алатаудың қойнауына кіріп, талай адамның ауызын аштыртып жатқан бұл табиғи сұлулық расында да Алла тағаланың берген сый –сыйапаты ғой деймін. Түркістанға аттанар уақыттағы табиғатын айтсаңшы!

Ал енді шығысына келсек, ұлы Абай мен Шәкәрім ұрпақтарының туған жеріне айналған бұл мекен тым ерекше. Алуан қазба байлыққа бай, бір берекелі, сарқылмай тұрған ерекше мекен. Алтай мен ну көктеген Зайсанның әсер етуі тым бөлек дүние.

Болашақта меңзеген арманымды, Отанымның әр мекенін шарлап шығу, мақсатымның түп бұрышына қоятыным анық, өйткені суреттеген кейін–ақ бірден аралағың келіп кетеді. Қазақстаным –менің жер жәннатым, жүрегімнің жалғыз Отаны.

0
Рейтинг: +0

Фото: Yernar Almabek
Қосылған күні: 18 шілде, 11:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.