Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Сәтсіздіктің себебі

Сәтсіздіктің себебі

Сәтсіздіктің себебі

Шағын да қызықты бұл әңгіме сіздің өмірлік ұстанымыңыз болып қалмаса екен! 

Ли Шяуянның әңгімесі

Кадрлар бөлімінің бастығы Жау Ли екеуміз кадр болып тағайындалдық. Жаңа бір міндетке өсіп қалсақ деген ой бар. Ондай жағдай бола қалса екеуміздің біріміз көтерілетінімізді жұрттың бәрі де біледі. 

Алдағы жарқын болашағым мен жұмысым сәтті болуы үшін бастықпен қарым-қатынасты жақсартуға барынша күш салдым. Ол үшін көптеген тындырымды жұмыстар істеуден тыс, бастықтың көңілін таба білуім керек еді. Сол үшін де өзіме тиесілі жұмыстардан аянып қалғаным жоқ. Ал Жау Ли болса, жұмысқа немқұрайлы қарап, бастықпен де аса жақындығы болмады. Бұл мен үшін көңіл қуантарлық жағдай еді.

Сөйтіп жүрген күндерде мекемеде бір орынбасар бастықтың орны босай қалды. Өзіме деген сенімім мол. Әйтсе де, бұл орынға бастық Жау Лиды таңдаған болып шықты! Бұл әділетсіздікке таң қалдым. Көңілім таудан құлағандай, ұнжырғам түсті.

Бастықтың көлік жүргізушісімен жақын дос едім. Ол бірде маған:

-  Өзіңнің не себепті бұл орынға көтерілмей қалғаныңды білесің бе? Себебі, Жау Ли бастықты мейрамханаға апарып, өзі де бірге көңіл көтерді,-деді.

-  Онда тұрған не бар? Бұны менің жұмыстарым мен бастықпен соншалықты жақындығымды салыстыруға да келмейді ғой!

-  Аңғалым-ай, өмірдегі осынау бір қарапайым қағиданы да түсінбейсің бе? «Бастыққа он жақсылық жасағаннан гөрі, онымен бірге бір жамандық жасаған әлдеқайда пайдалы!»

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: ogoniok.com, freelibs.com

2066 2
Рейтинг: +5

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 01 қазан 2012, 16:44
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 22:12

)))))) өмір заңдылығы деші

+0
03 қазан 2012, 23:54

Шындығы деу керек. Заңдылығы анау досын таңдамай, бас кейіпкеріміздің өзін таңдау керек еді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев