- Негізгі бет
- Проза
- "Күз туралы күзсіз...
"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Күзгі мемуар
"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауына жіберілген шығармалар бірінен бірі асқан. Кей авторлардың өзіндік жазу мәнері қалыптасқандай. Сөзбен сурет салатын шығармашыл жандардың жазғандарына тәнті боп жатырмыз. Біз бүгін тағы бір ерекше шығармаларға кезек берсек.
Күзгі мемуар
Сұр бұлттар, бұлыңғыр тұман арасынан сізге менің күн көзім көріне ме? Сырымызды сыбырлап айтып, қалғып тұрған табиғатты оятып алмайық. Жауратқан жаңбырда жылыта алмағаныма кінәлаңыз. Өзге түгіл өзін түсінбеген менен, бірақ не сұрайсыз? Бірге кофе ішіп, қараусыз қалған бақты жалғыздықтан құтқарайын. Бағдаршамның барлық түсі бір саябақта жанғанда, себепсіз мұңайғым келеді. Ағаштан құлаған алтындарды жұбатып, желмен бірге вальс билейін. Құстардың қанатында көктеміңізді іздеп кете беріңіз. Жаздан кейінгі аялдамада жалғыз қалдырыңызшы мені, өтінемін...
Мереке Керімхан
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4-курс студенті
Қанатты періште
Табиғат ананың жаратылысында өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен, өзіне тән ерекшелігімен таңдай қақтырады. Әр мезгіл ауысқан сайын құдды бір жоғарыдан қанатты періште дәл ертегідегідей сиқырлы таяқшасын бір сілтеп қалып, айналаны әр мезгілге сай өзгерткендей ерекше бір күй кешесің. Табиғат ананың қанатты періштесі сиқырлы таяқшасын тағы бір сілтеп еді, айнала өзгеріп сала берді. Бұрын жасыл кілемге оранған дала дәл қазір қоңырқай түске боялып, бейне бір салып қойған сурет секілді күйге енсе, ашық жарқын көгілдір аспан әлемі қазір сұр қара бұлттарға толып алған, ал бізге нұр шашып тұратын оттай ыстық жарық күніміз дәл қазір бейне бір бізбен жас балаша жасырынбақ ойнағандай бір қара бұлт ортасында жасырынып, кішкене жарқырап, одан жылжып шыға келіп, екіншісі бұлтқа жасырынып, ойын ойнады. Жаз бойы шиқылдап өлең айтқан бір тынбай ұшып қонған құстар әлемінде де өзгеріс бардай бір тобы саяхатққа асыққан саяхатшылардай бірігіп қара сұр аспанды тізіліп ажырамай құлдилап алысқа ұшса, енді бір тобы біз ешқайда саяхат жасамаймыз дегендей қоңыр жерде қарға торғай жем іздеп бей жәй жүр. Гүлдей жайқалып әдемі өсіп тұрған ағаштар алемінде бұл мезгіл тыныш қалдырмаған сыңайлы, гүл түгілі жайқалу жоқ ызғарлы желге шыдай алмаған сияқты сірә, өңідері кетіп бірінен соң бірі қурап жатыр. Тіршілік ең маңызды бөлігі саналатын тір жан пендесі адамдар да мезгілге сай өзгеріс жасауда. Біреулері жылы киінсе, кейбіреулері піскен өнімді жинап жанталасып еңбек етуде, ал кейбір жандар жылы көрпеге оранып қызықты кітап оқуда, қанатты періште уақытында сиқырлы таяқшамен қай мезгілді сілтесе де тіршілік тоқтамай жалғасуда...
Урах Азиза
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің 2-курс студенті
Байқауымыз 26 қазан күні тоқтатылады. Мүмкіндігіңіз бар. Санаулы күндер қалды...
Байқау ережесімен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.
Бұған дейін ұсынылған шығармалар:
Исақан Жұмабай Алдабергенұлы мен Әсел Аққалиева
Айдана Ақсисенова мен Арухан Сабыр
Ақгүл Айдарбекова мен Жандос Әуесханов
Шаймарданов Аяулым мен Даирова Гүлдана
Ибраһим Сегізбаев пен Алпамыс Файзолла
Бекзат Галимұрат пен Назым Сапарова
Ақжарқын Нұрлан мен Айзат Жолдасова
Ж. Жұмағұлов