- Негізгі бет
- Проза
- Миллионерлер қандай кітап...
Миллионерлер қандай кітап оқиды?
Миллионер болғыңыз келе ме? Олай болса, өзіңізді миллионер секілді ұстаңыз. Уақытты текке жіберіп алмай, кітап оқуды бастағаныңыз абзал. Төменде тек миллионерлер ғана оқитын кітаптар топтамасы.
1. «Кіршіксіз тазалықты жоғалту сәтінде» Ричард Брэнсон. (Теряя невинность)
Өн-бойыңды қуат күші кернейді. Кейде өзіңді жоғары тұрғандай сезінесің. Дем алуың баяулайтын секілді. Бастамашы кәсіпкерге таптырмайтын кітап. Ескере кететіні, егер сіз тамаша сарапшылық қасиетке ие болмасаңыз, кітаптағы тағдырды қайталамағаныңыз жөн. Себебі оның салдары ауыр болуы ықтимал.
2. «Дарындылық үшін күрес» Э. Майклз, Х. Хэндфилд-Джонс, Э. Экселрод. (Война за таланты)
Керемет кітап. Адамды дұрыс бағалауды және құрметтеуді үйретеді. Қарапайым халық үшін ауадай қажет. Үлкен компания жетекшілеріне әбден лайықты.
3. «Мықты мемлекет» Фрэнсис Фукуяма. (Сильное государство)
Мықты мемлекет – бүкіл әлемге танымал, заманауи философияны толыққанды көрсеткен Фрэнсис Фукуяманың үздік шығармаларының бірі. Бұл кітапта футуролог мемлекет болып қалыптасу қағидаларын сараптайды. Мықты мемлекеттің XXI ғасыр басында басталған үлкен мәселелерін қарастырады. Мықты мемлекеттің кері жақтарын айшықтайды.
4. «Мацуситаның көсемділігі» Джон Котлер. (Лидерство Мацуситы)
Өте күрделі жазылған, трагедиямен аяқталатын шығарма. Мұнда кез келген адам өзінің мақсатына рухани және физикалық мүмкіндігін дұрыс қалыптастырған кезде ғана жетеді.
5. « Елестетіп көріңіз!»Том Питерс. (Представьте себе!)
Кітаптың төл атауы – «Rе-imagine». Бұл шығарма адамның жан дүниесіне әсер етеді. Оқыған адам жігерленеді. Оқырманды ойландырады, өз өмірін өзгертуге жетелейді. Адам психологиясын тануға септігі мол.
Оқи отырыңыз:
Әрбір адам оқуы тиіс 100 кітап
Саяхатты сүйсеңіз, Жюль Вернді оқыңыз
Чарли Чаплиннің 70 жасқа келгенде айтқан сөзі
Massaget.kz ұсынады. Жігіттерге арналған бес роман
Сурет: ljreader.com,books.simonandschuster.com,freeactioncoach.com
Н. Нұрмаханұлы