Чарли Чаплиннің 70 жасқа келгенде айтқан сөзі

Чарли Чаплиннің 70 жасқа келгенде айтқан сөзі

Чарльз Спенсер (Ча́рли) Ча́плин (1889 жыл, 16 сәуір - 1977 жыл, 25 желтоқсан) – америкалық және ағылшын кино әртісі, сценарист, композитор, режиссёр, кинематографияның мінсіз шебері. Америка киносындағы Чарли есімді қаңғыбас кейіпкерді сомдаушы.

Өзімді сүйген сәттен бастап өмірімнің жасандылыққа толы екенін көңілімде мұң мен қайғының көп болғанынан байқадым. Бүгіндері мен мұны «Шынайылық» деп атаймын.

Өзімді сүйген сәттен бастап біреуге уақыты келмесе де арманыңа ұмтыл деп айту арқылы оған жамандық жасайтынымды түсіндім. Мұны «Мойындау» деп атаймын.

Өзімді сүйген сәттен бастап басқа өмірге ұмтылуды доғардым және осы өмірімнің де маған едәуір сабақ үйретіп жатқанына көзім жетті. Бүгін мұны «Ақыл толысу» деп атаймын.

Өзімді сүйген сәттен бастап қай жерде, қай уақытта болсам да, мұның барлығының дұрыс екеніне көзім жетті. Мұны «Өзіме деген сенімділік» деп атаймын.

Өзімді сүйген сәттен бастап болашаққа алып жоспарлар құруды доғардым. Бүгін мен тек өзіме шаттық сыйлап, бақытқа бөлейтін істермен ғана айналысудамын. Мен мұны өз тәсіліммен жүзеге асырамын. «Қарапайымдылық» деп атаймын.

Өзімді сүйген сәттен бастап денсаулығыма зиянын тигізетін тамақтан, заттардан, сәттерден және адамдардан арылдым. Бастапқыда мұны дұрыс эгоизм деп, артынша «Өзіме деген махаббат» деп атадым.

Өзімді сүйген сәттен бастап әрдайым дұрыс айтуға тырыспайтын болдым, осыдан кейін көп қате жібермейтін болдым. Мұны «Ұялшақтық» деп атадым.

Өзімді сүйген сәттен бастап өткенді ойлап, болашаққа уайымдауды доғардым. Бүгін мен тек осы шақпен ғана өмір сүремін. Енді мен күн сайын өмір сүремін және мұны «Жүзеге асу» деп атадым.

Өзімді сүйген сәттен бастап миымның қате шешім қабылдап, мені ренжітетінін түсіндім. Бірақ оны жүрегіммен біріктірген кезде санам нағыз байлығыма айналды. Бүгін бұл серіктестікті «Жүректің ақылы» деп атадым.

Бізге енді өмірдің өзге келеңсіз жағдайларынан, пікірталастырудан қорқудың еш қажеті жоқ. Тіпті, жұлдыздардың өзі бір-біріне соқтығысып, жаңа әлемнің пайда болуына әсерін тигізеді. Мен мұның «Өмір» екенін білемін. 

Оқи отырыңыз: 

Бобби Макферриннің тапқырлығы (видео)

АҚШ-та нағыз Рокки жайлы фильм түсіріледі

Әнші жұлдыздардың тым артық боянатынын сынады

Салтанат Смағұлова: "Сенен өзге кім ұғады мендейді?!"

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: chaplin.bezsekretov.com

Н. Нұрмаханұлы