Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Қадыр Мырза Әли. Даңқ #3

Қадыр Мырза Әли. Даңқ #3

Қадыр Мырза Әли. Даңқ #3

"Жазмыш". Даңқ.

Қадыр Мырза Әли. Даңқ #1

Қадыр Мырза Әли. Даңқ #2

Қоғам да қызық, халқы да қалыспайды. «Соқыр көргенінен жазбайды» демекші, бір адам елдің назарына мықтап бір іліксе болды, әбден мезі қылады. Пришвин күнделігіне былай деп жазыпты: «Сонымен маған бір шың, бір көл, бір бұғаз сыйлады. Өкінішке қарай, ол шыңның басына шыға алмаймын, бұғазға жете алмаймын, өз көлімнің қызығын өзім көре алмаймын». 21 ақпан, 1951 жыл.

Даңққа табынбайтын халық бұлай істемейді. Олар табынбайды, сыйлайды, түсінеді. Ал табынатындар ше? Бірде Равен шіркеуінің құрбантасында тұрған шырақтарды халық сол жерден алып, Дантенің зиратына әкеліп қоятын болған: «Керілген Иса емес, сен лайықсың бұл құрметке!» деп есептеген. Үлкен кұрмет, әрине! Бірақ діннің тұрғысынан келгенде мұның өзі барып тұрған күпіршілік. Қор қылу да, кұдай қылу да халықтың қолында. Дәлірек айтсақ, пайғамбар жасау халықтың колында, бекерге мәз болып, өзінді-өзің алдау, алдану өз қолында!

Байлық пен дәулетке, билік пен мансапқа, атақ-абыройға - бәріне де философия көзімен қараған көне заман ақындары ештеңеге алаңдамаған, ештеңеге елікпеген, ештеңеге қызықпаған. Ежелгі Қытайдың ұлы ақыны Аспан асты аталатын байтақ елде өзінің сондай мәшһүр, сондай әйгілі екенін өте жақсы білген және соны ғаламат ұстамдылықпен қабылдаған. Юань Чженьге (әріптесі) жолдаған бір хатында былай дейді: Чаньчаннан Цзянсиге дейінгі үш мың шақырым қашықтыққа созылған алапат аймақтың бүкіл мектебінде, будда пұтханаларында, қонақүйлерде, тіпті үлкенді-кішілі қайықтарда - барлық жерде ілулі өз өлеңдерімді көрдім. Қарапайым халықтың, тақуа-сопылардың, зиялы қауымның, бойжеткендер мен жесірлердің қалай әнге қосып айтқандарын естідім».

Су Дун-по 1085 жылға дейін императорға ұнаңқырамай, алыс-алыс аймақтарда қызмет етеді. Оның өзін тізгіндеп ұстағанмен, күннен-күнге жайылып бара жатқан ақын даңқын ешкім шектей алмайды. Ел оның өлеңдерін ауыздан тастамайды. Зердеден зердеге, құлақтан құлаққа жалғасады. Керемет-керемет жібек маталарға ғаламат сұлу каллиграфиямен көшіріліп, алтыннан да қымбат дәрежеге көтеріледі.

Кюненің хянгалары (ән-өлең) буддалық салтанаттарда қытай мәтіндерінің орнына орындалатын болған. Бүкіл халық әнге қосып айтып жүрген. Бақсылар мен тәуіптер сол Кюнёнің жырымен ауруларды ұшықтап, емдеп, жын-сайтандарды үркітіп қуу үшін әр үйдің қабырғасына іліп қоятын болған.

Бір ғажабы: даңқтың ұлттық, діни шекарасы болмайды. Шығыстың ең жарық жұлдыздарының бірі - Джалаладдин Руми дүние салғанда түріктер, хазарлар, гректер, армяндар, мұсылмандар, православия сеніміндегілер - бәрі-бәрі келіп, өз дәстүрлері бойынша қоштасқан. Хафиздер құранын, раввиндер інжілін, православия әулиелері псалымдарын оқыған. Біреу рабабта, біреу сылдырмақта, біреу дутарда ойнаған. Ән салған, билеген. Махаббат туралы өлеңдер оқылған.

Бұдан артық не даңқ керек?! Тіріге болса болар, өлгенге даңқтың зияны жоқ.

Қазірде, әрине, заман өзгерді. Генри Уодсворд Лонгфеллоның өлгеніне бір ғасырдан артық уақыт өтті. Кезінде өз әріптестерінің ішінде одан асқан даңқты ақын болмаған. Көзінің тірісінде-ақ Американың ұлттық ақыны есептелген. Ол көрген құрмет, оның алған аса қымбат дипломдарын ілуге қабырғалар жетпеген. Кембридж және Оксфорд университеттері оған құрметті доктор атағын берген. Ресей және Испан академияларының толық мүшесі болып саналған. Тағысын тағы, тағысын тағы.

Шекспирдің даңқы рас, кешігіп келген. Бірақ құбылмалы емес, тұрақты. Дүние жүзінде ешқандай кітап, ешқандай том «Інжілден» қымбат болмаған, болып көрмеген. Ал Шекспирдің томдары ол шекарадан да аттап өткен.

Карл бірінші түрмеде басы шабылардың алдында, бәрін ұмытып, тек қана Шекспирдің туындыларын оқып жатқан.

Сый-құрметке ерте жеткен ұлы ақындардың бірі - Виктор Гюго. Ол жиырмаға толар-толмаста жетпістегілер аттай алмай жүрген даңқ табалдырығынан сүрінбей өткен. Жай оқырмандар ғана емес, корольдің өзі оны үзбей оқып отырған. Әріптестері бас иіп сәлем беретін болған. Король оның өлең кернеген кемеңгер кеудесіне Құрметті легион орденін өз қолымен қадаған. Өзінің таққа отыру салтанатына арнайы шақырған. Оның омырауындағы ең қымбат орденді көріп, әкесінің көңілі көкке көтерілген. Осының бәрі аз болғандай король Гюгоның отбасына сыртын алтынмен аптаған, көздің жауын аларлық фарфордан жасалған аса қымбат сервиз сыйлаған.

Байронның өлгеніне біраз уақыт өткен. Гете мен Вальтер Скотт әбден қартайған. Шатобриан мен Ламартиннің үндері өшкен. Ал Гюгоның ол кезде «Эрнадия», «Күзгі жапырақтар» және «Париж әулие анасының шіркеуі» атты әйгілі дүниелері жарық көріп, бүкіл Еуропада оның алдына шығарлық ешкім болмаған... 1845 жылы Виктор Гюго ақсүйектердің ең жоғарғы дәрежесі атағын алады.

Қадыр Мырза Әлидің "Жазмыш" кітабынан дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: nastol.com.ua

Қосылған күні: 05 тамыз 2014, 10:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.