- Негізгі бет
- Проза
- "Абай Жолы" романының...
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #10
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #6
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #7
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #8
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #9
ІІ-Кітап
Тайғақта
1
Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді. Құнанбай ақшадан уайым болмасын деп қайта-қайта мал сатқызады. Сапарға шығатын кез келеді. Құнанбай өзімен бірге Ызғұттыны ертіп кетпек. Оларды Семейге дейін шығарып салуға Ұлжан, Абай, Мәкіш (Абайдың апасы) қосыла жолға шығады. Мәкіш жол бойы жылау үстінде келеді. Абай оның жылауын тоқтатып, Топайкөкті айта түседі. Мәкіш Тоғжан жайлы бірер сөз қозғап қояды. Біршама жол жүрген соң қоштасар сәт келеді. Абай оқып, жиған-тергенін қағазға түсірген екен. Соны Ызғұттыға береді. Ұлжандар жыласып, қайырласады. Құнанбайлар көзден таса болғанша жұрт көз алмай тұрысты. Сосын жайлап артқа қайта кетті.
2
Ұлжан, Абайлар Қарқаралыға келгенде өзінің құдасы Тінібек оларды аса мейірімділікпен күтеді. Көп болмай Ұлжан, Мәкіштер қайтамыз деседі. Абай бір-екі жұмысым бар деп қалада қалатынын білдіргенде Ұлжан оған талай сөз айтады. Себебі, Абай әлі алты айдан бері қаладан қалаға жүріп, үйіне әлі бармаған болатын. Анасы ел-жұрт, бала-шаға, Ділдәні ойла деген еді.
Осыдан он бес күн өтіп, Абай мен Ербол ауылға бет бұрысты. Жолда күн батарда, жаңбыр жауғалы тұрғанда екі жігіт Орда тауына жетеді. Кенеттен жаңбыр себелей түседі. Бір тастақ қиядан асқанда кішкене ауылдың шеті көрінеді. Бұл Байшораның Бекей ауылы екен. Ауыл ішіндегі Бекей шаңырағына кіріп, сол жерде қонақ болады. Ас піскенше екі жігіт ұйқыға кетеді. Бір кез Абайдың түсі, яки өңінде ме "Топайкөк" шырқала кетеді. Екеуі де ояна кетісті. Бірақ ән әлі шырқалып жатты. Сыртқа шығып білсе, шырқап жатқан Шекей қызы Шүкіман екен. Өзі Тоғжаннан айнымайды. Кейін Шүкімандар Абайларға келіп, бірге көңіл-күй көтереді. Абай Шүкіманнан көз үзе алмай қалады. Себебі, бұл сұлу Түйеөркештегі Тоғжанды елестететін еді. Таң ата екі атты ауылға қайтады. Ұлжан ауылы Шалқар деген жерде екен. Жолда Абай мен Ербол Шүкіманға жаңа ат береді. Оны Әйгерім деп атайды. Абай Әйгерімді жар етуге бел буады. Абай ауылға жетіп, үш жасар Мағашын құшағына басады. Үлкен ұлы Ақылбай Нұрғанымның қолында өсіп жатқан болатын. Ал Күлбадан, Әбдірахман және Мағаштар Ділдәмен бірге. Көп өтпей Абай шешесіне Әйгерім жайын айтады. Ұлжан Абайдың бұл сөзін күйзеу қабақпен тыңдап, соңында опық жейтінін айтады. Бірақ, шешесінің қарсылығы байлауға бөгет болған жоқ. Осыдан кейін Абай Бекей ауылында он бес күндей боп қайтады. Абай осы арада барлығын риза етіп, үлкен мал беретін болып келіседі. Мал жағынан Абайға Оспан көп қарасады. Жақып, Жиренше, Оспан, Ғабитхандар құда түсіп қайтады.
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #11
Автор: Жолдас Өрісбаев
Сурет: kk.wikipedia.org
Ж. Өрісбай