Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / "Робинзон Крузоның" жалғасы бар екен

"Робинзон Крузоның" жалғасы бар екен

Иә, қате оқыған жоқсыз. Робинзон Крузоның шытырман оқиғасы жайлы романның жалғасы бар. Романның жалғасында ол Оңтүстік-Шығыс Азияда кеме апатына ұшырап, Еуропаға Ресей елі арқылы жетуге мәжбүр болады екен. Осы секілді танымал шығармалардың танылмаған қырларын біліп алыңыз...

1. Ревизор

Николай Васильевич Гоголь

Гогольдің «Ревизор» пьесасына басты сюжет ретінде Новгород губерниясындағы Устюжна қаласында орын алған жағдай негіз болған. Оны атақты орыс ақыны әрі жазушысы Пушкиннің өзі айтып берген екен. Өмірде осы ұлы классиктер дос болған екен. Сондықтан болар Гоголь өз шығармасын жазудан бас тартқан кезде, Пушкин досына оның жалғасын жазуға кеңес беріпті. «Ревизорды» жазу барысында Гоголь орыс халқының ұлы ақынына өз жұмысы жайлы жиі хат жазып, қай сатыда екендігінен хабардар етіп тұрыпты. Айта кетсек, пьесаның алғашқы оқылымында Пушкин туындыға қатты тәнті болған. Тағы бір қызықты дерек, пьесаны парсы тіліне аудару кезінде қала басшысының әйелінің есімін екінші қызына ауыстырған. Мұның себебі Иран елінде тұрмыс құрған әйелдің көңілін табу өлім жазасына тартылады.

2. Мастер және Маргарита

Михаил Афанасьевич Булгаков

Романның бірінші редакциясында Воланданың толық суреттемесі шамамен 15 қолжазба бетке дейін жеткен.

Алғашқы редакциялаулардың бірінде роман «Сатана» деп аталса, Воланданың есімі Астарот болған. Алайда кейінірек бұл есім ауыстырылған – себебі «Астарот» атауы әзәзілмен ассоциацияланады.

Сонымен қатар, Мәскеуде ешқашан «Варьете» театры болмаған, бірақ бүгінде осы атау үшін бірден бірнеше театр кейде өзара таласып жатады-мыс. Жазушының жесір әйелі Елена Сергеевнаның хабарлауынша, өлім алдында Булгаковтың «Мастер және Маргарита» жайлы айтқан соңғы сөзі «Чтобы знали... Чтобы знали» болған екен.

3. Он қара домалақ (Десять негритят)

Агата Кристи

Жазушы «Он қара домалақты» өзінің ең үздік шығармасы деп есептепті. Аталған романды «И никого не стало» деп те атайды.

Романды осылайша атауды алғаш болып америкалықтар қолға алған екен – олар романды "Десять негритят" деген атпен жариялай алмаған (себебі АҚШ елінде қара нәсілділердің көп болуынан), ал «Десять афроамериканцев» атауы мүлдем келіңкіремеген. Осылайша, олар мәтінде кездескен «Негритят» сөзінің бәрін индеец сөзіне ауыстырған.

4. Фаренгейт бойынша 451 градус (451 градуса по Фаренгейту)

Рэй Брэдбери

Романның «Фаренгейт бойынша 451 градус» деп аталуы осы температурада қағаз өздігінен жануына байланысты (Роман сюжетіне сәйкес, үкімет халықтан барлық кітапты тартып алып, өртеп жіберуге ұмтылады). Шынында қағаз өздігінен тек Цельсий бойынша 450 градустан асқанда ғана жана бастайды. Брэдберидің айтуынша, романға атау таңдау кезінде ол өрт сөндіру қызметінің маманынан кеңес сұраған және ол өз кезегінде температура межелігін шатастырып алса керек.

5. Үш ноян (Три мушкетера)

Александр Дюма

Александр Дюма «Үш ноянды» газеттердің бірінде сериал форматында жариялап тұрған және баспашымен болған келісімшартқа сәйкес, қолжазбаға жолма-жол төлемақы алып тұрыпты. Қаламақы мөлшерін көбейту мақсатында Дюма шығармада Атостың қызметшісі Гримоны ойлап табады. Ал «Двадцать лет спустя» деп аталатын кітаптың жалғасын жариялау кезінде Дюмаға әр сөз үшін төлемақы беріліп тұрыпты. Бастапқыда қолжазбада д’Артаньянның есімі – Натаниэль болған. Бірақ бұл есім басып шығарушыларға ұнамағандықтан өшіріліп тасталған.

Дюма «Үш ноянды» жазуда Огюст Макемен (1813-1886) бірге жұмыс істеген. Дәл осы автор Дюмаға «Граф Монте-Кристо», «Черный тюльпан», «Ожерелье королевы» секілді туындыларды жазуда да көмектескен. Кейінірек Макемен сотқа шағымданып, Дюмамен бірге жазған 18 романды өзінің жеке туындысы ретінде есептеуді талап етеді. Алайда сот оның талабын қабыл алмайды. 

6. Ақыл азабы (Горе от ума)

Александр Сергеевич Грибоедов

19 ғасырда актрисалар «Мен ар-ұяты бар әйелмін және ұятсыз рөлдерді ойнамайын» деген сылтаумен «Ақыл азабындағы» Софьяны сомдаудан бас тартатын болған. Мұндай рөлді олар әлі басты кейіпкердің жұбайы болып үлгермеген Молчалинмен болған түнгі әңгіме деп санайтын. Грибоедовтың «Горе от ума» еңбегінде «Ах!» 54 рет, ал «Ох!» 6 рет кездеседі.

7. Соғыс және бейбітшілік (Война и мир)

Лев Николаевич Толстой

Романның аталуына қатысты түрлі нұсқалар бар: «1805» (осындай атаумен романның үзіндісі жарияланған),  «Все хорошо, что хорошо кончается» және «Три поры».

Алғашқы жарияланымда роман 6 томға бөлінген. Бірақ романды 1873 жылғы шығармалар жинағына қосқанда, Толстой оны төрт томға бөлген, француз тіліндегі тіркестерді аудармамен алмастырған, ал тарихи-философиялық шегіністерді мәтіннен тыс жерге шығарады. Дегенмен, ақырында одан айнып, тек төрт томға бөлуді ғана қалдырады.

Толстойдің өзі аталған романға шүбәмен қараған. 1871 жылдың қаңтар айында ол Фетуге мынадай хат жолдайды: «Бұдан былай «Соғыс» секілді түкке тұрмайтын көпсөзді нәрселерді жазбайтыныма қуаныштымын».

8. Әлемдер соғысы. (Война миров) Әңгімелер

Герберт Уэллс

1938 жылдың 30 қазанында Нью-Джерси штатында Герберт Уэллстің «Әлемдер соғысы» романы бойынша оқиға орнынан хабарланатын радиорепортажға пародия ретінде радиоқойылым таратылды. Трансляцияны тыңдаған 6 миллион адамның бір миллионы болған оқиғаның шындығына сенгіп қалған. Нәтижесінде халықтың зәресі кетіп, он мыңдаған адам өз үйлерін тастаған, ал жолдар босқындарға толған. Телефон линиялары барынша толған: мыңдаған адам марсиан кемелерін көрген сияқты болғандарын айтып жеткізумен болыпты. Ақырында ешқандай шабуылдың болмағанына халықты сендіру үшін үкіметтің алты апта уақыты кеткен.

9. Үй жануарлары зираты (Кладбище домашних животных) 

Стивен Кинг

Түпнұсқада шығарма атауындағы «зират» сөзі (ағыл. cemetery) әдейі әріптік қатемен жазылған (sematary). Осылайша автор зираттағы тақтайшаны сауатсыз балалардың жазғанын көрсетпек болған.

Стивен Кинг – Ramones панк-тобының жанкүйері болғаны да белгілі. Сондықтар болар аталған топтың «Blitzkrieg Bop» «Hey-ho, let’s go!» деп аталатын әндерінің қайырмасы «Үй жануарлары зираты» романының екінші бөліміне эпиграф болған. Алғыс айту мақсатында Ramones тобы да «Pet Sematary» («Үй жануарлары зираты») деп аталатын ән жазған.

10. Робинзон Крузо

Даниель Дефо

Робинзон Крузоның шытырман оқиғасы жайлы романның жалғасы бар. Романның жалғасында басты кейіпкер Оңтүстік-Шығыс Азияда кеме апатына ұшырап, Еуропаға Ресей елі арқылы жетуге мәжбүр болады. Ол қыстың өтуін күтумен сегіз ай бойы Тобольскіде өмір сүреді.

11. Қоңырау кім үшін соғады (По ком звонит колокол)

Эрнест Хемингуэй

Романның атауы ағылшын ақыны және XVII ғасырда өмір сүрген дін қызметшісі Джон Доннның уағызына келіп тіреледі. Тіпті роман эпиграфы да сол уағыздың үзіндісі.

Романның басты кейіпкерінің прототипі аты аңызға айналған кеңес тыңшысы, «Полковник Ксанти» ретінде танымал болған Хаджиумар Мамсуров болыпты. Испаниядағы Азамат соғысы кезінде Хаджиумар мен Хемингуэй екі кеш «Флорида» қонақ үйінде әңгімелескен. Хемингуэй өзінің әңгімелесушіне тәнті болған. Оның әңгімелері оған қатты әсер еткен екен. Және «Қоңырау кім үшін соғады» романын жазуды ұйғарған Хемингуэй батыл полковник Ксантиді басты кейіпкердің бейнесі қылуды шешеді. Хэмингуэй сол күйі македониялық Ксантидің шын мәнісінде кеңес барлауының майоры болғанын білмей кеткен.

Хэмингуэй романда Марияны сипаттау кезінде көз алдына Ингрид Бергманды (атақты америкалық актриса) елестеткенін айтып өткен. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: iamsocial.ru

2508 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 20 тамыз 2013, 13:51
Пікірлер
+0
20 тамыз 2013, 14:47

бәрі де ең таңдаулы шығармалар, бәрін де ерінбей оқып шығу керек. "Война и мирды" бастап едім, әлі біте алмай жатырмын

+0
20 тамыз 2013, 17:38

көбін оқымаппын :oops:

+0
20 тамыз 2013, 18:14

Abay jolinan kyin emes bul wigarmalar, ozindek erekweliteri jeterlik :arrow:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...