"Толғауы тоқсан Төлеген"  атты  республикалық  ақындар мүшәйрасы өтеді

"Толғауы тоқсан Төлеген"  атты  республикалық  ақындар мүшәйрасы өтеді

Ақмола облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, драматург, аудармашы, публицист, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Төлеген Қажыбайдың 80 жылдық мерейтойына орай өтетін  "Толғауы тоқсан Төлеген" атты республикалық  ақындар мүшәйрасын  өткізетінін хабарлайды.

Мүшәйраның мақсаты:

• Қазақтың көрнекі ақыны, жазушы, драматург, аудармашы, публицист, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Төлеген Қажыбайдың 80 жылдық мерейтойына орай ақынды ұлықтау, аруағына тағзым ету;

• Киелі Көкшетау топырағының терең тарихы мен ғажайып табиғатын өлеңге арқау ету;

• Талантты жастардың шығармашылық ізденісін арттыру.

Мүшәйраның шарттары:

Мүшәйраға әр облыстан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан бір ақын (18-40 жас аралығындағы) қатыса алады. Сайысқа қатысушылардың өлеңдерін қабылдау ү.ж. 30 қарашаға дейін жалғасады. 2022 ж 9 желтоқсан күні қорытындысы анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталады.

Мүшәйраға қатысушылар 2 шығармадан ұсынады.
1. Ақын Төлеген Қажыбайға арнау өлең.
2. Көкшетау немесе Көкшетау топырағынан шыққан тарихи тұлғаға арнау.

Мүшәйра екі кезеңнен тұрады.

1. Іріктеу кезеңі (өтінімдер мен өлеңдерді қабылдау)

2. Ақтық кезең (жеңімпаздарды анықтау, марапатау)

Іріктеу кезеңінен өткен он ақын Көкшетау қаласына шақырылып, Төлеген Қажыбайдың 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың қонағы болып, қаржылай сый-сияпатқа ие болады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: сөз өткірлігі, тапқырлығы, айтар ойының көркемдік деңгейі.

Жолданған  шығармаларды саралап төрелік жасау үшін Республикаға   белгілі, ақын-жазушылардан қазылар алқасы құралады.

Төлеген Қажыбай жайлы толық ақпарат ережеге қосымша жолданады.

Жүлде қоры:

-  ­Бас жүлде 1 000 000 теңге;

- Бірінші орын 700 000 теңге

- Екінші орын 500 000 теңге;

- Үшінші орын 300 000 теңге; 

Ақындардың шығармалары 2022 жылдың 30 қарашаға дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады:  Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі 218.

Байланыс тел: 8 (7162)25-78-23

Электронды пошта: ocnt-kokshetau@mail.ru

А. Оралқызы