Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдығына орай жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдығына орай жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдығына орай жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жыр қағаны Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдығына орай "Жырлайды жүрек" атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйраны өткізудің мақсаты:

– көрнекті ақын, қарымды қаламгер, сөз зергері Жұматай Жақыпбаевтың жарқын бейнесін дәріптеу;

– мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

– әдебиеттің дамуына ықпал ету.

Мүшәйраны ұйымдастыру тәртібі:

Басқарма мүшәйраның ұйымдастырушысы болып табылады.

Мүшәйраны өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және аталмыш басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.

Мүшәйраның шарттары:

Мүшәйраға қатысушылар екі өлең жолдауы шарт:

1) Арнау өлең (Ж.Жақыпбаевтың жарқын бейнесін, бірегей болмысын суреттеу);

2) Еркін тақырып.

Әр автордың өлеңі компьютерге Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және үш беттен аспауы шарт.

Мүшәйраға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.

Өлеңді бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі.

Мүшәйраға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық басқа да) әзірленген өлеңдер қабылданады.

Қатысушылар өздері туралы мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі, байланыс телефондары мен төменде берілген кестені толтырып), 2020 жылғы 10 наурызға дейін электронды түрде asemake@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, Алғыс хаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Қорытынды ережелер:

Мүшәйраға келіп түскен өлеңдерді танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Мүшәйраға түскен барлық өлең іріктеліп, үздік деп танылғаны басқарманың ресми сайтында жарияланады.

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 20-кабинет. Байланыс телефоны: 8(7282)40-01-60, факс: 30-59-50, e-mail: asemake@mail.ru.

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 18 қаңтар, 09:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.