Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Асыл жандар, мұғалімдер, ұстаздар

Асыл жандар, мұғалімдер, ұстаздар

Асыл жандар, мұғалімдер, ұстаздар

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  "Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы"  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған.

Ұстазға — Төлеген Айбергенов
I
Мектепке алғашында ерке келдім,
Төбелес, сотқарлықты ерте келдім.
Қай жерде ұрыс-қағыс шу-шу болса,
Бір нәрсе беретіндей ентеледім.
Сол жерден іздегендер тапты мені,
Қонбады ақыл сөздің ешбір емі.
Көрсем де талайлардан қатты соққы,
Дедім мен: "Батырлықтың" осы жөні.
Мұнымды көп өтпей-ақ біліп қалып,
Қыстың көп тергеудің астына алып.
Кішкентай төбелескіш тентек қолым,
Сол күннен қалды амалсыз құлыпталып.
Ермегім болды енді кітап қана,
Қызығып оқи бердім құмарлана.
Ертеңгі болашақтың зор күмбезі,
Көріне берді маған мұнарлана.
Тоқтамай солай қарай жүре бердім,
Батпақты жол қиынын жүре көрдім.
Ақыры жеттім сол бір мұнараға,
Өрмелеп биігіне міне бердім.
Маршалым бүл жорықта өзің болдың,
Мендегі сотқарлыққа төзім бердің.
Кешегі со л бір тентек шәкіртіңнің,
Мінеки, адам болған кезін көрдің.
Шәкіртің көрмек болып келді бүгін,
Баяғы есіне алды тентек күнін,
Айтпақшы білім берген ұстазына,
Борышты өмір бақи екендігін.
II
Ойыныңның ойпатында өрледі өлең,
Білімнің сүтін ішіп көгеріп ем.
Қош-сау бол, ақпейілді ұстаз әке,
Аралдай асып жатқан кемерінен.
Түлеттің, жас қырандай қалықтаған!
Қияға қанатымды қағып барам.
Өлкеме өнегеңді алып барам,
Жанына жас ұрпақтың жағып бағам.
Ықылас Атырауынан маған деген,
Өзіңнен таптым әр кез табам деп ем.
Ақ өркеш Алатаудай асқар ұстаз,
Махаббат Сырдария саған деген.
ІІІ
Онжылдық сыбағасын асағасын,
Аттап ем институт босағасын.
Келеді әлі шырқап ұша басым,
Туған ел мәпелеуде жас ағашын.
Томынан ленинизм-қалың бақтың,
Жаныма мәңгі өшпейтін жалын таптым.
Өттім сан күрес-жылдар үтірінен,
Кеп қалды нүкте қояр жақындап күн.
Кеп қалды жолдама алар күн өмірге,
Ойнайды қуаныш от іреңімде,
Жыры бар зор сенімнің жүрегімде,
Қайраттың тасқыны бар білегімде.
Өзгертіп, гүлге бөлеп, дала тынды,
Аламын болашақтан алатынды.
Старты бітірудің берілген сәт,
Қағуға тұрмын дайын қанатымды.

Ұстаз – Жұмекен Нәжімеденов

Мұз жамылып жатпасын деп қыста мен —
жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең.
Бір ғажайып құзар-шыңды нұсқап ең,
Өзіміздің Алатаудай биік ол...
 
Сен бір үлкен өзен едің мол сулы,
толқыныңның жалы жатыр Ай қағып,
Мен — жас бұлақ, үйретіп ең толқуды,
келем әлі белгісіздеу сайда ағып.
 
Шомылып мөлдір өзенге,
сергіп те қап ем оянып,
жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.
 
Ғажайып қырлар гүлденген,
қызылды-жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.
 
Болмайтын сынды тоқталсам,
жетпейді ақыл-қиялым:
Күйдірем нені — от болсам,
су болсам — қайда құямын?
 
Уақыт қуып барады —
асығып келем, асығып.
Сырыңдай мына даланың
ашылып келем, ашылып.

Ұстазым — Фариза Оңғарсынова

Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің – сырқаулы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:
ол — өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам – елдің тірегі, байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік!
 
Ұстазым – Әбдірахман Асылбек

Ұстазым, арманымның белесі едің,
Мен бүгін өзіңменен кеңесемін.
Әдеппен "Әліппені" үйретпесең,
Әдепті адам болдым демес едім.
Ұстазым, арманымның белесі едің,
Көк сүйген тауларымның төбесі едің.
Алдыңда ақыл кені ақтарылып,
Дария даналармен теңесемін.
Ұстазым, арманымның белесі едің,
Қызықты күндерімнің елесі едің.
Алуын алдым сенен алуымша,
Еліме ұшан-теңіз берешегім.
Ұстазым, арманымның белесі едің,
Самғайтын қиялымның кемесі едің.
Өмірлік өзің берген өнегеңмен
Күлімдеп қарсы алады келешегім.

Ұстазбен сырласу – Ғафу Қайырбеков

Қаншама рет қалам тартсам қасымда,
Сен тұрасың жүрегімнің басында,
Сен өзімнің өміріме кіргенсің
Сонау-сонау сегіз-тоғыз жасымда.
Қаламға бір, саған да бір қараймын,
Жақсы атымды, мақсатымды санаймын,
Барлық тәуір күндерімде сен барсың,
Жүздерінде сан жыл менен сан айдың.
Мен біреуді қадірлесем, сыйласам,
Адал дос пен азаматты жинасам,
Не бір ұлы биік-биік мінбеде
Сөз сөйлесем, шешендерді тыңдасам.
Бәрінде де сенің даусың, үнің бар,
Сенің жаның, сенің тәтті тілің бар,
Өн бойында осынау бір өмірдің
Өзің берген парасат пен білім бар.
Ол болмаса - сенің де атың өшкені,
Жүрегіңнен махаббаттың көшкені,
Уа, мұғалім, өз бетіңе тік қарап,
Сәл ірілеу кетіп қалсам, кеш мені!
Дауыстаман: мен сүйемін сені! - деп,
Қасыма кеп, дәптеріме төніп өт,
Онда сенің, сенің ғана атың бар
Бала күннен көп жаттаған көкірек.
Сені жазбай ешбір сабыр жоқ маған
Күнім де жоқ есіміңе соқпаған,
Сонау Ұлы Ыбырайдан бір бастап,
Мен қазіргі Мақатқа1 кеп тоқтағам.
Сонда-сонда көңіл адал, жан ізгі,
Өтеу еді шәкірт болған қарызды,
Әлі күнге ылғи класс ішінде
Менің өмірім оқып жүрген тәрізді.
Бұл Қоғамның, бұл қауымның көзінше,
Сәл қисайып, осалдығым сезілсе,
Сен қарады-ау, сен қиналып қалды-ау деп,
Кешу сұрап, күбірлеймін өзімше.
Асыл жандар, мұғалімдер, ұстаздар,
Шын шеберлер, өнерпаздар, іспаздар,
Әр шәкірттің кеудесінде бір ту бар,
Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар!

0
Рейтинг: +0

Фото: Yernar Almabek
Қосылған күні: 05 қазан, 11:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.