Жастар жылына орай ұйымдастырылған мүшәйра жеңімпаздары анықталды

Жастар жылына орай ұйымдастырылған мүшәйра жеңімпаздары анықталды
Фото: krgtil.gov.kz

"Жастар жылы" аясында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды. Еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындарын аламан жыр бәйгесі өтетінін хабарлаған едік. Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігі Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі жыл сайын өткізіп келе жатқан дәстүрлі жыр мүшәйрасы мәреге жетті.

Республикамыздың әр түпкірінен түскен өлең-жырларды "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің» басқарма төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі Дархан Қыдырәлі төбе билік еткен қазылар алқасы сараптай, саралай келе, тақырып аясынан табылып, төгілте, тебірене жырлай білген жас ақындардың өрнекті де өрелі өлеңдерін төмендегі жүлделерге лайық деп тапты.

Бас жүлде – Біржан Ахмер "Жастық жалыны".
Бірінші орын – Алаш Тұрсынәлі.
Екі екінші орын– Асылбек Жаңбырбай "Мәңгілікке ұласу", Ұмтыл Зарыққан "Рухым Хан Кенемен бірге менің" топтама өлеңдері;
Үшінші үш орын – Шерхан Талап "Тараз", Мұқият Қойшыбайұлы "Жүрегім менің сөйлеп тұр", Әділет Серікұлы "Ұлы дала төсінде";
Ынталандыру сыйлығы – Жәнібек Әлиман "Мендік ғұмыр отпен тең", Құрманғазы Жұмағұл "Смағұлдың Мәскеуге аттануы", Мұхтар Күмісбек "Оң құлағы шыңылдайды Отанның", Оразай Жеңісұлы "Алтай Жаңбыры", Ернар Дулатұлы "Мен — болашақпын".

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі шілденің 2-сі күні Нұр-Сұлтан қаласы "Жастар театрында" 17:00 сағатта өтеді.

Т. Раушанұлы