Күллі түркі рухын ту көтерген

Күллі түркі рухын ту көтерген

Назарларыңызға "Өмірімнің бәрі өлеңнің" кезекті санын ұсынамыз. Бұл санда ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Марфуға Айтхожа Ғалиқызының "Күллі түркі рухын ту көтерген" атты өлеңіне жасалған видеоны көре аласыздар. Өлең белгілі таэквондошы, ҚР таэквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, қазақтың біртуар азаматы Мұстафа Өзтүріктің рухына арналған. Қамал алар жасында қыршыннан қиылған даңқты спортшы осы елге өз біліміммен, күшіммен көмектессем деген арман қуып, атажұртына тәуелсіздік алған жылы келген еді. Оның еңбекқорлығы, жеткен жетістіктері өсіп келе жатқан жас буынға үлгі болары анық. Өлеңді оқыған: Ербол Жұмабайұлы. Видеолар "Барып қайт, балам, ауылға", "Қазақтың қара баласы" деректі фильмдерінен алынды.

Y. Almabek