Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Күн батып барады...

Күн батып барады...

Күн батып барады...

Құрметті оқырман, бүгін сіздерге жас ақын Мұрат Сұлтанбайдың шығармашылығынан өлеңдер ұсынбақпыз. Қаламын жанына серік еткен жүрегі жырға тұнған автор лирикаға толы өлеңдерімен қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қоссам дейді...

 Күн батып барады...

Күн батып барады,күн батып барады,

Бір сырлы әуенді тыңдатып барады.

Ғаламның мынау тым бақытты адамы,

Тағы бір күнді ұрлатып барады.

Күн батып барады,

Жесірдің үйі молаға айналып,

Жетімнің жасы толағайланып,

Тоқалды байдың жоны ары айланып,

Құдайы қонақ қомағайланып.

Күн батып барады,

Күндізгі түлкі қасқыр боп ұлып,

Қасқырдан бетер тақсыр боп ұлық.

Ағайынды алдар аңдысып арбап,

Сарайын мәрмәр тас түрме қылып.

Күн батып барады,

Ұрының қары арқасын қағып,

Қайыршы шалдың арқасын бағып.

Ырысын шашқан ынжық ұлына,

Қарымы қайтқан қарт ашуланып.

Күн батып барады,

Бояуы кетіп қала көріктің,

Иісі аңқып дала да өліктің.

Қақпанын байлап аңшы атқа қонып,

Жасына шөлдеп жаралы еліктің.

Күн батып барады,

Жылтылдап жанып түнгі оттар шалаң,

Өзіне өзі құл боп барша адам.

Жүрегім, тыңда міндет бар саған,

Ертеңгі күнді кім боп қарсы алам.

Ертеңгі күнді кім боп қарсы алам...?

 

 Сен әппақ гүлімсің

Күмістей нұрға ырғалып батқан,

Күмістен нұрлы түрің шын.

Даланың шығын сырға ғып таққан,

Сен менің әппақ гүлімсің.

Бола алмай ойдың саябыр уағы,

Жатқанын білмей не сырдың?

Үзіп алудан аядым дағы,

Жүрегіме әкеп көшірдім.

Сен дағы соны мойындадың-ау,

Мойындағасын гүлдедің.

Тамырың тұла бойымда мынау,

Тағдырым болып тұр менің.

Жұпар исің сарайымды ашып,

Санама келіп түсті нұр.

Мауқымды тағы алайын басып,

Тұра тұр келмей қыс ғұмыр.

*****

Іздерім секілді жол жұтқан,

Бір белгі қалмайды-ау бұл күннен.

Мұңайып бағана сондықтан,

Өзіңді қаттырақ сүйдім мен.

Сырымды айтамын кімге өзге,

Мені де батырар бал-бұл күн.

Мен жайлы айтар деп бір кезде,

Бетіңе бір белгі қалдырдым.

Кім мәңгі мекендер жер бетін,

Сен мені ұмытпа қарағым.

Қөзіңде қалсын деп келбетім,

Қадалып ұзақтау қарадым.

Артықтау сөйлесем, кеш қалқам,

Қиял-ай, осындай ұшқыр ма ең?

Алақан жаяр деп еске алсаң,

Қолыңды қаттырақ қыстым мен.

Алаңсыз енді ұйықтай беремін,

Үрейдің ілініп кірпігі.

Еске алар сен бар деп сенемін,

Оянбай қалсам мен бір күні...

 

Сурет: wunderground.com

2769 12
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 05 маусым 2012, 15:24
Пікірлер
+0
05 маусым 2012, 15:43

Ырғағымен еліктіреді екен...

+0
05 маусым 2012, 15:44

Алаңсыз енді ұйықтай беремін,

Үрейдің ілініп кірпігі.

Еске алар сен бар деп сенемін,

Оянбай қалсам мен бір күні...

+0
05 маусым 2012, 16:02

осы өлеңінің әні де бар, қателеспесем

+0
05 маусым 2012, 15:45

Табылды сияқты толғаныпты...

+0
05 маусым 2012, 15:52

Тамырың тұла бойымда мынау, Тағдырым болып тұр менің. - Мына жолдарды еш жерден жолықтырмадым. Поэзияға ерекшелігімен келіпті...

+0
05 маусым 2012, 16:04

"Кім мәңгі мекендер жер бетін,

Сен мені ұмытпа қарағым.

Қөзіңде қалсын деп келбетім,

Қадалып ұзақтау қарадым" ТАМАША!!!

+0
05 маусым 2012, 16:38

Кейде ақындардың өлеңдеріндегі сөздер өмірлерінде қайталанып жатады... Сөзге абай болсаңыз екен... Ал жыр әдемі...

+0
05 маусым 2012, 16:42

енді оянбай қалатынымыз белгілі ғой бір күні

+0
05 маусым 2012, 16:58

романтИк))))) ұнады)) Өзім де романтИк боп жүргенде...))

+0
05 маусым 2012, 17:11

Ертеңгі күнді кім боп қарсы алам...?

+0
21 маусым 2012, 15:02

орынды сұрақ!!!

+0
05 маусым 2012, 21:57

өлең өлең жазғым келеди

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...