Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Оянып жатыр Алматы...

Оянып жатыр Алматы...

Оянып жатыр Алматы...

Массагет ұжымы сіздердің назарларыңызға жас ақын қыз Әбілхан Ақеркенің өлеңдерін ұсынады. Өлеңдері бір оқығаннан-ақ көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Тәтті қиялдар мен армандар еліне сапарға шақырады. Оқып көріңіз! 

Оянып жатыр Алматы

Жастығым – сағым,  көрпем –мұң,

Жамылып алып, өртендім.

Ұрысып қалып ұйқыммен

Төсегін түннің төңкердім.

 

Шабытым – қонақ, жырым – құт,

Оқы да, менің сырымды ұқ,

Сол сырды іште жасырған

Сөздерім бейне шымылдық.

 

Кәрі түн неткен ұзақ тым,

Жұлдыз боп көкте жүз ақтым.

Тұтқыны болып отырмын

Ой дейтін үлкен тұзақтың.

 

Құр қағаз бенен құр қалам

Ұйқымды солар ұрлаған.

Жо-жоқ, жылап отқам жоқ

Өйткені жасым құрғаған...

 

Жанарды көкке қаратып,

Жырымнан жұлдыз жаратып

Дәл менің үміттерімдей

Келеді қайта таң атып.

 

Көңілім – күзгі күміс шық,

Жүрегім жаздай тым ыстық.

Шіркін-ай, қандай жағымды

Таң атар кезгі тыныштық!

 

«Кісінеді» қоңырау зарлы аты

Қарасам, сағат таңғы алты.

Сәждеге басын қоймаққа

Оянып жатыр Алматы...

 

Тек Біреуге келеді еркелегім!..

Жандырғың кеп іздесең ,өрт-өлеңім,

Түбіндемін жүректей жертөленің.

Несіне лапылдайсың,

Жетер енді!

Онсыз да маздап мұңмен өртенемін.

Сезімдерден келе ме көлкелегің,

Әлде жаншып келе ме желкелегің?

Өлең, сен одан да өртесеңші:

Жұбатпай, жылатқан еркелерін

Заманның сезімсіз серкелерін.

Ал, өрт-өлең,

ендеше жырлап өткін

Қалдырмай қазағымның еркек, ерін.

Өзге ой ойлмаңдар,

бәріне емес,

тек Біреуге келеді еркелегім!..

Сурет ақынның жеке мұрағатынан алынды

288 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 29 мамыр 2012, 18:30
Пікірлер
+0
29 мамыр 2012, 20:09

Тамаша Ақерке, оқырманың көбейе берсін!

+0
31 мамыр 2012, 11:22

айтқаныңыз келсін!

+0
29 мамыр 2012, 20:16

Жастығым – сағым, көрпем –мұң,

Жамылып алып, өртендім.

Ұрысып қалып ұйқыммен

Төсегін түннің төңкердім.

базара нееет!!!! :lol: :D

+0
29 мамыр 2012, 21:50

super!!! ote unady, sooo pozitivno eken :) Jaraisyn!!!!!

+0
29 мамыр 2012, 21:51

Бірінші өлең өте әдемі. Болашақта өлең тақырыптары терең, иірімдері ерекшелетуге тырысу керек деп ойлаймын. Анна Ахматова, Марина Цветаева сынды классиктерді көп оқуға тырыс.

+0
29 мамыр 2012, 22:05

тамаша)) :lol:

+0
30 мамыр 2012, 00:33

жақсы екен. Бізде жақсы жазатын қыздар бар екен ғой

+0
30 мамыр 2012, 10:03

Біздің қыздар мықты әрі нәзік...

+0
30 мамыр 2012, 11:32

Өлеңің ұнады. Әсіресе бірінші өлең! Иірімі өзгеше. Екінші өлең көп өлеңнің бірі сияқты. Керемет!

+0
30 мамыр 2012, 13:12

Әдемі екен өлеңің, ұйқастары да шымыр. Жарайсың ;)

+0
30 мамыр 2012, 15:20

Керемет, Ақерке

+0
30 мамыр 2012, 16:58

Нұр тұнған жолдар....... :!:

+0
30 мамыр 2012, 17:08

Түрі таныс бойжеткен. Өлеңі өрнек бал неткен! КазГУ жақтан жырдың лебі ескендей...

+0
31 мамыр 2012, 11:23

рахметтер!))

+0
05 маусым 2012, 00:39

әдемі ұйқас, тамаша жыр! Жарайсыз!

+0
05 маусым 2012, 17:06

Тамаша, Ақерке!!

+0
19 маусым 2012, 01:50

рахмет

+0
03 қыркүйек 2012, 06:11

Көп өртенеді екенсің. :D

+0
19 қыркүйек 2012, 11:12

тағы алтыға дейін ұйқтамағанына қарағанда біреуге ғашық сиқты

+0
19 қыркүйек 2012, 11:57

ғашық едім ғой :)

+0
26 қыркүйек 2012, 13:38

осы кыздын онерине гашыкпын!!!!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...