Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Марина Цветаева. Көлеңкенің иісімін

Марина Цветаева. Көлеңкенің иісімін

Марина Цветаева. Көлеңкенің иісімін

Марина Цветаева 1892-1941 жылдары өмір сүрген. Орыс поэзиясының патшайымы, прозашы, аудармашы, ХХ ғасырдың ең ірі ақындарының бірі.

Екі өлең

 

1

От та суық сүймегенге,

Толқын сынды тұрақсыз.

Келер-кетер – онда не тұр,

Өкінбеңіз бірақ сіз.

 

Қалай ғана қалбалақтап,

Құлы болам мен іздің?

Адам емес, таңнан аппақ

Қызы едім ғой теңіздің.

 

Жаула мейлі, жан серігім,

Бүкіл жердің жүрегін.

Сүйген кезде тамшы ернің,

Еске аласың, білемін.

 

Есесі көп ерке қыздың,

Қол қусырып қала алман.

Адам емес,

Мен теңіздің

Құрсағында жаралғам.

 

Жыламайды біздің қыздар,

Қатырмайсыз алдап сіз.

Қайта кетем қара суға

Аусыз және қармақсыз.

 

Күші ересен ерке қыздың,

Бір өзім басқара алман.

Адам емес,

Мен теңіздің

Құрсағында жаралғам.

 

Өтер әлі бұл күндер шын,

Қарап тұрып кемеден:

«Теңіз қызын сүйдім,-дерсің,-

Теңізіне жөнеген!»

 

Су астында жүрген сен бе

Маржан толы әр алуан?

Су перісі,

Көк теңіздің

Құрсағынан жаралған!

2

Кеше маған қадалатын қарашық,

Бүгін қайда безіп кетті адасып?

Кеше ғана кете алмап ең қасымнан,

Бозторғайлар қарға болды таң асып.

 

Ақылдысың.

Ақымақтың әлегі –

Тек өзіме үйе берем пәлені.

Салам енді әйелдердің зарына:

«Жаным, сонша не жазығым бар еді?»

 

Отқа салдың,

Суға дағы батырып,

Құла түзде адастырдың ақыры.

Сенің,

Сенің жазығың сол алдымда,

Менің,

Менің жазығым не, батырым?

 

Бәрін білем,

Үндеме енді, көңілде еш,

Бола алмадық біз екеуіміз өмірлес.

Махаббаты қашқан жерді қаңырап,

Ажал ғана арман етер,

Жерінбес...

* * *

Күн жалғыз ақ,

Қалада жүр ол арман.

Күн – менікі,

Оны ешкімге бере алман.

Оны берер құдірет жоқ менде енді,

Күйдірсе де бет-жүзімді, кеудемді.

Қолыма алам!

Айналамын мен де енді,

Күйдірсе де бет-жүзімді, кеудемді!

 

Мәңгілік түн жұтса дағы

Қыр соңынан қалмаймын,

Күнім менің,

Сені бере алмаймын!

* * *

Мен – қағазбын қаламыңа қараған,

Ақ қағазбын.

Не жазсаң да өзің біл.

Жақсылықты жүрегіңнен тараған,

Жүз еселеп қайтаратын кезім бұл.

 

Мен – даламын,

Қара жермін шөлдеген,

Сен – шуақсың, сен – жауынсың,

Гүліңмін.

Сен – құдайсың,

Сен – қожамсың,

Мен деген

Қара жермін, ақ қағазбын –

Құлыңмын.

* * *

Сезім жоқ,

Селт етпеймін ештеңеге.

Ешқайда жүгірмеймін,

Еш кемеге.

 

Ыстық та әсер етпейді,

Жапырақ та.

Сый күтпейтін ұқсаймын

Ақымаққа.

 

Қуанбаймын таңға да,

Трамвайға

Ұмыт күн, ай, жыл, ғасыр,

Тұрам қайда.

 

Үзік арқан үстінде

Кіп-кішкентай бишімін.

Мен – ешкім де емеспін,

Құр сүлдемін.

Көлеңкенің иісімін.

* * *

Жан емессің мені аңсаған,

Жанарларың келіскіш.

Сен – жартассың,

Мен ән салам,

Сен – ескерткіш,

Мен – ұшқыш.

 

Мәңгі емес көк те, білсең,

Мамыр айдың ән-жыры.

Қанаттыны сөкпегін сен –

Қауырсындай тағдыры.

 

* * *

Күллі әлемдік көш келеді түнекте,

Ағаштар жүр қараңғыда адасып.

Тәтті жүзім шарап болды, қаны асып,

Жұлдыз біткен үйден үйге қарасып.

Өзен біткен кері ағады қайтадан!

Мен тек саған басым сүйеп, жай табам.

* * *

Шексіз-шетсіз қамқорлықтан шаршаған

Құдай біраз дем алған соң,

Тынығып,

Періштелер жаратылды қаншама,

Бар өнерін салды құдай,

Жымиып.

 

Нұр сәулесі тән сыйлады оларға,

Жаратылды қасиетті реңі.

Қанат берді біріне ұшып-қонарға,

Қанатсыз боп жасалды енді біреуі.

Орын алмай бақыттылық төрінен,

Маңдайымнан таппағаны бақ-тұрақ –

Періштені

Құдайдан да гөрі мен

Сүйгенімнен шығар, бәлкім, қаттырақ.

 

Аударған: Гүлнар Салықбаева

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: vk.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 18 ақпан 2014, 14:00
Пікірлер
+0
19 ақпан 2014, 18:23

әдемі-ақ, бірақ түпнұсқадағыдай болмайтын сияқты, ақынның кітабын сыйлыққа алғаным бар еді бірде, сондай керемет жазады екен, бірақ менің санам ондайды әлі көтере алмайтын сияқты көрінді) он жылдан кейін оқимын деп қойып қойдым :ugeek:

+0
24 ақпан 2014, 23:10

Гүлнәр ақынның шеберлігі деп ұқтым, әйтпесе, орыс поэзиясы мені ынтық ете алмап еді...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.