Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Ерхан Болатұлы: "Жанымды емдейтұғын дәрі де жоқ..."

Ерхан Болатұлы: "Жанымды емдейтұғын дәрі де жоқ..."

Ерхан Болатұлы:

Жырсүйер оқырман! Назарларыңызға ақынжанды жас талаптың жырларын ұсынамыз. Өлең төрт аяғын тең басып, арқырап тұрмаса да, өлеңнен жырға құмар жанның жүрек шынайылығы сезіледі. Олай болса, жас талаптың жырларына төреші өзіңіз, оқырман!

Молдағалиев Ерхан Болатұлы – Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Жаркөл ауылында 1992 жылы сәуір айының 12-ші жұлдызында дүниеге келген. Қаратүбек орта мектебінің түлегі.


 

Сары дала

Сары дала сарнап жатыр күлімдей,

Қарапайым менің нұрлы түрімдей.

Тарихымды жыр еткім-ақ келеді,

Шығысымның шыңы «Мың бір түніндей».

 

Шертер күйін, кемел дана абыз бар,

Айтатұғын әлі талай аңыздар.

Қабырғасы қайыспаған зіл мұңнан,

Соның бәрі қара жерге қарыздар.

 

Тылсымы мол шертетіндей көкте сыр,

Кейіпіне еніп жанның өкпешіл.

Барды әсте жоқ қып тынған ғайыптық,

Шырыш қабық екен ғой бұл тек кесір.

 

Ай айыптар түйіп алған қабағын,

Жосып өткен шөңгесіне табанын.

Арудайын сыңғыр қаққан шолпысы,

Жалт етеді шоқ жұлдызым жанарың.

 

Тумысынан жаратқандай биік қып,

Асқар тауға берген екен иықтық.

Телдесетін жоталарда жосылған,

Үндесетін арманым көп киіктік.

 

Шөл де, көл де, орман, емен, терек те,

Бәрі архив тынып тұрған дерекке.

Ұғынатын ақ қаралы қос құлын

Өмір өзі құрылғасын себепке.

 

 

Қызғалдағым 

Жүрегіме қалдырып өткен белгі,

Міне, менің жаныма көктем келді.

Қуаныштың шын дәмін таттым бүгін,

Орындалып арманым көптен бергі.

 

Балғын шақтың елесі есімдегі,

Еркелікті тұрмысың кешіргелі.

Енді менің зіл батпан мұң – қайғымды,

Көтересің бір жүріп көш ілгері.

 

Бақ деп ұқтым, орнаған басымдағы,

Сая тапқан жанымның жасыл бағы.

Өзің барда, мен үшін түк те емес,

Жасқай алмас тағдырдың жасындары.

 

Аялайтын әркез де ізгі ардағын,

Елемейтін өзгенің сызданғанын.

Асыл жарың өмірлік серік етті,

Түсін енді Өлеңге құштар жанын.

Түсін мені, жарығым, Қызғалдағым.

 

Тың дүние туылар жырлар әлі,

Өзгелерге қымбатты тым бағалы.

Қарып кетіп жүрмесе болар еді

Кернеп алып қызғаныш ызғар әні.

 

Қайран жүрек, ертерек білмедің бе?

Жаңа ашып жаңа өмір ақ парағын,

Ақ парағын қолыма ап қарадым.

Білемін бәз күнімнің қызықтары,

Жүрегімде мәңгілік сақталарын.

Өткенім, өткерерім хаққа мәлім.

 

Қыран құстай көңілім қалықтағын,

Өмірімнің оң-солын танып бәрін.

Танығаным не екен танытқаным,

Келеді бәрін білгім анықтағым.

Қаншалық күресерлік қалыпты әлім.

 

Арманның шырқау биік белесінде,

Дақ түсірмен ер деген өр есімге.

Тек өкінбе өткен күн оралмайды,

Сенбейсің бе, жүрегім сенесің бе?

Қалдым мен де өткен күн елесінде.

 

Білемін, білмейтінім әлі де көп,

Жанымды емдейтұғын дәрі де жоқ.

Әр адамның санасы сезімі мен,

Үндеспейді, себебі жаны бөлек.

Ақынжанды жүрекке бәрі керек.

 

Өзімнің жүрегіммен үндесемін,

Үндесемін, сұраман күнде есебін.

Үмітім өмірімнің мән мұраты,

Сен жоқ болсаң, мен өмір сүрмес едім.

 

Өмірімнің қақталған сүрлеуінде,

Сүрлеуінен жүрген ем бір легінде.

Бәрін-бәрін өзгертіп қояр едім,

Не боларын ертерек білгенімде.

Қайран жүрек, ертерек білмедің бе?!

Сурет: stihi.ru, wallplanet.ru, 1ms.net 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

2773 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 желтоқсан 2013, 11:00
Пікірлер
+0
06 желтоқсан 2013, 10:13

Шығармашылық табыстар тілеймін! Жаза түсіңіз)!

+0
06 желтоқсан 2013, 12:00

Ерхан досым салам! Таныдың ба сыныптасыңды?! Нұрбол ))) Қалай жағдай?! Қош келдің! Арқалықтан 12 адам болдық!

+0
06 желтоқсан 2013, 12:09

ОООО мына жақта земаларын санап жатыр елдер, Жамбыл облысынан қанша екенбіз а?

+0
06 желтоқсан 2013, 12:20

жамбыл жақтан біршама бар ғой.

+0
06 желтоқсан 2013, 12:14

Пікірлерді оқитының анық... Блогқа қызықты әңгімелерің мен өлеңдеріңді жазып отыр. Массагет нағыз сенің ортаң! Өз ортаңды табуыңмен құттықтаймын! Жазарың көп болғай! Массагеттіктердің жиналысынан қалушы болма, бар-жоғы 12 адам ғанамыз Арқалықтан )) Таяқ жейсің осыдан қалсаң))) 2 ұл болдық, соған қуандым өз басым)))

+0
06 желтоқсан 2013, 12:21

Өлеңдеріңіз жақсы екен, тастай көрмеңіз

+0
06 желтоқсан 2013, 13:51

Қызғалдағым ұнап отыр

+0
06 желтоқсан 2013, 15:30

Өлеңдері жақсы екен. Қаламы мұқалмасын!

+0
06 желтоқсан 2013, 17:46

Өлеңдері ерекше екен, поэзияны оқуға қиналатын ем, сіздің өлеңіңіз өздігінен оқылды...

+0
10 желтоқсан 2013, 17:20

Жарайсың, Ерхан!!! Қаламың мұқалмасын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...