Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Омар Құрмашұлы: "Жаным менің сөнбейтұғын жанартау"

Омар Құрмашұлы: "Жаным менің сөнбейтұғын жанартау"

Омар Құрмашұлы:

Омар Құрмашұлы 1986 жылы қаңтардың 26 жұлдызында Қытайдың Іле өңірінің Тоғызтарау ауданында туған. 2005 жылы ата қонысқа оралған. Қытай және Қазақстан басылымдарында бір топ өлеңі мен мақалалары жарық көрген. Қазір Алматы қаласында тұрады.

ҚҰЛАЗУ

Жүрегімнің жазжайлаудай қойнауын,

Бозғылт тұман тұмшалады тым бөлек.

Ақбоз атпен қаңғып кеткен ойларым,

Біле алмады кім керек.

 

Безбүйрек күн сызат салып сезімге,

Мен іңірде отырамын маңгіріп.

Бұл күйіме шыдай алмай төзімде,

Кетіп қалды қаңғырып.

 

Қызғыш құстай қорғаштаған саздарын,

Жалғыздық та мені елден қызғанды.

Қалыпымнан құлазыған жазбадым,

Сырт көздерге ызғарлы.

 

Гүлкөктемді аңсап айдын көңілмен

Шарап ішіп отырады бұл омар.

Кеудесінде мұң-шері бар көмілген,

Қақысы жоқ жұбанар.

 

Күрмеуі көп мың қиялдан өртенген,

Жаным менің сөнбейтүғын жанартау.

Мүсіркеумен мүләйімсіп келсең мен,   

Көрінемін саған сау.

 

Сондықтанда бүлай етпе көктемім,

Құшағыңмен қос анарлы қарсы алғын.

Сені қанша қан жылаумен көкседім,

Және қанша тамсандым.

 

Қар жоғалсын аппақ кірсіз болсада,

Қабағынан қар жаумасын пенденің.

Көктем сені сүйіп келдім соншама.

Жанымды сен емдегін.

 

НӨСЕР

Жанымды жалау еткен ғашық ғұмыр,

Нөсерді мына құйған басытқы қыл.

 

Жаумайды күнде бұлай нөсер селдеп,

Сондықтан кеудені ән кетер кернеп.

 

Жүрегін бір сағыныш биледіме?

Пенделер асығады үйлеріне.

 

Нөсер ғой істететін мұның бәрін,

Айтпесе безбүйректеу құлын жаның.

 

Жалғыздықтың ұрттаған у шарабын,

Сергелдеңі мен болам бұл қаланың.

 

Кезіктің перште қыз маған неге?

Күткен бе?еді зарығып жағаң кеме.

 

Балтырың нөсер жуған балғын екен,

Қорғансыз қалай қалқам қалдың екен?

 

Балапаны секілді аққу-қаздың,

Саяма кел,панала,жатсынбағын.

 

Дегендей қайғыны осы таусар болсақ,

Жүзіңнен сорғалайды гауһар моншақ.

 

Ұққам жоқ сені қалқам жылады деп,

Бардың-ау анау баққа жыланы көп.

 

Жараланып біржола ғашық жаның,

Іркілді ме?көлдей боп басыңда мұң.

 

Дәл қазыр олар түгел жуылады,

Шаттықтың шырқалады сұлу әні.

 

Кетседағы көз алдың теңіз болып,

Жоғалмасын жаныңнан сенім-көрік.

 

Адасқан мың тамшының арасында,

Сауледей сағым болып барасың ба?

 

Соңыңнан көз сап менде тұрып қалдым,

Сол күні суық ұрған жүрегімді,

Білмедім алақанмен жылытқан кім?

 

СЕН МЕНІ ҚИНАДЫҢ

Сен мені қинадың,

Үн қатып жерлерден беймәлім.

Басқасын ұмытқам,

Тек күлкің жадымда,

Жаханға симадым

 

Азбеді көргенім,

Дел-сал ғып алыстан тербедің.

Сағыныш шыңына

                өрлесін дедің бе?

Әйтеуір келмедің.

 

Дертіңе мастанам,

Қасыңда тұр-ау деп басқа адам.

Келер деп өзіңді

              Тағатсыз күтуде

Жүрегім-астанам.

 

Айнала ақ әлем,

Қап-қара түн ғана табар ем.

Түсім боп қалар деп қорқамын,

Қасыңа барар ем.

 

Бармадым бақ гүлім,

Бөлісіп шайырлар шаттығын.

Өзыңсіз сағаттар шырылдап,

Ұстатпай қашты күн.

 

Күлкіңмен арбадың,

Сездіріп сезімнің салмағын.

Түсімде мойныма асылдың

Білмедім ар жағын.

ТУҒАН ЖЕРДІ САҒЫНУ

Көкірегіме дастан болып жазылған,

Туған өлкем аңсаттырдың бұл күні.

Сенің әрбір тау-тасыңа табынған,

Аман ба екен, Көкше бөрі, бұлғының.

 

Сенде туып, Көк түрікше жасаған,

Аңсаттырды ата-бабам қабірі.

Жылан-тағдыр қол-аяғын матаған,

Аман ба екен, аз Алашым жаны ірі.

 

Кеудемде бұл сен сыйлаған жасыл нұр,

Бокалымда сағыныштың шарабы.

Еске түсіп жуа терген жасыл қыр,

Құлағымда бұлбұлдардың бал әні.

 

Сазын қорғап безек болған қызғыштар,

Жүр ме екен-ау, жәрдем тілеп кім білсін.

Саз орнына орнап әлде құрылыстар,

Қызғыштарды ұмытты ма бүлдіршін.

 

Тұлпарлардың томар шығып алдынан,

Жүлделерден күдер үзіп кетті ме?

Заңғар таулар айлы түнде қалғыған,

Жалаңдаған жауыздықтан кекті ме?

 

Түсіме ылғи мұңлы орманың кіріп жүр,

Бәйтерегін суық қолдар жықты ма?

Аспаныңды торлап түнек бұлыңғыр,

Жусаныңды доңыз таптап құртты ма?

 

Соны ойласам, жылынбайды жүрегім,

Күрең мініп кетер ме едім, бөктерлеп.

Сенің мұңың, менің мұңым білемін,

Көкейімде көлдей тұнған көкпеңбек.

 

Қазтуғандай Еділменен қоштасқан,

Құлазулы жаным менің тым басқа.

Махамбетше жанарынан от шашқан,

Ерлік күндер маған да бір тумас па?

 

Алты малта Аламанда ас болып,

Туған жер-ай, жауды қусам деп едім.

Сағыныштан шанағыма жас толып,

Сол күнді аңсап келемін.

СЕН

Ақ жүзіңді айға теңеп түндегі,

Ғашық болғам төзе алмастай жай адам,

Бір сағыныш маза бермей жүр мені,

Жүрек байғұс жарылуға таяған.

 

Таңның қызыл арайындай күлгенің,

Келе жатыр өміріме нәр беріп.

Елеместен кетеріңді білмедім,

Аққудайын қанат қағып сәнденіп.

 

Жалғыздықтың түрмесінде қалдырып,

Азап тастап кеттің маған соншама.

Енді сенің елесіңді жар қылып,

Ғұмыр кешем мағынасыз болса да.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: автордан

1500 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 05 тамыз 2014, 17:27
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...