Будапештте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілді

2020 жылғы 29 қаңтарда Будапештте Қазақстан Республикасы Елшілігінің Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді. Онда “Әлем таныған Абай” кітап-иллюстративті көрмесі мен “Абай әлемі” фотокөрмесі ұйымдастырылды. 

Мажарстан мен Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымының, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ортасының өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы бастаған абайтанушылар, қазақ диаспорасы, сондай-ақ, қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйреніп жүрген мажарлық студенттер қатысқан іс-шара Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Өкілдігінің ғимаратында өтті.   

Өз сөзінде Елші Ж.Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында саяси-экономикалық қарым-қатынастар ғана дамып қоймай, сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды ілгерілеп келе жатқанын айтты.  

Мажар тарапынан Мажарстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, мажарлық Пен-Клуб президенті Г.Сёч сөз алып, әлемдік мәдени мұраға үлесін қосқан Абайдың еңбегінің терең пәлсапалық ойларына тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстан арасында екіжақты мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға берді.   

Іс-шара барысында мажар тілінде М.Әуезовтің “Абай жолы” кітабының тұсаукесері болды.   

Іс-шарадан кейін Будапешт қаласында орталық парктегі Астана көшесінде Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болды. Қазақ диаспорасы, сондай-ақ, қазақстандық және мажарлық студенттер Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін орындады.