Проблема депрессияға емес, әрекет етуге итермелеуі керек...

Проблема депрессияға емес, әрекет етуге итермелеуі керек...
Фото: s-i.huffpost.com

Өмірде кез келген адам ойда жоқта келетін түрлі проблемаларға тап болады. Проблема біреу үшін мүмкіндік, енді біреу үшін қайғы. Егер қандай да бір проблемаға тап болсаңыз, еш қам жемеңіз. Шешілмейтін проблема болмайды. Анықтап қарап, жіті мән берсеңіз  оның шешімін табуға болады. Біз бүгін осы проблема жөнінде ой толғаған атақты адамдардың қанатты сөздерін ұсынамыз. 

• Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз.

Альберт Эйнштейн

• Проблемалар сені депрессияға емес, әрекет етуге итермелеуі керек.

Бернард Шоу

• Адамдар проблемаланы өздері жасайды. Ешкім оларды ішпыстырарлық мамандықты таңдауға, қаламаған адамға үйленуге немесе ыңғайсыз аяқ киім сатып алуға мәжбүрлейді. 

Фаина  Раневская

• Еңбегі өнімді адам проблемадан мүмкіндіктерді көреді. 

Стивен Кови

• Проблеманы проблема ретінде елемеу – оны шешудің классикалық тәсілдерінің бірі.

Анастасия Парфенова

• Проблема – өзіңді дамыту үшін таптырмайтын мүмкіндік. 

Луиза Хей

• Проблемадан құтылудың ең тиімді жолы – оны шешу. 

Брендан Франсис

• Шешілмейтін проблема жоқ, дұрыс емес шешімдер бар.

Эрик Борн

• Жақсы шешім – тәжірибенің нәтижесі. Ал, тәжірибе – нашар шешімдердің нәтижесі. 

Уолтер Ристон

• Егер проблеманы шеше алмасаң, оны басқар.

Роберт Шуллер

Ж. Жұмағұлов