- Негізгі бет
- Көкжиек
- Заң – мемлекеттің...
Заң – мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты
Бүгін – ҚР-ның Конституциясы күні. Конституция – қашан да қастерлі ұғым. Ата Заңымыздың өзгешелігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «байырғы қазақ жерінде мемлекет құрылғанын» жария етті. Конституция бізге, адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік береді.
ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахынасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы — әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты. Кез келген зайырлы мемлекеттің азаматы өз елінің заңына бағынуға міндетті. Осынау айтулы мерекеге орай біз бүгін сіздерге заң туралы белгілі тұлғалардың қанатты сөздерін ұсынуды жөн санадық.
***
Заң – мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты.
Шерхан Мұртаза
***
Тәрбиелі адам – тәртіптің құлы, тәртіпті адам – елдің ұлы.
Бауыржан Момышұлы
***
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма, аймағың кетпес алдыңнан!
Ыбырай Алтынсарин
***
Өзі шығарған заңын өзі орындамаған мемлекет түбі құлап тынады.
Солон
***
Көндіре алатын күші болмаса, заң заң болудан қалады.
Джеймс Абрам Гардвилд
***
Заңды сақтамайтын адамнан өткен зиянды хайуан жоқ.
Джироламо Савонарала
***
Азаматтардың шынайы теңдігі – заңдарға олардың бәрінің бірдей бағынуында.
Жан Лерон Д’Аламбер
***
Кінәсізді айыптауға болады, ал әшкерелеу мүмкін емес.
Апулей
Ж. Жұмағұлов