Ата заң қабылданған күн

Ата заң қабылданған күн
Фото: ustazdar.kz

30 тамыз егеменді еліміздің ұлы тарихынан орын алатын бүкілхалықтық мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Осыдан 22 жыл бұрын тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Дәлірек айтсақ, 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды (Бірақ Конституцияға 1998 жылы және 2007 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілді). 

Конституция мемлекетті шын мәнін­дегі бақытты қоғамға бастауға қабі­летті құндылықтарды өмірге әкелуге қуаты мен ықпалы жетерлік тарихи құжат. Мұнда мемле­кеттік басқару мен бұқаралық билік­тің үйлесімді түрде ұштасуы бар. Еліміздің Ата Заңы қоғам­дық құндылықтың алтын арқауы және мемлекеттік биліктің бастауы.

Ата Заң – бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстырып тұрған алтын арқау іспеттес. Оның тұтас болмысынан мемлекетіміздің мерейі мен халқымыздың қалауы менмұндалайды.

Мемлекет  басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан жолы» кітабында: "Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын",– деп жазады. 

Еліміздің Ата Заңы мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнеленген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық. Келе жатқан мереке құтты болсын, отандастар!

Ж. Жұмағұлов