Ерлан Жүніс: "Сен мұңайма!.."

Ерлан Жүніс: "Сен мұңайма!.."
Фото: facebook.com

Жуырда журналист, жазушы Есболат Айдабосынның «QazTalks – ашық әңгіме алаңында» «Рухани жаңғыру басталды. Жас қаламгер, сен қайдасың?» тақырыбында сөйлеген сөзі әлі де болса талқыға түсуде. Осыған дейін бірнеше әдебиетшілер, ақын-жазушылар мен журналистер өз ойларын білдірді. Артынша ақын Ерлан Жүніс те бұл мәселе төңірегіндегі ойын ортаға салды. 

Стивен Фрайдың "Гиппопотамында" кейіпкер: "Бүкіл Англияда, Ирландия, Шотландия, Уэльсте тұратын барлық ақын бір түнде жойылып кетсе де ешкім байқамас еді. Бəлкім, 14 күн өткеннен кейін кенеттен аңғарар" деуші еді.

Жалпы, ақын я жазушы адамдарға (қоғамға) керек пе? Оның мəселесі, өзі қажет пе? Өзгені алаңдата ма? Əлде, азап шегуші, күйзелуші, қорлық көруші, қайыршылық халдегі ханзада бейнесіндегі кейпі ұнамды ма? Мүмкін, катарсис əлеуметтік қажеттілік пен мəжбүрлік арқылы жүзеге асады деп саналатын болар?.. Жан азабы жыртық шекпеннен анық көрінер? Мүмкін, Муза жалдамалы пəтер мен жылаған баланың даусына үйірсек деп түсінілетін болар?.. Мүмкін, өз тағдырының быт-шыты шыққан адам ғана ұлт, адамзат тағдырына алаңдар?.. Мүмкін, өлі ақындар анағұрлым сүйкімді болар?..

Лев Толстой "Менің ең сүйікті ақыным кім екенін білесіз бе?" деп сұрақ қояды да, өзі жауап береді: "Ол - Тютчев, онсыз өмір сүруге болмайды".

Менің ойымша, өзгелер сырт айналса да, қаламгерлер бір-біріне қамқор болуы керек. Əсіресе, жас қаламгерлерге. Олардың қаламнан басқа ештеңесі, бізден басқа ешкімі жоқ!

Ж. Жұмағұлов