Ең жақсы сыйлық – кітап

Ең жақсы сыйлық – кітап
Фото: fotorelax.ru

Кітап оқу - білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақыл-парасат, таным, білім, мәдениеттілігімен ерекшеленеді. Кітап – ең жақсы сыйлық. Келіспейсіз бе? Ендеше, оның 10 дәлелі мыналар: 

1. Кітаптар әрқашан өлшемге сай келеді.

2. Кітаптың сыртын сәнді етіп қаптау оңай. 

3. Сөреде самсап тұрған кітаптар кез келген жанның қызығушылығын оята алады.

4. Жақындарыңызбен (досыңыз, танысыңыз) үнемі кітап алмасып тұруға болады. 

5. Кітап қайта айналып келетін сыйлық. Яғни, сіз біреуге кітап сыйласаңыз, сізге одан да құнды кітап сыйлыққа келуі мүмкін. 

6. Кітаптар бриллианттардан "арзан" тұрады. 

7. Әлемде әр адамға керекті кітап табылады. 

8. Кітаптарды тасу (бір жерден екінші жерге көшіру) қиындық тудырмайды. 

9. Кітаптар әрдайым сәнде. Ол ешқашан қалып кетпейді. 

10. Қай жерге барғыңыз келсе, сол жерге апаратын кітап. 

Кітапты кішкентай демеңіз, оның ішінде нендей үлкен дүние жатқанын біліңіз. Сіз тағы не қосасыз?

Ж. Жұмағұлов