Лермонтовтың улы жанары қараған жанды есеңгірететін

Лермонтовтың улы жанары қараған жанды есеңгірететін
Фото: vk.com

«Орыс поэзиясының айы» туралы Тургенев: «Лермонтовтың сыртқы келбеті трагедиялық һәм қаһарлы көрінетін», - деп жазған. Тіпті, оның күлкісінің өзі мысқылға тұнып тұратын. Жаңғыра шығатын жағымсыз дыбыс құлаққа түрпідей тиетін. Соның кесірінен сұрықсыз әрі суық көрінетін Лермонтов көрікті жігіттерге ғашық болуға бейім нәзік жандылардың назарына іліге бермейтін.

 

Бірақ...

Алғашында өзіне жұмбақ, суық әрі мінезді бозбала образын жасауға тырысқан жас ақын уақыт өте сол болмыстың өзін толықтай жұтып алғанын сезбей қалды.

Ол үнемі өзін өзгелерден оқшау ұстайтын. Қоғам қаймағы жиылып көңіл көтеретін балдардың өзінде ол өткір жанарымен тесіп өтердей сұқтана қарап жалғыз тұратын. Оның мысы басым көзқарасына әйелдер де, ерлер де төтеп бере алмайтын.

Лермонтов туралы естеліктердің бірінде: «Ол үнемі жалғыз жүретін. Лермонтовтың улы жанары қараған жанды есеңгірететін», - деп жазылған.

А. Оралқызы