Абай шығармашылығы туралы

Жүрeгімнің түбінe тeрeң бойлa,
Мeн бір жұмбaқ aдaммын, мұны дa ойлa.
Соқтықпaлы соқпaқсыз жeрдe өстім,
Мыңмeн жaлғыз aлстым, кінә қоймa.

дeсeк сірә, қaтeлeсeтін шығaрмыз. Өйткeні оның өлeңдeрін әр оқығaн сaйын, жaңa әсeр мeн ойлaр қaптaйды дaeріксіз тeбірeнeсің, толқисың. Aқын жүрeгін тeрбeгeн сeзімдeр, aрaғa ғaсырлaр сaлып сaғaн орaлғaндaй күй кeшeсің. 

Абай  – қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Навоилардың шығармаларын және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты, В.Г. Белинскийдің еңбектерін көп оқыды. Абайдың дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты.

Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философлық түйіндерді жинақтаған  публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктерін де осы мақсатпен туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы ауқымды, терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау-жауап түрінде,  өзімен-өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.

Абай әлемі, оның өлеңдері мен қара сөздері бір халық қана, яғни қазақтың рухани жан дүниесінің сәулесі болған жоқ. Ол әлемдік деңгейде талданып, үлкен сұранысқа ие болған шығармалар жиынтығы. Себебі Абай әлемі кешегі парсы, араб, кейінгі орыс мәдениетімен ұштасып жатыр. Оған дананың өзі алған білімдері мен айтқан сөздері куә.

Аталған жұмыстың тақырыбын Абайдың қара сөздеріне қарата отырып алуымызға бірден-бір себеп, оның қара сөздері қайта-қайта оқуды талап етеді. Себебі философиялық мәнге ие, жанрлық жағынан күрделі, стилдік ерекшелігі қалыптасқан. М.Әуезовтың «Абай жолын» қанша рет оқысаңыз, сонша рет түрлі ойға қаласыз. Себебі шығарманың ерекшелігі сондай деңгейде жазылған. Ал аталған шығарманың бас кейіпкері атанып отырған дана Абайдың өз сөздері, қара сөздері мың ойланып, толғануға жеткізбейді деп айта аласыз ба?!

Абай адамдарды осы дүниеде игілікті еңбек етіп, өнер-ғылым тауып, өз тіршілігін оңалтып, рақат көруге насихаттайды. Халықты өнер-ғылым жолы-на жұмылдырады: “Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба”, “Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз” дейді. Дүние бір алып құрылыс, оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп тұжырамдайды: “Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!” дейді. Абай ақыл- парасатты дәріптеп, ғылым мен ағарту идеяларын насихаттады. Абайдың философиялық ой-пікірінің әлеуметтік маңызы мен алға басарлық мәні, міне, осыда.