Пауло Коэльоның қанатты сөздері

Пауло Коэльоның қанатты сөздері

Пауло Коэльо (Paulo Coelho) – Бразилия жазушысы әрі ақыны. Оның шығармалары әлемдік бестселлерлер қатарында. Жазушының бір ғана "Алхимик" шығармасы оны бүкіл әлемге әйгілі етті. Ұзақ уақытқа дейін ең көп оқылатын ең әйгілі кітаптар ондығынан түспеген осы "Алхимик" кітабы. Барлық тілде жарық көрген таралым саны 300 миллион дананы құрап отыр. Жазушының бірқатар қанатты сөздерімен таныс болыңыздар.

***

Кейде өмір екі адамды бір-біріне қаншалықты қымбат екенін ұғындыру үшін ажыратады. 

***

Адам бәрiн керсiнше iстейдi. Үлкен болғысы келедi, сосын балалық шағы туралы ойлап күрсiнедi. Ақша үшiн денсаулығын құртып, денсаулығын дұрыстау үшiн ақшасын құртады. Болашағы туралы асыға ойлап, қазiргi өмiрiн керек қылмайды, сөйтiп не қазiргi, не болашақ өмiрi жоқ күй кешеді. Ешқашан өлмейтiндей өмiр сүрiп, ешқашан өмiр сүрмегендей өтіп кетеді.

***

Ешкімге де бауыр басып қалуға болмайды. 

***

Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді. 

***

Күту – ең қиыны. 

***

Қуаныш математика заңына қарсы жүреді: ол бөліскен сайын көбейе береді. 

***

Шеш. Өзгер. Алға ұмтыл. Ойлан. Тәуекел ет. Құласаң, тұр. Әрекет қыл. Қағидадан бас тарт. Жетістікке жет. Арманда. Жаңалық аш. Сен. Тоқта. Өзіңді тыңда. Есей. Жең. Өмірге ғашық болып өт. 

***

Өміріңді жаңа парақтан бастай аласың, бірақ жазу үлгіңді өзгерту қиынға соғады. 

***

Соңында бәрі жақсылықпен аяқталады. Егер жамандықпен бітсе, бұл әлі аяғы емес. 

***

Күту – қиын. Ұмыту – ауыр. Бірақ, одан да зор азап – қандай шешім қабылдарыңды білмеу.

***

Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек. 

***

Бұл әлемде мүлдем қателеспейтін жаратылыс болмайды. Тіпті бұзылған сағат та тәулігіне екі рет дұрыс уақытты көрсетеді. 

***

Арманның орындалуына кедергі болатын бір-ақ нәрсе бар: ол – сәтсіздіктен қорқу.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?