Оноре де Бальзактың ой орамдары

Оноре де Бальзактың ой орамдары

XIX ғасырда өмір сүрген француздың әйгілі жазушысы, еуропалық әдебиетте реализм жанрының негізін қалаушы Оноре де Бальзактың есімі көпшілік оқырмандарға жақсы таныс. Оның "Адам комедиясы", "Шегірен былғары" сияқты және т.б. шығармаларын қазақ оқырмандары сүйіп оқиды. Біз бүгін сіздерге жазушының суреткерлік, шығармашылық, өнер жайлы толғаныстарын назарларыңызға ұсынамыз.

***

Өнер – ойдың байлығы. Олардың мінездерінде тұрақтылық болмайды, шығармашылық ойларымен бірге мінездері өзгеріп тұрады. Суреткер өзінің жанын күллі әлемді көре алатын айнаға айналдырып, сол айнадан өзінің қалауы бойынша әртүрлі елдерді салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен, адамдардың образдарын құмарлық-құштарлықтарымен қоса көре алатын болғандықтан мінез деп аталатын қалыпқа сыймайды. Олар соғыста қорқақ, эшафотта (күнәкардың басын кесіп алуға арналған сәкі, орын) батыл, біреуді жан-тәнімен беріліп сүйеді және ешбір себепсіз сүйген адамын тастап кетеді, олар ақымақтардың сыйынған бастықтарының ақылға сыймайтын қылықтарын байқап қалса, ақжарқын, жайдары көңіл күйлерін бұзбай, өз пікірлерін олардың бетіне айта салады.

***

Жақсы кітап жазу үшін қаламның әрбір серпілісімен, қаламұштың әрбір сілкінісімен жүректің қуатын, күшін, нәзіктігін тереңнен тартып шығарып, оларды құштарлыққа, сезімге, сөзге айналдыруға тура келеді.

***

Көздің жауын алып, жалтылдаған асыл тастарды таққаннан гөрі  мөлдір сезімдерден тұратын көзге көрінбейтін моншақ таққан жақсы. Кіршіксіз тазалықтан жасалған сезімдерден әшекей таққанда ғана мен барлық адамдардың көзіне тура қарай аламын.

***

Сөз өнері берілген адамдар тыңдаушысын аңсайды, ұзақ сөйлеуді ұнататын олар  тыңдаушысына кездеспегенде  қажып, шаршаған  адамға ұқсайды.

***

Шынайы таланттар: еңбек пен адалдықтың  адамдары, олар өз жолдарында ештеңеден қорықпай, сескенбей, еркін жүреді, жоқшылыққа, жетіспеушілікке көнеді және оны жасандылықпен жұрт көзінен жасырмайды.

***

Ажалдың бетіне тайсалмай тура қарап, онымен бетпе-бет келіп, жекпе-жекке шыққанда қайран қалуға тұрарлық ерлік пен өнер көрсете алатын рухы күшті адамдар айтарлықтай көп емес.

***

Ақын көзімен көргендерін көңілінде тірі бейнеге айналдыру үшін сезімге беріледі, басқалар бір мезгілде көріп, сезіп, талқылап тастағанды ол алдымен сезім елегінен өткізіп, ең соңынан талқылайды.

***

Арқанның бойымен жүретін артист  пен ақынның еңбегін бірдей қиын деп бағалап, ол екеуіне құны бірдей ақша төлеуге болмайды.

***

Үлкен ақыл иелерінің бақытсыздығының  бірі – олар айналасындағыларға не бәрі жақсы, керемет, ғажайып деп қарайды; не түкке тұрғысыз, есепке алғысыз, кемшілік-олқылыққа толы, бәрі жаман деп түсінеді, жақсы мен жаманның ортасындағы дүниелер олардың назарына ілінбейді.

***

Қоғам жеңімпаздарды ғана есінде сақтайды, жеңілгендерді тез ұмытып қалады.

***

Суреткерлер ғана әйелдің қойған талабын орындап, көңілінен шыға алады, шынайы рахатқа бөлейді, өйткені,  олардың жан дүниесінде әйелге ұқсас бірнәрсе  бар.

***

Әдебиетте жиі қолданылып жүрген көп нүкте –тайғанақ жерлерде оқырманның қиялын өте қауіпті терең, тұңғиықтан  сырғытып алып өтетін тақтайдың ролін атқарады. Сұрақ белгісі – ғылымды ашу үшін қолданылатын кілт болып  саналады.

***

Жаны  биікке  көтеріле алатын адамдар жалғыздықты қалайды.

***

Кез келген ұшталмаған қарындаш біздің есте сақтау қабілетімізден өткір.

***

Егер сенің бойыңдағы қайсарлық пен табандылық темірдей мықты болғанда, егер сендегі ақындық қуат-күш соншалықты кеш оянбағанда, онда сен адамдарға аяқтың астындағы кілемге қарағандай қарар едің. 

***

Көзге көрінбейтін өмір болады, ол – жүректің өмірі. Жүректің өмірімен өмір сүретін адамдар өте қарапайым, ерекше мейірімді болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың Жақсылығы
Қазақтың Жақсылығы
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Балаға қымбат ойыншық сатып алып бересіз бе?
Балаға қымбат ойыншық сатып алып бересіз бе?
Пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған – Илон Маск
Пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған – Илон Маск
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?