"Үстіңнен кітап иісі шықса, қандай жақсы!"

"Үстіңнен кітап иісі шықса, қандай жақсы!"

Күздің алғашқы жауыны және оның иісі, жаңа піскен нан мен ертемен-ерте күн шыққандағы иіс - мұның бәрі енді сіз сатып алатын кітаптан табылады. Жақында "Geza Schoen" парфюмері "Карл Лагерфельд" сәнді үйіне арнап "Paper Passion" жұпар иісін жасап шығарды. 

Күнделікті тұрмыста аудиокітапты оқып отырып көп адамның көңілі көпке дейін бір иісті іздейді. Ол иіс - баспадан жаңа шыққан кітаптың иісі немесе сарғайған парақтардың жүрекке майда тиетін иісі. Ендеше, жұпар иіс шығып тұратын жаңа кітаптың арқасында кез келген адам енді өткен күннің ең әдемі естеліктері мен жаймашуақ күндерін ой-түрткіден өткізе алады.

Кітап сөрелерінен орын алған жаңа кітап бүгінгі таңда көпшіліктің ой-арманын дөп басқандай болып отыр. Алғы сөзінен бастап мазмұнына дейін аралықта хош иіс сыйлайтын кітапта Гюнтер Грасс, Гез Шен мен Тони Чамберс секілді атақты жандардың қолтаңбалары бар. Әзірше, жаңа кітапты нарыққа шығармай отыр. Шыға қалғанның өзінде де бағасы жүздеген доллардың үстінен шығып жатса, таңғалауға болмас. 

Ең қызығы сол, "жаңа иісі бар" жаңа кітаптың ерлер мен әйелдерге арналған бөлек түрлері шыққан. Айта кететін болсақ, "Handmade" көрмесінде көпшілікке ұсынылған кітапты Милан қаласында британдық журналдардың бірі таныстырды. 

сурет:kulturologia.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига