Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Бразилия қылмыскерлері кітап оқыса бостандыққа шығады

Бразилия қылмыскерлері кітап оқыса бостандыққа шығады

Бразилия қылмыскерлері кітап оқыса бостандыққа шығады

Бразилия өкіметі қамаудағы қылмыскерлердің санын азайту мақсатында темір тордың арғы бетіндегілерге өтеу мерзімдерін жыл сайын 48 күнге азайтуға рұқсат берді. Аталған заң "Diario Oficial da Uniao" деп аталатын мемлекеттік газетте жарық көрді.

Мұндай жеңілдікке ие болу үшін бразилияық қылмыскерлер классикалық әдибиеттен, тарихи немесе философиялық шығармалардан 12 кітап оқуға міндетті. Сондай-ақ олар оқылған кітаптар бойынша шығарма жазулары керек болады. Тематикалық шығармада қандай да бір шығармашылық ұрлық жасағандар аталған программадан бірден шеттетіледі. Қазіргі таңда бұл жоба бразилия абақтыларының төртеуінде іске асырылуда. 

Дәл осылай "Кітаппен бостандыққа" деп аталатын программа арқылы адамдардың дүниетанымын кеңейтіп және әдебиетке деген қызығушылықтарын ұлғайта отырып оларды түрмеден мерзімінен бұрын босатуға болады. Қалай болғанда да бразилиялық қылмыскерлерді кітаппен қамтамасыз ететін қордың басқарушысы Сан-Паулолық адвокат Андре Кеди бұған сеніммен қарайтынын айтады.  

Айта кетсек, бұдан бұрын да бразилиялық түрмелерде егер қылмыскер білім алса, мерзіміз қысқартатын. Бүгінде бразилия түрмелерінде жарты миллионға жуық адам өз мерзімін өтеуде және айта кетерлігі олардың 70 пайызға жуығының тіпті орта білімі жоқ. Мүмкін, бразилия өкіметінің осындай бастамасы елдің белгілі бір бөлігін өздігінен білім алуға ниеттендіретін де шығар. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: read2ch.com

178 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 03 шілде 2012, 16:21
Пікірлер
+0
04 шілде 2012, 11:46

"Кітаппен бостандыққа" :shock: Меніңше, дұрыс емес қылмыскерді кітап оқығаны үшін бостандыққа жіберу.

+0
04 шілде 2012, 11:59

менде саған келісем Бұл брақ қылмыскерлер көбейіп кеткенн соң шығарған амалы болар

+0
09 шілде 2012, 15:56

мәссаған, мына жаңалығың рас болса, керемет жаңалық екен :roll:

+0
15 шілде 2012, 00:54

кітап оқымағанда, басқа не істейді дейсің онда......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...