Нобель сыйлығын алған жазушының ойлары

Нобель сыйлығын алған жазушының ойлары
Фото: netgazeti.ge

Орхан Памуктың оймақтай ойларынан.

Орхан Памук қазіргі заманғы түрік жазушысы, бірнеше ұлттық және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, соның ішінде әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері.

* * *

Адам бақытты шағында өзінің бақытты екенін білмейді. 

* * *

Менің жалғыздығымды түсінетін, алдында аяқ киімімді шешіп, тізерлеп отырмайтын және қолын сүйгізбейтін Құдайды қалаймын. 

* * *

Әйел, алғашқы он минутта-ақ, ең аз дегенде, әлгі ердің болмыс-бітімін, оның өзіне кім екенін, өзінің оның сүйе алатынын немесе сүйе алмайтынын түсініп қояды. 

* * *

Қалай бақытты болу жолын білгенмен, бәрібір онысынан түк те шықпайтын жандар болады.

* * *

Адамдарға боялған күлкі еріндер емес, орнына шын бақыт, өмірдегі шынайы бақыт қажет.  Суретшілер мұны біле тұра, кескіндей алмағандықтан, бізге өмірдегі бақыт орнына пайымдау бақытын ұсынады. 

* * *

Махаббат  - бұл қатты құшақтасу мен бірге болу тілегі.  Айнала әлемді бір сәтке ұмыту.  Өз жанына сенімді тұрақ табу жолында ұмтылыс. 

* * *

Менің білгім келетіні, махаббат адамдарды ақымақ ете ме немесе ақымақтар ғана ғашық бола ма?

* * *

Егер адамдарға сенім артпасаң, онда өмірде ешнәрсе жасай алмайсыз...

* * *

Әйелдер жеңіске деген ықыласымен өздерін өлтіреді. Ал ерлер - егер жеңіске жетуге мүмкіндік қалмаса.

* * *

Айнала астан-кестен болып жатқанда біздер күлкілі әрі ақымақ көрінісімізді елеп-ескермей, бір ғана тілекті сұраймыз: барлығының бәз баяғыдай қала беруін. 

* * *

- Бақыт деген не?

- Осынау жабырқау мен бос әурешілікті ұмытатын әлемді табу. Құдды  біртұтас әлемдей, біреуді ұстап тұра алу мүмкіндігі.

* * *

Екі адам жиі үнсіз қалып тұрғанда, осы бір үнсіздік әңгімеден артық маңызға ие.

* * *

... қаншалықты өліп сүйсең де, көзден кетсе, көңілден кетеді...

* * *

Телефонмен сөйлесіп жатып, сым темірдің екі қарсы бетіндегі тұрған екі адам мүлдем екі басқа жанға айналып кете алмақ. 

* * *

Әлемнің құпия сыры сол,  әрбір адамның ішінде егізіндей екінші адам жатады.

* * *

Біз әр уақытта жақсы көрген адамдарымызға ең бағалымызды, қатты қорғаштайтын ең қымбатымызды беруге даярмыз. Мұның сыры,  қатты сүйгендіктен, қарымтасына ешнәрсе сұрамағандықтан. 

* * *

Сізге әлдекімнің күнәсіз қалғаны олардың күнәға белшесінен батқанынан гөрі жанға қаттырақ батады.

* * *

Кез келген жүректі тіл алғыштықпен жаулап алуға болады; сабырлы ала алмаған қамал жоқ. 

* * *

- Сен өлімнен қорықпаймысың?

- Егер бұл қорқыту болса: қорықпаймын. Егер достық әуесқойлық болса: иә, қорқамын. 

* * *

Араб шөлдерінде қар тек құм мен құрылыстарға ғана түсіп қоймай, сонымен бірге еске де түседі. 

* * *

Құпия - жақсы достыққа ең жақсы бастама.

* * *

Егер қала бізге әдемі әрі ерекше болып көрінсе, демек, біздің өміріміз де сондай болғаны. 

* * *

Мектепте бізді төзімді болуға бекер үйреткен секілді. Тек өмір бойы уақыт жоғалту ғана, одан өзге ешнәрсе емес. 

* * *

Біздің қоғамдағы көптеген мықты отбасылар ессіз әрі бақытсыз махаббаттарды ұмыту үшін жаралғандай. 

* * *

Бақыт - өмірдегі басты проблема.  Әлдекім бақытты, ал әлдебіреу бақытты бола алмай жүр.  Көпшілік адамдар, әдетте, шамамен ортасында өтеді.

* * * 

Адам өзі өткен өмірді сүюі тиіс, оған сосын да, жылдар өткенде де бейілі толуы үшін. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Л. Лига