Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / "Әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек"

"Әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек"

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Филология факультетінде оқып жүрген Жолдас Өрісбаев редакциямызға қызықты бір мақала жіберіпті. Анығы ретроспектикалық сұхбат. Ол Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне сүйеніп, артық-кем сөзсіз талдау жасай алған. Сұхбат формасында болғанымен, материал талдауға көбірек келеді. Қазақ тілінің тілдік заңдылықтары сақталмаса да, сұхбатты сол күйінде беруді жөн көрдік. 

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл әліп-биімізді латын жазуына көшіру мәселесі қызу айтылып келеді. Соңыра, өткен жылы елбасымыз латын графикасына өтетін уақытты нақты белгілегеннен кейін әр түрлі пікірлердің  реті кеміді. Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы, қазақ тілі грамматикасы мен қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы, қазақ тілі орфографиясының реформаторы, "Қазақ" газетінің Құрылтайшысы және бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі тілдік үдерістің мән-жайы жайлы сұхбат берді.

Автордан

Массагет: Алдымен, Ассаломағалейкум, Ахмет аға!

Ахмет Байтұрсынұлы: Уағалейкумассалом!

Массагет: Аға, сіз осы бүгінгі тілдік әріптеріміздің ауысуына қалай қарайсыз?

Ахмет Байтұрсынұлы: Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, бір әріпті ала қоюы оңай жұмыс емес. Бірте-бірте алып кетуге бірталай уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек. Латын әрпінің қазақ әліп-биінен көзге көрініп тұрған артықтығы болса екен, онда ел көңілденіп, әсіресе сауаттылары қолдап, жебеп, көтермелеп бірдеме етер деп дәмеленер едік. Ондай артықтығы, пайдалылығы жоқ, қайта қазақ әліп-биінен гөрі толып жатқан төмендігі, кемдігі, кеселдігі бар.

Массагет: Тілдегі әріптердің ауысуы әдебиетке қаншалықты әсер етпек?

Ахмет Байтұрсынұлы: Асылы, әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек.

Массагет: Ахмет аға, өзіңіз "Қазақ жазуы" деп атағаныныңызды қарапайым халық "төте жазу" деп кеткенін білеміз. Тіпті оның қолданысы елімізден тыста өмір сүретін 3 млн-ға жуық қандастарымыздың қанжығасында. Ендеше бұл төл жазуымыз мүлде ұмытылмақ па?

Ахмет Байтұрсынұлы: Ұмытылары хақ. 1927 жылы латын әрпіне көшу төңірегінде болған сиезде тілдің толық графикасы мен фонетикасының өзгеруімен қатар, бүгінгі күнге дейін жазылған ұлттық мұраларымызды жоғалтып алу қаупін айтқан болатынмын. Дегенмен, сиез латын әрпін біздің болашағымыз үшін пайдалы деп тапты. Тілдік үдеріс толық енгеннен кейін жазба әдебиетімізді түгендеп латынша басып шығару мүмкін болмайды. Соңсоң, төл әріпті танымайтын ұрпақ оны (мұраны) оқудан қалады.

Массагет: Иә, діңгегі бар озық ой. Қазақтың төл әліп-биінің құрастырушы лингвист ретінде екі әріптің салмақ шамасын салыстырып қарағаныңыз бар ма?

Ахмет Байтұрсынұлы: Иә, екі әріпті теңестіріп, артық-кемін тексеріп өлшеуге салғанда таразыңның табан тірейтін нәрселері баршылық. Мысалы, тіл дыбысына жеткілікті болу немесе болмау жағынан салыстырып қарайсың. Араб әрпінен қазақ әліп-биіне 14 әріпті өзгертпестен, дайын күйінде алдық. 5 әрпіне ереже қосып алдық. Латын әрпінен өзгертпестен алдық дегенде 15 әрпін-ақ алған. Басқалары өзгеріп алынып отыр. Сөйтіп алғанда, 7 әрпі өзгертіп алуға жараған, басқалары тіпті жарамаған соң , "ң" мен "й" дыбыстарына ойдан шығарып, "ө" мен "и" таңбаларын алып отыр. Бұған қарағанда тіл дыбысына жеткілікті болу жағынан араб әрпі артық болып шықты.

Массагет: Ал, сол әріптермен басылған немесе жазылған сөздердің қай-қайсы оңай оқылады?

Ахмет Байтұрсынұлы: Немістің Майман деген профессоры басқа сондай сана заңын тексеріп, тәжірибе жасаған адамдар мынаны байқаған: басылған сөздердің ішінде не төмен, не жоғары сойдиып қатардан шығып  тұрған әрпі бар сөздер немесе үстіне қойған қосымша белгісі бар әріп кіріскен сөздер тез танылып, шапшаң оқылады екен. Айта кетсек, латын әрпімен басылған кітап немесе газетті алып, араб әрпімен басылған кітап немесе газетті алып қарасаң, қайсысындағы сөз әріптерінің әлпі таяқшалар суреттерінің қайсысының әлпіне ұқсайды. Әрине, латындікі жоғары, арабтікі төменгі әліпті. Араб әрпінің ол артықтығы жалғыз баспада ғана емес, жазбада да артық болып тұрады. Өйткені араб әрпімен басылған сөз бен жазылған сөздің арасында айырымы аз болады. Онда оңай оқылса, мұнда да оңай болады.

Массагет: Оныңыз жөн, аға. Тағы басқа өзекті артықшалықтары бар ма? Мысалы, жазу есебіне тоқталып өтсеңіз.

Ахмет Байтұрсынұлы: Болонский деген орыстың тәрбие ғалымы қолдың әлгідей еткенде талмайтыны ұсақ бұлшық еттерінің бітісінен дейді. Менің оған қосатыным - қарды жаюдан жию жеңілірек. Солдан оңға қарай жазғанда қол қардың жайылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын қиындайды. Оңнан солға қарай жазғанда қол қардың жиылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын жеңілдейді. Қол тыныққан есепті болып талмайды. Сонымен қатар, латын әрпімен жазғанда қолдың қимылының бәрі ірі, толық болып отырады. Араб әрпімен жазғанда стенограф жазуымен жазған сияқты қолдың қимылы көбінесе ұсақ болып келеді. Ирегінің ұсақтығы жазуды жеңілдетіп, шапшаң жазуға ыңғайлатады.

Массагет: Түрік жұртының 90%-ы баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жасалған хат мәдениеті бар. Енді латын әріптеріне өз күшіне енсе, ол әріпті үйрету қиындық тұдырмай ма?

Ахмет Байтұрсынұлы: Иә, ол тіпті екі есе, төрт есе қиындық тұдырады. Толықтырсақ, латынның баспа әрпі мен жазба әрпі біріне-бірі ұқсамайды, яғни бір сөзде екі түрлі сурет бар. Біреуін танудың орнына екі-екіден тану керек болады. Мұның аты бір жұмыстың орнына төрт, төрттен сегіз жұмыс деген болады. Арабтікінде ол жоқ.

Массагет: Мұныңыз айқындап көрсетілген дәйек екен. Сонымен, өз сөзіңізді қорытындылай кетсеңіз.

Ахмет Байтұрсынұлы: Қорытқан сөзім былай болсын:

  1. Араб әрпі латын әрпінен жазуға, оқуға оңай. Онысын сауатты адамдардың күндегі ісінің жүзінде көп пайдалы болып шығады.
  2. Сауат ашу жүзінде араб әрпінің қолайлылығы латын әрпінен артық.
  3. Баспа ісі жағынан араб әрпінің ескісі латын әрпінен төмен, жаңасы артық.
  4. Машиналарға орнатуға араб әрпінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық, ескісі де орнатуға келетінін іс көрсетіп отыр.
  5. Араб әліп-биінің әрпі қазақ тілінің дыбыстарына толық жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді. Қазақ емлесі - нағыз оңай, бұқараға қолайлы емле.

Сөйтіп екі әріпті салыстырғанда сап-саз, ап-айқын көзге көрініп тұрған сындары әріп алмастыру мәселесін дәріптеп көтеруге орын жоқтығын көрсетеді.

Массагет: Ахмет аға, талдау кейпінде болған сұқбатыңызға көп рақмет. Қош, сау болыңыз!

Ахмет Байтұрсынұлы: Сау болыңдар!

Сұқбатты дайындаған: Өрісбаев Жолдас

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 13 ақпан 2014, 11:07
Пікірлер
+0
13 ақпан 2014, 11:37

Енді бес жылдан кейін ЕХРО көрмесін абыройлы өткізсек, бір мүшелден соң әліпби ауыстырамыз. Яғни, ұлт болып ұйысып, жұмырықша жұмылып істейтін тірлік аз емес. ЕХРО ел үшін тосыннан келген жаңалық болса, әліпби реформасы талайдан бері талқыланып жүрген тақырып, көпшіліктің көкейінде жүрген арман. Әрине, елдің бәрі бұл шешімді қолдап, қуаттай қоймас. Қарсылықтар болар, бірақ, олардың қарсылығы қолдаушылардың дәлелінің жанында дәрменсіз. Біріншіден, бүгінде біз көз ашқалы көріп келе жатқан кирилл шрифы тіліміздің барлық мүмкіндігін қамти алмайды. Түбі бір түркі баласының тұтастығына сызат түсірді. Өзіндік ерекшелікке ие 9 дыбысты түркі халықтарының әрқайсысы өздігінше белгіліп, нәтижесінде, бір ғана «су» дегенді әркім әр түрлі айтып жүр. Екіншіден, латынды игерсек, шетелдегі қазақтармен арадағы кедергі жойылады. Үшіншіден, санамыз тұрмақ, сүйегімізге сіңген орыс тілінің заңдылықтарынан құтыламыз. «О» дыбысын автоматты түрде «а»-ға айналдырып жіберетін әдеттен арыламыз, «офицер», деп жазып алып, «афицер», деп оқитын кеселден тиыламыз. Қысқасы, тіл ғылымындағы осындай тікенекше қадалып тұрған түйткілдер жойылып, сөзіміз түзеледі. Сөз түзелсе, өзіміздің де түзелер кезіміз алыс емес. Осылайша, өткен ғасырда әліпбиін 3 мәрте ауыстырған қазақ ХХІ ғасырда тағы да таңбасын жаңартатын болды. Бірақ, алдыңғы үш реформа біздің ырқымыздан тыс болса, бұл жолы тәуелсіз мемлекет өзінің таңдауын жасады.
Латын хәрпіне сонымен, 2025-те толық көшетін болдық. Бірден ескертетін дүние, бұл жазу қазақ үшін таңсық емес. 1926 мен 40-шы жылдар аралығында осы бір әлемдік әріпті қолданғанымыз бар.

Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі:
Мұхтар Әуезовтың қаншама мақалалары бар, латын әліпбиімен жазылған. Ахмет Байтұрсыновтың қаншама кітаптары бар, латынмен жазылған.

«Ат айналып қазығын табады», деген бар. Қазақ елі де қайта айналып латын хәрпіне оралмақ. Замана талабы сол. Бұл әліпбиді әлемнің 70%-ы тұтынады. Сол көппен бірге болу үшін де бізге жазу ауыстыру міндеті тұр. Хош, меже - 2025 жыл. Ал, оған дейін не істелінуі тиіс? Ең әуелі әрине, әліпби түзілуі керек. Әлгінде айттық «тарихи тәжірибеміз бар», - деп. Яғни, дайын латын алфавиті де бар, әрі сол қаріпте жазылған мақала, ғылыми жұмыстар да жетерлік. Бәлкім, сол кездегі үлгіні еш өзгертпестен қабылдай саламыз ба?! Әлде, жаңаша әліппе жасаған жөн бе?! Қазір, тіл ғалымдарының талқысында осы тақырып жүр. Небір нұсқалар да түзіліп қойған. Мысал етіп, Әбдуәлі Хайдардың хәріпін айтсақ болады.

Бұл нұсқаны 2004 жылдан бермен «ҚазАқпарат» агенттігі шетелдік қазақтарға хабар таратудағы ресми әліпбиі ретінде қолданысқа жаратып жүр. Әрине, бұл бекіген нұсқа емес. Тиісінше, кемшін тұстары да жоқ емес. Себебі, орыс тілінен енген кірме дыбыстарға да таңба бұйырған мұнда. Ұлттық спецификалық әріптер латынның базасындағы таңбалардан алабөтен. Десе де, бұл нұсқа ең алғашқы болуымен де құнды. Қазір осы нұсқаның соңынан ерген 15-тен астам «ҚазLat» әліпбиі бар. Авторлардың әріптерді түзуіне қарап, оларды екі топқа бөлуге болады.

Әуелгісі «бір дыбысқа - бір әріп» дегенді ұстанады. Бұл әліппе латын базасынан бірді-екілі таңбаларымен артық, әрі онысы ішінара өзгеріске түскен. Мәселен, басында қос нүктесі бар «Öö», «Ää» секілді немесе аяғында құйрықшалы «Şş», «Çç» сияқты. Ал, екінші тараптың ұстанымы, ешбір қосалқы қаріптерді кіргізбестен, ағылшын-латынның базасындағы 26 таңбаны ғана қолдану арқылы қазақ әліпбиін түзу.

Бірінші тараптың дәйегі - қазақтың латынға лайықталған әріптерін түзу барысында, ортақ түркі әліпбиінен ауытқымау. «Латынға көшудің де бір себебі, осы туыстас елдермен жазу арқылы да жақындау емес пе еді?», - дейді. Осы бағытта, бүкіл түрікке ортақ, 32 әріптік әліппе де құрастырып қойыпты.

Шәкір Ыбыраев, Халықаралық Түркі Академиясының президенті:
Бұл ортақ әліпби жүйеміз, сол 34 таңбадан тұрады. Мұны әрбір мемлекет өзіне қабылдасын, деген ұғым емес. Қазір мынау ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың ортақ бір жүйесі ретінде қабылданды. Мұнан кейін біз толып жатқан жазба ескерткіштеріміздің мәтінің осы таңбамен беретін боламыз.

Әуелгіде, түрікке ортақ әліпбиді Әбдуәлі Хайдардың версиясы бойынша жасамақ болған. Яғни, кириллдегі «Ө» әрпі латынға ауысқанда, мынадай «Ö»-ге айналуы тиіс еді.


Шәкір Ыбыраев, Халықаралық Түркі Академиясының президенті:
Бірақ, олар айтты. Жүгіртіп қолымен жазып келе жатқан кезде, қолды тоқтатып қойып, үстіне шығу уақыт алады. Жазып келе жатқанда, жүгіртіп жазып келе жатып, таңбаның үстіне шығу уақыт алады. Сондықтан, әлемде бар тәжірибені қолданайық. Мысалы үшін «ш» келе жатқан кезде, «с»-ны салған кезімізде, біз жүгіртіп жазған кезде, «с»-ны былай, деп кете салған жақсы ма, жоқ, былай жазып отырғанымыз жақсы ма? Алдындағысының құйрығы бар болатын болса, ол өте тез жазуға қолайлы. Болмаса, мынау жаңағы «ң»-ды алайық, «ң»-нын «н» дегені бар. Сосын латын жазбасында, кез-келген компьютерде мына таңба бар екен.

Ал, «латынның базалық 26 әрпінінің аясынан шықпаған абзал», - дейтіндер мынадай дәлелді алға тартады.

Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі:
Біз өзбек, түрікмен қателіктерін ескеруіміз керек. Олар базалық 26 латын әрпінен басқа, өздерінің тілдеріне тән, бірнеше әріп енгізді. Әрқайсысы 4-5 әріп енгізді. Ол латын базасында жоқ. Ондайды мамандар істей алады. Сондықтан, біз 26 латынның базалық әріптерін қолдана отырып, оның бәрін прин деген комп базасында дайындап алып жасадық. Мысалы, Ө мен О ның айырмасы қандай?! Ортасындағы сызықша ғана. Соны прим қоссаң, ә болып оқылады.

«Прим» дегенді былай да түсіндіруге болады. Мәселен, латында Ш дыбысын белгілейтін таңба жоқ. Оны екі әріпті қосарлап, «Sh» деп белгілеуге болады. Ал, біздің «Ә» әрпімізді үстіне ноқат қойып жіберіп, «A'» деп оқуға болады. Қысқасы, бұл әліппенің нұсқасы компьютер пернетақтасына қосымша әріптер енгізуді сұрамайды. «Барымен - базар».

Кирилл әрпі Латын әрпі
Аа Aa
Әә A'a'
Бб Bb
Вв Vv
Гг Gg
Fғ Gh, gh
Дд Dd
Ее Ee
Ёё алып тастау
Жж Jj
Зз Zz
Ии IY iy, Ii
Йй Yy, Ii
Кк Kk
Ққ Qq
Лл Ll
Мм Mm
Нн Nn
Ңң Ng ng
Оо Oo
Өө O'o'
Пп Pp
Рр Rr
Сс Ss
Тт Tt
Уу Uu
Үү Y'y'
Ұұ U'u'
Фф Ff
Хх Hh
Hh алып тастау
Цц алып тастау
Чч CHch
Шш SHsh
Щщ алып тастау
Ъъ- алып тастау
Ыы Yy
Ii Ii
Ээ алып тастау
Юю YU yu
Яя YA ya

Жанат Аймағанов, ABCNеt әліппесінің авторы:
Бұл ABCNеtәліппесі. ABCNеtдеуіміз әліппе деген сөз ағылшын тілінен аударғанда. Nеt ол желі. Қазір көріп тұрсыз, айналамыздың бәрі желі. Телефон болсын, компьютер болсын. Телефонның өзі де желі. Осының бәрі желі. Nеtдейтін. ABCNеt осыған байланысты пайда болды. Және бұл 26 әріптен құралып тұрған соң, кез-келген компьютерде, ноутбукте болсын, кәдімгі IPad-та болсын, барлық жерде істей береді.

Сонымен, латын жазуынан түсіп қалатын таңбалардың тізімі: Щ, Ц, Э, Ь, Ч, В, Ю, Я. Алайда, кей кірме сөздерді жазуға тура келетін болса да, көп қиналмайсың. Мәселен «цирк», дегенді алайық. Ц әрпін TC деп белгілеуге де болады. Сонымен, жаңа әліпбиде ең азы 28, көп дегені 32 таңбамен тәмамдалуы тиіс. Жә, мәселе әріптің санында емес, сол әріптің оқылуында емес пе? Олай болса, қазақ латынды қанша уақытта меңгеріп кете алады? Жанат Аймағанов осыны білмек болып, астаналық бірнеше мектепте ашық сабақ өткізгенін айцтады. Қазір барлық оқу ордаларында шет тілі пәні оқытылады. Мұны бір, деңіз. Бүкіл техниканың ережесі латын хәрпінде таңбаланады. Ол екі. Ең соңғысы, смс-хабарламаларда кириллден гөрі, ағылшын әрпінде жазу үнемді. Ол үш. Сонымен, тәжірибе не болды дейсіз ғой? Ең нашар оқушының өзі 6 сағатта латын хәрпінде еркін жаза алатын болды, дейді.

Жанат Аймағанов, инженер, ABCNеt әліппесінің авторы:
Мен сізге айтайын, 31-ші мектепте кейбір балалар, қазақ мектебінің балалары ғой, бұл әліппені жедел ұғып, тіпті, меніғм өзімді тексеретін болды.

Не керек, латын әрпіне көшсек ұтар тұсымыз көп болады. Руханиятты былай қойып, экономикалық тиімдігін қарайықшы. Жер-су атауларын жазғанда, бүгінгідей үш тілде таңбалаудың қажеті болмайды. Латынша әріпті ағылшын да, орыс та ұғынады. Одан қалса, тарыдай шашылып жүрген, тілі бір, жазуы сан қилы қазақтың бір әріппен түсінісуіне жол ашады. Латын хәрпі қазақ тілін интернет, техниканың тіліне айналдырады. Қысқасы, және бастысы, мақсат айқын, меже белгілі. Енді аталған идеялар аясына ұйыса отырып, жұмыла жұмыс істеу қалып тұр.

Нұрбек БЕКБАУ.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.