Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Шеше #4

Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Шеше #4

Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Шеше #4

Б.Кравченко(Ресей)

Кешқұрым тарта жолым түсіп досымның үйіне бардым. Екеуміз әңгіменің қызығында отырғанда, есік ашылып кетті де, оның кіші ұлы есіктен жылай кіріп: «Шеше, шеше...» деп айғайлай бастады.

«Шешең үйде жоқ, жұмысқа кетті. Саған не болды? Жығылып қалдың ба? Өзің сүрініп кеткен боларсың? Жігіт адам бұған жылай ма екен? – деп сөйлей жүріп, баласын уатқан болды, - бар, енді ойнай ғой!» деді.

Баласы шығып кеткен соң, досым қатты кейіген бейнеде: «Қашан көрсең шеше, шеше деп жүргені! Сен білесің бе, мен кейде, шынымен-ақ қорынып қаламын, ол мені шешесін жақсы көрген сияқты жақсы көрмейтіндей сезінеді, тіпті, осы әке болған біздер, баланың ойында тек оларды ұрып-соғуға ғана жаралғандай көрінеміз ғой деймін. Шындығында, мен оған ойыншық сатып әперемін, еркелетемін ғой. Ал, ол тағы да мені шешесі ғұрлы көрмейді. Өзің айтшы, бұл не үшін?»

Мен иығымды қиқаң еткіздім де: «Егер үйде шешесі жоқ болса, ұлың сөз жоқ әкелеп жүгірер еді» дедім мен.

«Солай, - деді досым мені қостай сөйлеп, - өзім жасымнан шеше көрмей өстім. Сондықтан, менің есімде тек әке деген атау бар».

Мен досыммен қоштасып, кетуге жиналып жатқанда, әйелі жұмыстан қайтып келді. Кіші шешесіне барып сап ете қалып, жіберер емес. Ол шешесіне жаңағы болған істерді, өзінің қалайдан-қалай жығылып қалғанын, қалай ауырғанын, өзінің қайтып жылағанын бір-бірлеп айтып шықты. Шешесі баласының басынан сипап, жығылғанда жер сүріп кеткен қолын үрлеп-үрлеп қойды және оны сүйді. Досым қабағын түйе оларға қарап тұрды да: «Қарашы, шешелі-балалы екеуінің жайы жараса қалды...» деп қомпылдады.

Біраз күннен кейін досым жұмыс үстінде сатыдан құлап жараланды. Біз оны көтеріп, демалыс бөлмесіне әкеліп, жедел жәрдем көлігін шақырдық. Досым сол сәттерде ауыз жаппай «Шеше, шеше!» деп зарлап жатты.

Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Ғимараттан құлаған бозбала #1

Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Қабірстандағы ғажайып кездесу #2

Ғасырдың таңдаулы әңгімелері: Чемпион да қаралық істейді #3


Аударған: Шолпан Қазез

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: flickr.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 23 қаңтар 2014, 12:44
Пікірлер
+0
23 қаңтар 2014, 14:19

әкені шешені жақсы көргендей қатты жақсы көрмейтініміз НЕЛІКТЕН ЕКЕН?

+0
23 қаңтар 2014, 15:19

"Әкенің жақындығы жездедей".

+0
23 қаңтар 2014, 17:06

Ананың орны қашан да бөлек

+0
23 қаңтар 2014, 23:03

Білмеймін, мен үшін әкем шешемнен де жақсы көремін. Ол көп сөзі жоқ кісі еді. Өзінің орысша айтқанда "присутствиесімен" үлгі болатын адам еді. Қалай айтсам екен, өз болмысымен-ақ саған бар шапағаты мен мейірімін төге білуші еді. Мен кейде бірге оқыған қыздардың әкелеріне деген өкпесін естігенде:" Ой, тоба, қалай әкесі туралы осылай айтады екен?!"- деп, таң қалушы едім, мен үшін барлық әке менің әкемдей болады екен деген түсінікте болатынмын ол кездерде. :lol:

+0
23 қаңтар 2014, 23:05

"мен әкемді шешемнен де жақсы көремін" деп оқыңыздар.

+0
24 қаңтар 2014, 11:59

Бұл жерде кімді кімнен көбірек жақсы көру жайлы айтылып отырған жоқ. Баланың ең бірінші Анасын іздейтіні жайында. Жан қиналғанда, қуанғанда не қорыққанда қалап, қаламай ең әуелі Анамызды іздейтініміз - табиғаттан. Ал, жақсы көру - бөлек....

+0
26 қаңтар 2014, 21:09

Ешқашан ата-анамды салыстырып көрмеппін,Екеуіде жүрегімде бірдей орын алған.Бірақ әкеміз әрдайым біз үшін жұмыс жасап,көп уақыт үйде болмайтындықтан анама бауыр-басып қалғам,Дегенменен де ананың орны бөлек адам ғой

+0
26 қаңтар 2014, 21:42

Менде әке деген түсінік жоқ. Анам менің әкем де, анам да.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.