Қалам тартудың 17 құпиясы

Қалам тартудың 17 құпиясы

Борхес әдебиеттегі қателіктерді жасап барып қана мықты жазушыға айнала алған. Ал сіз енді-енді қалам тербеп жүрген болсаңыз, несіне қысыласыз?! (өзіңізді бірінші курстың студентіндей сезініңіз. Бірінші курстың студенттеріне бәрі жарасымды, бәрі кешіріледі). Жазыңыз, оқыңыз - екеуі де автор үшін өте-мөте қажетті дүниелер. Күндіз жарық дүниеге шығып, түнде жазу үстелінің алдында сол адамдарды таныңыз. 

Бүгін біз қаламгерлердің құпиясымен бөліскіміз келіп отыр. Қаламгерлер жазушылыққа қалай келді десек, ең алдымен олардың ұстанған бағыттары қызықтыра түсері анық...

Генри Миллер өзінің шығармаларын жаза отырып, белгілі бір тәртіпке, ережелерге бағынған. Мәселен, ол көңіл-күйге қарап жазбау керектігін, жоспар бойынша тәртіпті сақтап, жаза алмаған уақытта оқу керек деген ұстанымды ұстанып өткен жан. Ал Нобель сыйлығының лауретаты Джон Стейнбек болса маңызды делінген нәрсені ғана айтуды, (1975 жылы берген сұхбатында) көз алдыңызға таныс бейнені немесе әлдекімнің бейнесін әкеліп, сол оқып жатқандай әсерді алып, жалдымдықпен тез жазып шығыңыз деген. Сосын тағы да ол бір жерлерінде жаза алмай қиналып жатсаңыз, кейінге қалдырып кетіңіз депті. Артынан не керектігі, қандай ой салудың қажеттігі түсінікті болатын көрінеді.

Очерк пен әңгіме жазудың хас шеберіне айналған американдық жазушы Курт Воннегут кейіпкерді аямау керектігін және әрбір кейіпкер бір нәрсені талап ете алатындығын, ең бастысы, оқырманның уақытын ұрламай яки тағдырлы бір кейіпкер болса да жасап шығару жөн деп ескерткен. 

Бұл тұста өмірі аңызға құрылған, әдебиеттен өз орнын ойып тұрып алған Джек Керуак та өз құпияларымен бөліскен екен: кез келген сезімге кіретін де, шығатын да жол бар, басыңызды қайнап жатқан ойларды сол қалпында жеткізіңіз және әрқашан өзіңізді "мен - данышпанмын" деп ойлаңыз. 

 * * *

1. Үздік ойларды, не болмаса тапқырлықты кейінге қалдыруға болмайды. Басынан жақсы жазсаңыз, жақсы аяқталады. 

2. Өнер табиғатының ережесі - шығармада қарама-қайшылық орын алсын. 

3. Жазушының бірінші міндеті - көңіл көтеру (екі мағынада). Оқырмандардың баяндау мен абстрактілі философиядан қызығушылықтары төмендейді. Олар бір қызықты қалайды. Бірақ, көңіл көтере отырып, олар еш нәрсеге үйренбесе, онда өздерін алданып қалғандай әсерде қалады.

4. Көрсету керек. Әңгімелеу мен біржақтылықтың қажеті шамалы.

5. Ішкі дауыс бәрінен маңызды. 

6. Оқырман қарым-қабілетіңізге назар аудармайды. Оқырман "Жазушы болу үшін не істедіңіз, қалай жеттіңіз?" деп емес, "Шығарма қаншалықты жақсы жазылған" - деп қарастырады.

7. Абзац, сөйлем, сөз тіркестері, сөз, тақырып - сіздің жұмысыңыздың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бұлар авторға түр-реңк беріп, оқырман алдында қолбасшы жазушы екеніңізді танытады. 

8. Танылғыңыз келсе, жазбаңыз дау-жанжал тудыра алсын. Ол тұста оппазициялы сапалы көзқарас пен асыл тіркестер өз мәнін атқарады.  

9. Әр құрылымдағы, әр түрдегі сөйлемдерді түсіріп көріңіз. Баяндау мен экспозиция, диалогтардың үйлесімін жасаңыз. 

10. Сөзге абайлап қараңыз. Бір сөздің өзі йод тамшысы секілді, қолжазбаңыздың түр-түсін өзгертіп жіберуі мүмкін.

11. Шығармада кез келген заттың оқиғаға бір қатыстылығы болсын. 

12. Қақтығыстарды өзгеше бір шешіммен аяқтап көріңіз. Кейіпкерлер міндетті түрде бақытты бола бермеуі тиіс. 

13. Қатесін тексеріңіз, дұрыстаңыз. Бірінші мүмкіндіктен бірден жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. 

14. Таптаурын болған сөз тіркестерінен қашыңыз. 

15. Әрбір сөйлемге ерекше құлық салыңыз. Жинақы болыңыз. Хэмингуэйдің бірінші редакторы оған төмендегідей ескертпелер жасаған: "Қысқа сөйлемдерді пайдалыныңыз. Қысқа абзацтарды қолданыңыз. Позитивті болыңыз". 

Кейін Хэмингуэй осы бір кеңестерге былай деп тіл қатқан екен: "Бұлар мен бұрын-соңды естіп білмеген, жазушылыққа бастайтын алтын ережелер екен". 

16. Мәтінде толық түсіндіре аламын десеңіз, түсіндіре аласыз. 

17. Жақсы жазу үшін арнаулы ереже жоқ. Кімде-кім жетістікпен ережелерді бұзар болса, нағыз суретшіге айналмақ. Бірақ, алдымен ережелерді үйреніп, меңгеріп алған дұрыс. Білмес нәрсенің табалдырығына аттап кетуге болмайды. 

Автор: Фараби Арыстанбек

Сурет: matometrix.com

Л. Лига