Фернандо Соррентино. Борхеспен болған 7 кеш

Фернандо Соррентино. Борхеспен болған 7 кеш

Әдебиеттегі ең ықпалды оңтүстік америкалық жазушы әрі ақын Хорхе Луис Борхес 55 жасында көруден қалады, бірақ, шығармашылық ғұмырын тоқтатпайды. 1972 жылы әдебиетші Фернандо Соррентино Борхеспен жеті кешті бірге өткізіп, оның өмір жайлы ойлары мен шығармашылық турасындағы ой-толғамдарын жазып алады. Солардың бір парасын ұсына кетсек дейміз.

* * *

Ең алғашқы жолды түсірерден бұрын мен өзімнің белгісіз бір мистикалық түрде әдебиет үшін жаратылғанымды түсіндім. Ол уақытта не білуші едім - оқырман болудан өзге де маңдайыма автор болу жазылған еді – олардың бірін екіншісінен басым деп айта алмаймын.

Әкем маған қалай жұмыс істеу керек екені турасында ақыл-кеңес берді. Ол көп жазуды, көп сызуды және алды-артыма қарамай баспаға жүгіре бермеу керектігін ескертті - сол себепті, менің бірінші жариялаған «Буэнос-Айрестегі аптап» романым шын мәнінде менің үшінші кітабым болып табылатын.

Жазушының жұмысы - еріншектіктік жемісі. Оның жұмысы шындап алғанда қарбаластан арылып, өзге бір нәрсені ойлап, өзінің жеке арманын, оның ішінде ұйқыға елтіп кетпей, бірақ, қиялдан алыста көре алуы... Менің ойымша, жазуы артық немесе кем шығып жататын жандар мұны ауыр жұмыс деп есептемейді - олар үшін бұл дұрысы интеллектінің қозуын жоққа шығармайтын көңіл көтеру - мәселен, интеллектінің қозуын жоққа шығармайтын шахмат ойыны секілді.

Кез келген жас адамға классиканы біліп үйренуін және әр уақытта заманауи болып көрінуге тырыспауын кеңес етер едім, өйткені, ол жас адам онсыз да уақытқа сай келіп қойған. Өзге дәуірдің адамы болып көрсін, классикалық жазушы болып көрсін, өйткені, XXI ғасырдың адамы бола тұрып, өзге дәуірдің адамы болу еш күмәнсіз мүмкін емес.

Мен елу жастан кейін де үмітті жоғалтпау керектігіне сенемін. Оның үстіне, адамдар өз қателіктерінен сабақ алады, дұрыс қой? Ойлауымша, мен бүкіл әдебиеттегі қандай да бір болмасын барлық қателіктерді жасағам және барлығы ақырында жетістікке жету үшін орын алып келген. Жазушылықтың ой-парқын артық-кем дұрыс әрі жинақы түсінуім үшін маған жетпіс жасқа толу қажет болыпты.

Автор оқырманды ойламауы қажет. Бұл абсурдтық ой: адам қалай жақсы немесе жаман жаза алмақ, егер ол оны кім оқиды деп ойлайтын болса?

Жазушыны әрқашан үздік бет парақшалары үшін сын талқыға алып тұру керек.

Өзімнен кейін қандай образ қалдыратынымды көз алдыма келтіре алмаймын, ал бұл елеулі, мүмкін ақын жұмысының ең маңызды бөлігі болар. Маған мейіріммен, енжарлықпен немесе жылылықпен қарайтынын білмеймін.  Мен үшін қазір маңыздырағы, мен не жазамын немесе не жазатыным. Менің ойымша, жазушылардың көпшілігі өздерін осылай сезінеді. Альфонсо Рейес айтқандай, біз өзіміздің кітаптарымызды ғұмыр бойы оларды редакторлықтан өткізбеу үшін жариялайды екенбіз: біреу кітапты артта қалуы үшін шығарады, ал біреу - оны ұмыту үшін.

Аударған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига