- Негізгі бет
- Көкжиек
- Жалаңаяқ жүрген Толстой...
Жалаңаяқ жүрген Толстой
Лев Николаевич Толстой 1828 жылы 9 қыркүйекте Ресейдің Тула облысындағы Крапивенск уезінде дүниеге келген. Лев бала кезінен намысқой және мақсаткер болып өседі. Ол өз қоғамының алдыңғы қатарында жүруді қалайды, бірақ оның табиғи ұялшақтығы кедергі жасайтын. Болашақ жазушы Қазан университетінің әуелі шығыстану, кейін заң факультеттерінде оқыған. Ол ағылшын, француз, неміс тілдерін еркін меңгеріп, чех, поляк, серб, итальян, грек, латын, украин, татар тілдерін білген, қосымша ежелгі еврей, түрік, голланд, болгар тілдерін білген. Ұлы ойшылдың ғұмыры қиындықтарға толы болды.
«Кешегі күннің тарихы», «Помещиктің таңғы тірлігі» әңгімелерінің, «Балалық», «Ересектік», «Севастополь әңгімелері» автобиографиялық трилогияның, «Казактар», «Альберт», «Тәубаға келу», «Мен дінге қалай сенемін?», «Иван Ильичтің өлімі», «Крейцер сонатасы», «Пері», «Қажымұрат», «Жалған қағаз», «Балдан кейін» повестерінің, «Отбасы бақыты», «Орыс помещигінің таңғы тірлігі», «Арылу» романдарының, «Соғыс және бейбітшілік», «Мың сегіз жүз бесінші жыл» роман-эпопеяларының, «Әліппе», «Жаңа әліппе» еңбектерінің, «Анна Каренина» психологиялық романының, «Қараңғылықтың өкімі», «Тірі өлік» драмасының, «Тәрбие жемістері» комедиясының авторы.
9 қыркүйек – Лев Толстойдың дүниеге келген күні. Осы күні ағартушы өмірінің ең қызықты тұстарымен таныстыра өтуді жөн көріп отырмыз.
Толстойлардың отбасы өз бастауын 1351 жылдардан алады. Лев Николаевичтің атасы Петр Андреевич Толстой Бірінші Петрдің билігі кезінде құпия канцелярияның басшысы болған. Ол Ресей империясында жақсы қызметі үшін граф лауазымын алғандардың алғашқысы екен.
Анасы екі жасқа толмай жатып қайтыс болады.
Лев Толстой жас кезінде құмар ойындарға әуес болған. Бір күні өзінің көршісі Гороховпен карта ойнап, иелігіндегі үйден ұтылып қалады. Бұл үйде Лев туып-өскен болатын.
Лев Толстой танымалдылықты және өзінің көрнекті шығармаларына арқау болуды ұнатпаған. Ол 1871 жылы Фетке жазған хатында былай деген: "Соғыс" секілді түкке тұрғысыз көп сөзді дүниелерді енді жазбайтындығыма бақыттымын...".
Кавказ соғысына қатысып, Севастополь қорғанысында болған. Ерлігі үшін бірнеше орденьдермен, медальдармен марапатталады.
Толстойдың "Царство Божие внутри вас" сынды еңбектерінде көрсетілген басқыншылыққа қарсы идеялары Үндістандағы ұлттық қозғалысты басқарып, 1947 жылдары Англиядан бейбіт бөлінуге қол жеткізген жас Махатма Гандиге өте қатты әсер еткен.
Халыққа жақын болу үшін (басқа деректерде денсаулықты нығайту үшін делінеді) қартайған шағында Лев Толстой жалаң аяқ жүрген екен.
Толстойдың жанұясында 13 бала туылған. Оның бесеуі бала кезінде қайтыс болады. Әйелі өзінен 16 жас кіші болған. Яғни, олар шаңырақ көтергенде Софья 18-де, граф 34-те еді.
Толстой өзінің болашақ әйелі София Андреевна Берстің анасымен достық қатынаста болады да, Берстің үш қызының қайсысына үйленетіндігін білмей, біраз уақыт таңдап жүрген.
Әйелі жазушының наным-сенімдерімен келіспеген, сондықтан, олардың аралары суып кетеді.
Ең танымал үш шығармасы – "Соғыс және Бейбітшілік" ("Война и Мир"), "Анна Каренина", "Жексенбі" ("Воскресение").
Лев Николаевич Толстой ет жемейтін адам болды. Ол өмірінің соңғы жылында, яғни 1910 жылы "сексен жылдан кейін барлық адамдар вегетариан болады, олар ет жеуге адам жеген секілді жиіркенішпен қарайды" дегенді айтып, сөзінің ақиқатқа айналатынына үміттенген.
Жазушы тек қана "салмақты" шығармаларды емес, «Әліппе», «Жаңа әліппе» сынды бірнеше буын оқып келе жатқан балаларға арналған еңбектер жазды.
Лев Толстой Тургеневпен таныс болған. Алайда, олар достық қатынаста бола алмады. Арадағы кикілжіңнен кейін бірнеше жылдардан бері сөйлеспейді, тіпті, дуэльге дейін баруға шақ қалған.
1857 жылдары Толстой шетелге аттанады. Ол Германия, Франция, Швейцария, Италия сынды көптеген еуропалық елдерді саяхаттайды да, күзде Мәскеуге оралады. 1859 жылдары өзінің туған жерінде балаларға арналған мектептер ашады. Ол жаңа мектептерге Еуропалық білім жүйесін енгізуді жөн деп табады.
Толстой қартайған шағында әйелімен айырылысып саяхатқа шығады да, сапарда қайтыс болады. Жер ауыстырып жүргенде Толстой қабынумен ауырып қалады. 1910 жылдың 7 қарашасында Астапово станциясында (станция бастығының үйінде) көз жұмады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: e-reading-lib.com, buzina.org