Аңқаулықтың кесірі (венгр ертегісі)
Екі қонжық бір кесек ірімшік тауып алыпты. Олар бұл ірімшікті бөлісе алмай дауласып дал болыпты. Қанша сындырса да, ірімшік тең бөлінбеген секілді болып көрінеді.
– Маған беріңдер, мен бөліп берейін, – дейді мұны сырт тай бақылап отырған қу түлкі. Сөйтеді де, ол ірімшіктің бір кесегін қолына алып, екіге қақ бөледі.
– Біреуі үлкен, біреуі үлкен! – деп айқайласады қонжықтар. Түлкі оларды:
– Қазір теңестіремін, балақайлар, – деп тыныштандырады. Ол үлкенірек көрініп тұрған ірімшік кесегінің бір шетін сындырып алып, аузына салып жі береді. Енді ірімшіктің келесі бөлігі үлкен көрінеді. Қонжықтар наразылық білдіріп, тағы да:
– Әлі тең емес, – деп шуласа жөнеледі.
Түлкі саспайды. Үлкен дегенін тағы сындырып алып қарбытып жібереді. Сындырылған ірімшік кесектерін кезек-кезек жеп отырып түлкі тойып алады. Әу баста шынында да үлкен ірімшіктен тұра-бара кіп-кішкентай кесектер ғана қалады.
– Кішкентай болса да тең! – дейді түлкі қарқылдай күліп. – Астарың дәмді болсын!
Ол солай дейді де, жорта жөнеледі. Қонжықтар соңынан ауыздарын ашып қарап қалады. Аңқаулықтың әр кезде де осылай кесірі тиеді.
Орыс тілінен аударран
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ